"Ақтөбе-Алматы" пойыз жолаушылары төсек орыннан қандала тауып, оны видеоға түсіріп алған. Бұл видео Instagram-дағы zello.aktobe паблигінде жарияланды. Бірақ "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы аталмыш фактіні растамады деп хабарлайды NewTimes.kz" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Видеодан қандаланың "Жолаушылар тасымалы" тауарбелгісі бар төсек орнының үстінде жүргенін көруге болады.
Түсіріп тұрған адам "Ақтөбе-Алматы" пойызында кетіп бара жатқанын айтқан.
Алайда "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы пойызда уақытылы дәрілеу жұмыстары жүргізілетінін алға тартқан.
"Басқа жолаушылар тарапынан шағым түскен жоқ. Біздің пойыздарда қандала жоқ, себебі біз ай сайын дезинсекция және дератизация жұмыстарын жүргіземіз. Келесі рейске пойызды дайындаған кезде залалсыздандыру жұмыстарын жүргіземіз. Қандаланы анықтаған жағдайда талаптарға сай шара қолданамыз", - деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.