Анастасия Солтанаева: Шыны керек, қазаққа келін болу қиындау шығар деп ойлағанмын

Анастасия Солтанаева: Шыны керек, қазаққа  келін болу қиындау шығар деп ойлағанмын

– Мен Мирасты жайдары, ақ көңіл, ақылды мінезі үшін ұнаттым. Нағыз қазақ жігіті осындай болса керек. Бірнеше жыл кездесіп жүрдік. Ол мені туысқандарымен де таныстырды. Үйленеміз деп жоспарлап қойған едік. Шыны керек, қазақ отбасына келін болу қиындау шығар деп ойлап, жүрексіндім. Өйткені қазақ келіні болудың да өзіндік ерекшеліктері баршылық. Бір құпиямды ашайын, келінге қатысты жөн-жоралғыларды Мирасқа көрсетпей іздеп оқып жүрдім. Қолымнан келмей, күйеуімді ұятқа қалдырып алып жүрмеймін бе деп қапаландым. Уақыт өте бәрі қалпына келді. Жақында Әмина есімді қызды дүниеге әкелдім. Әмина осы әулеттегі алты ұлдан кейін  туған жетінші қыз екен. «Жеті – қасиетті сан, Әминам да ерекше жан болады» деп атам қатты қуанып жүр.
Ата-енеме, күйеуімнің аға-інілеріне, абысыныма рақмет. Қандай кемшілікке жол беріп алайын мейлі, күліп ақылдарын айтып жатты. Тұрмыс құрғанымызға екі жылдай болып қалды, осы уақыт ара­лығында мен көп нәрсені үйрендім. Маған қатты ұнағаны – қазақ отбасы береке-бірлік пен тату-тәттілікті бәрінен биік қояды екен. Бауырмалдықтарының арқасында қандай қиындық болсын мейлі, оны бір кісінің баласындай бірге көтереді. Енем «абысын тату болса, ас көп болады» дегенді жиі айтып, екі келінін ауызбіршілікке шақырып отырады үнемі. Өзі жеті ұлы бар отбасының келіні екен. Өмір өткелдерінен өтіп, көп тәжірибе жинақтаған енемнің әрбір айтқан ақылына құлақ түрсем, барлығы да әзірге шағын менің шаңы­рағымның беріктігін ойлайды екен. Жас келін әулет үшін жасалатын қасиетті де киелі міндетін мүлтіксіз атқарса және кезінде өзі келін болған әжелер мен ене­лердің ақыл-кеңесі, олардың өмірлік тәжірибесі болашақта еңбекқор, ізетті, ақжарқын, көпшіл ана тәрбиелеуде маңыз­ды-ақ. Бұл бір эстафета сияқты көрінеді маған. Кешегі келін – бүгін ене. Сөйтіп, бір-біріне орын босатып беріп жатқандай. Қазақ отбасы хақында мен үшін әлі де ашылмай жатқан жаңалықтары жетерлік. Әлі оқылып бітпеген қызыққа толы, ғибраты мол кітап іспетті. Бетін парақтаған сайын мен үшін тың бір дүниелермен танысып жатырмын.
Қазақ келініне тән күйеуіңді сыйлау, ата-енеңнің алдын кеспеу сияқты тәлім-тәрбие, сайып келгенде, сол келіннің өзі үшін қандай жақсы!?. Қатемді бетіме бас­пай, мені қазақтың ибалы, инабатты келіні етіп тәрбиелеп жатқан күйеуімнің туған-туыстарының өздерінің игі мінездеріне, шыны керек, тәнтімін?!. Қысқасын айт­қанда, қазақ келіндері отбасылық институттың іргелі мектебі десем де болатын шығар. Иә, қазақ қыздарына қазаққа келін болу түк емес болар. Ал ұлты басқа жанға үйренетін қыр-сыры ұшан теңіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста