15 қыркүйек күні Қазақтың белгілі ақыны Қайрат Әлімбектің құрметіне қойылған Алматы – Талдықорған күрежолы бойындағы құлпытас күреліп кетуі мүмкін екенін (сілтеме: Ақын Қайрат Әлімбектің құлпытасын күреп тастауы мүмкін) айтып, «Алаш айнасы» басылымы дабыл қаққан еді. Бүгін ақынның бірқатар достары Шеңгелді ауылына барып, ескерткіш тасты жаңғыртты. Бұл хабарды тілшімізге Шеңгелді ауылының тұрғыны Бақытжан Атагелдиев хабарлады.
«Сіздердің сайттарыңыз мәселе көтергеннен кейін қозғалыс басталды. Бүгін қазаққа белгілі екі ақын Бауыржан Жақып пен Қадірбек Құныпияұлы Шеңгелдіге келіп, құлпытасты 15 метр жерге жылжытып, биіктеу төбеге қойғызды», – дейді Бақытжан Атагелдиев.
Естеріңізге саламыз, бұл құлпытас осыдан сегіз жыл бұрын Алматы – Талдықорған күрежолының бойындағы Шеңгелді ауылының маңында орнатылған болатын. Өйткені, қазаққа белгілі ақын Қайрат Әлімбек 2006 жылдың 23 қыркүйегінде туған жері Қараталдан Алматыға келе жатып, дәл осы жерде, яғни Шеңгелді маңында көлік апатына ұшырап, көз жұмған-ды.
Қазір Алматы – Талдықорған арасындағы тас жолда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол кеңейтіліп жатыр. Сол себепті құлпытас жаңадан салынып жатқан күрежолының дәл ортасында қалып қойған болатын.
Ақын Қайрат Әлімбектің құлпытасы жаңғыртылды
Последние статьи автора