Ақтөбеде бір ауыл жан өзен суын ішіп, өзек жалғап отыр

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының орталығынан 150 шақырым жердегі Жайсаңбай ауылының тұрғындары айдың-күннің аманында ауызсудан тапшылық көріп келеді. Бұрын ауыл іргедегі Торғай өзенінің суын ішіп отыр еді. Ал соңғы жылдары Торғай тартылып, тұрғындардың мәселесі әбден ширығып кетті.

Жайсаңбай облыстың ең шалғай ауылдарының бірі саналады. Ауыл Ырғыз бен Торғай өзендерінің қосылатын тұсында. Осыдан төрт жыл бұрын жайсаңбайлықтардың ауызсудан қиналып отырғанын көзімізбен көргенбіз. Тұрғындар өзеннен шелектеп су тасып ішетін. Оның санитарлық тазалығына алаңдап, кірпиязданып отыруға жағдай жоқ. Қазылған құдықтан су шықпайды. Қашықтан ауызсу таситын көліктер де көл-көсір шығынға ұшырайтындықтан соңғы кездері сап тыйылған. Ал былтырдан бері мәселе одан әрі ушыға түсті. Өйткені қосылып ағып жатқан терең өзендердің суы құрдымға кетіп, құрғап қалды. Қос дарияның суы сіңіп кетіп жатқан жерді тұрғындар атына сай Құрдым деп атап кеткен.

– Мүлдем қаңсып қалдық, – дейді Жайсаңбай ауылдық округінің тұрғыны Қатия Баймаханова. «Ауызсу болады» деп әкімдердің уәде бергеніне бес жылдың жүзі болды. Әбден қиналып біттік. Осы басшылар не ойлайды екен?! Жерден су шықпайтынын түсініп, өзеннен ащы су ішіп келдік. Қазір ол да жоқ. Бізге таза ауызсу таситын көлік қатынаса, болмаса ауылымызға құбыр тартса екен дейміз.

Ауызсу мәселесі – Жайсаңбайдың ғана емес, Ырғыз ауданындағы басқа да көптеген елді мекеннің осал тұсы. Ырғыз ауданының әкімі Мейірхан Дуанбековтің айтуынша, тіршілік көзінен тапшылық көріп отырған ауылдарға су тарту ісі біртіндеп оң шешіліп келеді. Аудан әкімінің сөзі рас болса, ұзақ жылдар бойы өздерін тұйықта қалғандай сезініп келген жайсаңбайлықтар келер жылы-ақ құбырдан таза су ішуге қол жеткізе алады-мыс.

Мейірхан Дуанбеков, Ырғыз ауданының әкімі:
– Жайсаңбай ауылдық округіне «Ауыз су» бағдарламасы бойынша, жалпы құны 325 млн теңге болатын құбыр тарту жұмысының техникалық-экономикалық негіздемесі жасалды. Дайындалған құжаттар үкіметке ұсынылып отыр. Егер үкімет бұл мәселеге бюджеттен тиісті қаражат бөлуді шешсе, алдағы жылдары Құмтоғай және Жайсаңбай елді мекендеріне ауызсу тартылады. Ал биыл біздің ауданда Қызылжар ауылдық округіне ұзындығы 28 шақырым болатын құбыр тартылды. Соның арқасында Құрылыс елді мекенінің тұрғындары ауызсуға қол жеткізді. Бұған қоса, биыл Ырғыз ауданы орталығындағы су жүйелері жаңартылды. Енді осы жылдың аяғына дейін бітіруді жоспарлап отырған бір жобамыз бар, ол – Айырқызыл-Тельман-Коминтерн су құбырының құрылысы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста