Ақсақалдарымыз ұсақталып бара жатқан жоқ па?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Табиғаты тамаша, таудың етегіндегі осы ауыл кезінде аузы дуалы, сөзі уәлі ақсақалдарымен мақтанатын. Тентегін тиып ұстап, бұзақыларын бұғаулап, ауылдың  жаман атын шығармауға барын салатын. Ол кездің ақсақалдары қандай еді, шіркін... Аппақ ақ күмістей сақалдары омырауын жауып, жүздерін әжім әшекейлеген қариялар қырдың үстінде салиқалы сұхбат құрып отыратын. Бүгінігінің шалдарындай өкіметті жамандау емес, елдің, ұрпақтың болашағы болатын айтатындары. Кімнің үйі қара жамылса, кем кетігі білінсе ел болып, жұрт болып көтеріп алатын. Күрмеуі кертілмеген мәселе деген болмайтын ол кезде. Бәрі де ақсақалдардың алқалы жиынында шешілетін... Ауыл біткен бір нәрсе істерде ойланып «үлкендер не дер екен?» деп аяқ тартып тұрар-ды.
Айтқанына бүкіл ауыл тоқтайтын баталы ақсақалдардың кезінде аяғын қия басқандар да, ауылдың жаман атын шығарғандар да болмайтын. Атқа мініп ауыл аралап жүретін ақсақалдардың мәртебесі қандай биік еді шіркін?! Соның өзі әлдеқандай күш беріп тұратын. Алдында арқа сүйер ақылшысы болғанға кейінгілер де сүйінетін. Бір үйде жиын бола қалса ақсақалдар келмесе сәні кірмейтіндей болғанын қайтерсіз? Ауылдың ажарын ашатын да солар-тын. Жөн сілтеп, жол көрсетер ақылшың болғаны да жақсы екен-ау, оны бүгінгілер енді ғана шындап сезінгендей. Қандай да бір қиын мәселе туындай қалса ауылдың үлкен қариясына баратын жүгіріп жұрт. Әрі солардың айтқан ақылы, сілтеген жолы тұпа-тура шығатынын қайтерсіз?! Ауылдың адвокаты да, тәртіп сақшысы да, ауылнайы да, үкім шығаратын соты да, прокуроры да өздері-тін... Қайбір жылдары солақай жүрісімен аты шығып қалған кісінің әйелі «кетемін де кетемінге...» салғанда ауыл ақсақалдары жиылып барып, ортаға алып, «ат айналып қазығын табар, орныңда отыра бер, сені ешкім де қуып жатқан жоқ, балаларың тұрғанда сен осы елдің адамысың, қайтесің, қайтып келеді, адаспа...» деп ақыл салған. Ашуға булығып отырған жеңгей ақсақалдардың сөзінен аса алмай ауылда қалды. Қариялардың айтқаны айдай келді, қызық қуып желігіп қала асып кеткен, бір шүйкебасқа алтындай алты баласын айырбастап  кеткен көкеміз жылға жетпей «кешір» деп әйелінің аяғына жығылып қайтып келді... Одан кейін ауылда сақалдылар қаптап бара жатқаннан кейін ақылдастар алқасын жиып жиын өткізген қариялар. Олардың жолы дұрыс еместігін айтқан да осы ақсақалдар болатын. Адамға қосылмай, жиынға бармай, осыған дейінгі ұстанған ілімді жоққа шығарып дау дамайға ұластырған сақалдыларды айтқанға көнбеген соң ауылдан түре қуып шыққан еді. Солай көшіріп барып ауыл тыншып қалған-тын. Елдің ішін алатайдай бүлдіріп бара жатқан соң осындай қадамға бармасқа амалдары қалмаған еді. Кеңестің дәурені жүріп тұрған шақтың өзінде бүткіл ауылды төбе басына жиып, нан пісіртіп дәмді көжедан ауыз тигізетін. Шолақбелсенділер қоқаңдап бастаса «уыз көже ғой» деп жақаурататын. Сөйтсек наурызкөже деген сол екен ғой. Қаншама уақыттан бері дәстүрдің тінінің  үзілмей бүгінгіге жетуіне септескен қайран қарттарым-ай... Желтоқсанның орта тұсында ауылды жиып «боздақтардың қаны төгілген күн» деп құран бағыштап, бет сипайтын. Ауылдағы жетім-жесірлерге қарайласып, шатырын жөндеп беріп, бірінің малы ұрланса ортадан ақша жиып мал алып беретін. Әрі солай етейік десе сіздікі дұрыс емес деп қарсы келетін бір адам болсайшы. Кәрі-жасы бәрі тік тұратын. Ақылман ақсақалдардың соңғы көші арғы бетке бет түзеп жардың жағасында тұрғандай көрінетіні бар кейде... Сонда олардың орнын кім басады. Салмағы ауыр, зілбатпан сұрақ???
«Ассалау» аталар бар ма?
Соғысқа қатысып, бір саусағы мұқым боп оралған қария болатын ауылда. Бәрі де оны «ассалау ата» деп атайтын. Көшеде келе жатқанында бала біткен алдынан жүгіріп шығып ассалау деп амандасатын. Егер де амандасуға бейіл білдірмеген бір бала көзіне шалынса қуып жүріп ұстап алып, мұқым саусағын мұрнына тақап «неге амандаспайсың, мұрныңды тесем» деп шүйлігетін. Ауылдағы бала біткен қорқатын о кісіден. Тереңірек үңіліп көрсек балаларды қорқыту емес, қайта үлкендермен қос қолдап қалай амандасу керектігін, үлкендерді сыйлауды үйрету екен ғой. Бүгінгінің амандасуға да ерінетін бозөкпелерін көрсем «ассалау ата жетпей тұр-ау» деп кеиймін.
Бүгінгінің аталарына қараңыз. Ақсақал деген атқа лайық па? Сақалын күнге күйдіріп босқа жүргендері бар. Аузынан өнегелі сөз шықпайтын, кежегесі кейін кеткен қырттар көбісі. Олардың көпшілігі кешегі қып-қызыл кәмөнөс көкелер. Айтары жоқ, не сөйлерін білмейді. Айтса колхоз, совхозын айтар, одан басқа іліп алар сөзі жоқ. Арақты басып ішкен, ауынан боқтығы кетпеген, елге үлгі болмақ түгілі үйелменіне еге бола алмай отырғандар. Оларды қарт дейміз бе, әлде қырт дейміз бе? Сөз сұрай қалсаң саясаттан соғады. Онысы дұрыс болса мейлі ғой. Қиялап шауып, орайын  тауып әйтеуір жамандау. Бірінен сөз сұрай қалсаң «пәленше деген жұлдыз омырауын үлкейтіпті, пәленше пластикалық ота жасатыпты» дейді. Осы ата сақалы аузына түскен қарттың айтар сөзі ме? Тіпті айтуға ауыз бармайды, қажылыққа барып келген соң да тәубесіне түсіп, аталы сөз айта алмай арақ ішін кеткен ақсақалдарды да көз көрді. Көз көрген соң көңілге кірбің түсері анық. Соңғы доңғалақты соңынан ілестірер қисық арбалардың кейінгіге көрсетер үлгісі қане? Расында ауылда аузы дуалы ақсақалдар азайып барады. Былтыр екі ауылдың балалары қызыл шеке болып төбелесіп, арты дауға айналғанда төрелігін айтар бір қарт табылмады, сенесіз бе? Қария деп жүргендердің бірі көкке, бірі көлге тартты. Дақпыртын шығармай-ақ өзара шешетін мәселе ақыры аудан асып, облысқа мәлім болды. Ақыры бұл мәселені тәртіп сақшыларының араласуымен шешуге тура келгені бар...Әкім сайлауы деген бұл ауыл үшін аламан. Болашақ әкім аузын майлап қойғандар бір бөлек, майланбай қалғандар бір бөлек майданға бөлінеді. Тіпті екі жақ болып төбелесуге дейін барғандары бар. Екіге бөлініп бір-бірімен сөйлеспей, амандаспай қалған күндері де бар. Сонда қайран бұрынғының қарттары-ай деп күрсінбеске амал кем...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста