Ақтөбеде қысқа балақты ер адам 12-14 жастағы өгей қыздарына шешіндіріп массаж жасаған. Бұл оқиғаны қыздардың шешесі полицияға хабарлады деп жазады NUR.KZ порталы.
Сенімді дереккөзінің хабарлауынша, өткен аптаның соңында орамал таққан келіншек Елек полиция бөлімшесіне келіп арыз жазған. Дін жолындағы әйел адам 12-14 жастағы қыздарын күйеуі шешіндіріп тастағанын айтып, көмек сұраған.
Үйде өгей қыздарымен жалғыз қалған ер адам кәмелеттік жасқа толмаған екі қызды шешіндіріп, денелеріне массаж жасаған. Оқиғаны қыздар үйге келген шешелеріне айтып береді. Кейін күйеуі әйелін тастап қашып кеткен.
Келіншек полицияға күйеуінің дін жолын берік ұстанатын сақалды жігіт екенін сипаттап, көмек сұраған болатын. Арыз жазылған күні полиция қызметкерлері массаж жасауға құмар ер адамды таба алған жоқ.
Әйел адам ертеңіне келіп, арыз жазудан бас тартып, шағымын алып кеткен.