АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы Қазақстанды «ішкіш елдердің» тізіміне қосыпты. The Sun басылымы ОББ-ның зерттеуін жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі nege.kz-ке сілтеме жасап.
Спирттік ішімдікті ең көп тұтынатын елдердің ішінде Қазақстан 100-орында тұр екен.
Data Hub дерегіне сенсек, елдегі әрбір тұрғынға жылына 3,73 литр таза алкогольден тиеді.
Салыстыру үшін айта кетейік, бұл тізімде Ресей 56-орында тұр. Әр ресейлік жылына 7,29 литр алкоголь тұтынады.
Бір қызығы, Ресейдің «айнымас досы» Беларусьте арақты орыстардан да көп ішетін болып шықты. Тізімде 18-орында тұрған беларусьтердің әрқайсысы жылына 10,57 литр алкогольді сылқылдататын көрінеді.
Бұл тізімді Кука аралы бастапты. Кукалықтардың әрқайсысына жылына 13 литрден келеді екен.
Ал ең аз ішетін елдердің қатарында Сауд Арабиясы, Кувейт, Бангладеш, Мавритания, Сомали тұр.