«Ақылды қаланың» халқы үнемшіл болуы шарт

«Ақылды қаланың» халқы үнемшіл болуы шарт

Болашақта Астана қаласының халқы бүгінгі жаңа технологиялардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Себебі Smart Astana («Ақылды қала») жобасы аясында елорданың инфрақұрылымдық жүйесі жаңартылып, барлық мекемелер мен кәсіпорындарды бірыңғай коммуникациялық желіге қосу арқылы астаналықтардың өмірін барынша жеңілдету жоспарланып отыр. Осыған орай, кеше елордада өткен Smart Astana – 2011 конференциясында бұл бастаманы іске асыру барысы жан-жақты қаралды.

Үйде үнемді болу қажет
Жоспарға сәйкес Smart Astana жобасы үш кезеңде жүзеге асады. Алдымен оның бағдарламасы әзірленеді. Онда нақты жобалар мен іс-шаралар картасы көрсетіл­мек. Осыдан кейін бизнестің қатысуымен қа­ланың инженерлік-коммуникациялық нысандарын жаңартып, бірыңғай желілік жүйені іске қосу арқылы e-әкімдік, e-меди­цина, e-білім беру, e-көлік, e-төлем сияқты әлеуметтік маңызы бар электрондық қыз­мет­терді барынша дамыту жоспарланып отыр. Ал соңғы үшінші кезеңде қала тұр­ғындарын энергия көздерін үнемдеуге үндеу жұмысы жан-жақты жүргізіледі. Себебі бұл – «Ақылды қаланың» басты ерек­­шелігі. Әзірше Smart Astana бастама­сының мерзімі белгісіз. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, оған кем дегенде 10-15 жыл қажет. Ол уақыттың басым бөлігі халықтың менталитетін өзгертіп, барлық ресурстарды үнемді пайдалануға үйрету жұмысына жұмсалады екен. Сол себепті қала тұрғындары бұл мәселеге қазірден бастап ерекше мән беруі қажет-ақ.
Оқушылар «электронды куәлік» ұстайды
Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің хабарлауынша, Smart Astana бастамасы аясындағы кейбір жобаларды биылдың өзінде іске қосу жоспарланып отыр. Мәселен, сымсыз байланысты барынша дамытуды көздейтін Open Wi-Fi жобасы аясында келесі жылға дейін қаланың барлық қоғамдық орын­дарында интернет желісі іске қосылады. Ал е-жәрдем жобасына сәйкес, жедел меди­циналық жәрдем қызметінің 64 көлігін ақпараттық-навигациялық кешенімен қамтамасыз ету көзделген. Ол кешенде қажетті мекенжайға дейінгі қысқа жолды көрсететін GPS құралы, IP телефон бай­ланысы және фельдшерге қажетті элек­тронды-медициналық анықтамалық бар. Бұл жоба алдағы желтоқсан айында іске қосылады. Сондай-ақ алдағы уақытта Ас­та­нада 3D орталығын ашу жоспарда бар. Ал «Болашақ мектебі – бүгін» жобасы ая­сында мектеп оқушыларына «электронды куәліктер» берілетін болады. Ол үшін арнайы пластикалық карттар шығарылып, оған шәкірттің аты-жөні және басқа да жеке ақпараты енгізіледі. Болашақта бала­лар оны төлем картасы және қоғамдық кө­лік­­терде жол жүру құжаты ретінде пайда­лана алады. «Келешекте Астананы жас қа­ла ретінде ғана емес, ақылды қала ретін­де де кеңінен танитын болады деген сенім мол», – дейді И.Тасмағамбетов.
Әлемде «ақылды қалалар» көп
Бүгінде дамыған елдердің басым бөлігі «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыруда. Мәселен, Корея Нью-Сонгдо деп аталатын жаңа қаланы салып жатыр. Әлем бойынша теңдесі жоқ бұл шаһар толығымен электро­ника арқылы басқарылады. Былайша айт­қанда, Нью-Сонгдо тұтас бір компьютер сияқты болмақ: барлық ғимараттардың арасында байланыс орнатылып, бірыңғай мәліметтер базасы ашылады. Ал қажетті коммуналдық төлемдер мен дүкендегі есептесу операциялары, тіпті үйдің есігін ашып-жауып, жеке автокөлікті іске қосу бір электронды смарт-карта арқылы ғана жүзеге асады. Шетелдік инвесторлар осы «ақылды қаланың» құрылысына 25 млрд АҚШ долларын салуға мүдделі. Сол сияқты Нидерланды елі де өз астанасы – Амстер­дамды «ақылды қалаға» айналдырып, энергия көздерін үнемдеу арқылы ел экологиясын барынша сақтауды көздеп отыр. Ал Сауд Арабиясы осындай алты бірдей қаланы тұрғызуға ниетті. Әрбір қаланың құрылысына 25-100 млрд сауд риалы салынады.
Сонымен, алдағы уақытта Астана «ақыл­­ды қала» мәртебесіне ие болуды көз­деп отыр. Әрине, оған елорданың бүгінгі инвестициялық әлеуеті жетеді. Мемлекеттік органдардың қызметін барынша ақпа­раттандыру жұмысы да ойдағыдай атқары­лып келеді. Дегенмен өндірістік кәсіп­орындардың инновациялық қауқары әлі де төмен болып тұр. Ресми мәліметке сәй­кес, оның орташа деңгейі 2,4 пайызды құрап отыр. Дамыған елдерде бұл көр­сеткіш 50 пайыздан асады. Ал, ең бастысы, астаналықтардың инновациялық білімін жан-жақты көтеру қажет. Сонда ғана бүгінгі Астана, шын мәнінде, арман қалаға айналады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста