Ақтөбеде имам мен исламтанушыны тыңдаған төрт келіншек никабын шешті

Ақтөбеде имам мен исламтанушыны тыңдаған төрт келіншек никабын шешті

Ақтөбе облысының ауылдарын аралап уағыз жүргізген Арман Қуанышбаев пен Нұрлан Асановтың кездесулеріне қыз-келіншектер де көптеп жиналды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
«Арман Қуанышбаевты Ақтөбеге арнайы шақыртып, бірнеше кездесу өткіздік. Жиырма шақты әйел адам жиналған үйде уағыз тыңдаған төрт қарындасымыздың никабын шешкенін естідік. Ол басын ораған орамал емес, тек бетін жапқан никабты ғана шешті. Қарындастарымыз никабтың дәлелсіздігін түсінді», - дейді Нұрлан Асанов.

Арман Қуанышбаевтың «Қоныс» спорт сарайында бірнеші мыңға жуық халықпен өткізген кездесуі кезінде қыздардың киіміне қатысты сұрақтар көп болған еді.

«Әжем қара орамал тағуыма рұқсат бермейді. Айтуынша, қара түс жамандық белігісі дейді. Күнделікті қара орамал тағып жүруге не деп айтасыз?», - деген ақтөбелік бойжеткен исламтанушыға қара түсті никаб киіп жүргісі келетінін айтқан еді.

«Негізі исламның реңі не?» десе Пайғамбарымыз «ақ» деген, «жәннаттың реңі жасыл» деген. Қалған реңге қатты қараған емес. Сіз әйеліңізді аппақ қылып киіндіріп қойсаңыз да, қап-қара қылып киіндіріп қойсаңыз да көптің көзінен жасыра алмайсыз. Қасынан киіммен өтіп бара жатқан қызды көзімен ұзатып салады. Сондықтан қарапайым, адамдар киіп жүрген түсті пайдалану керек»,- дейді Арман Қуанышбаев.

Исламтанушы көпшіліктің қара түсті киім киген қыздарды қара қарғаға ұқсататынын да айтып кеткен еді.
 nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста