Анализдерді қалай тегін тапсыруға болады?
Арамызда өмірінде бір рет болса да анализ тапсырмағандар кемде-кем. Ультрадыбыстық зерттеу, магнитті-резонансты томография, компьютерлік томография деген зерттеу түрлерінің күнделікті тірлікпен біте-қайнасып кеткені рас.
Дәрігерлер пациенттің диагнозын анықтау үшін анализ тапсыруға немесе УДЗ-ден өтуге жолдама береді. Ем-домға кететін шығынды айтпағанда, зертханалық талдауларға жұмсалатын шығынның қарапайым жұрттың қалтасын қағатыны тағы рас. Ал, сіз осы анализдердің бірқатарын тегін тапсыруға болатынын білесіз бе? Ол үшін не істеу керек?
Бұл сұрақтардың жауабын әзірлеуге «Медициналық сақтандыру қорының мамандары көмектесті.
«Анализдерді кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде тегін тапсыруға болады. Жолдаманы учаскелік терапевт немесе салалық дәрігер жазып береді. Анализді тегін тапсыруға белгілі бір көрсетілімдер болуы тиіс», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.
Профилактикалық тексеру кезінде қандай анализдерді тегін тапсыруға болады?
Ал, тиісті көрсетілімдер болса мынадай сараптама түрлерін тегін тапсыра аласыз:
Кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде аталған талдау түрлерін ғана емес, МРТ, КТ сынды зерттеулерден, сондай-ақ, ПЦР әдісімен жасалатын анализдерді де тегін тапсыруға мүмкіндік бар. Зерттеудің бұл түрлеріне жолдаманы халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған санаттары ала алады. Олардың толық тізімі: http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1400000029
Жолдама емхана көмегіне жүгінген пациенттердің бәріне бірдей беріле бермеуі мүмкін. Жолдама саны шектеулі болғандықтан алдымен халықтың тұрмысы төмен бөлігіне басымдық беріледі. Ал, егер сіз тегін анализге немесе зерттеу түрлеріне жолдама беруден бас тартқан дәрігердің әрекетін заңсыз деп тапсаңыз Медициналық сақтандыру қорына хабарласыңыз.