Амал туды – Наурыз келді!

Қазақтың Наурыз мерекесі басталды! Иә, Григориан күнтізбесіне дейін көшпелі қазақ халқы «Амал» - бүгінгі «Наурыз» мерекесін наурыздың 14-і күні атап өткен. Себебі дәл осы күні Амал жұлдызы Күнмен бір сызықтың бойына шығады. Ұлы Даланы мекендеген көшпелі түркі халықтары бұл астрологиялық құбылысты «Амал мен Күннің көрісуі» деп білген. Осыдан көктем шығысымен «Көрісу» деген жақсы дәстүр дүниеге келген.
«Амал туды жыл келді!» деп қуанған ата-бабаларымыз ағайын-жұрттың аман­дығын біліп, бір-бірімен көрісуге асыққан. Осы кезде малын түгендеп, қалың қардан босаған жайылымға шығарады. Жалпы, наурыздың 21-і күн мен түн теңеліп, жыл жа­ңарса, наурыздың 14-і жаңа ай туады. Сон­дықтан бұл күн – Амал мерекесі Наурыз мейрамының беташары іспетті. Өкінішке қарай, бүгінде көктемнің алғашқы күні – Амал мерекесін, көбінесе Қазақ­стан­ның батыс аймақтарында жиі атап өтеді. Түркітанушы ғалым Серік Ерға­лидың мәліметі бойынша, бұған дейін бұл ме­ре­кені Маңғыстаудан бастап, Сыр өңірі, Қос­танай және Торғай аймағымен қоса, ресейлік Ажтархан (Астрахан), Сарытау, Са­мара және Орынбор облыстарының қазақ­тары ұлттық мейрам ретінде той­лаған. Бүгінде Амал мерекесін тойлау үшін батыс аймақтарына Талдықорған, Ал­маты, тіпті көрші Өзбекстан елінен жұрт ағылып жатады. Дегенмен Амалды бір аймақ емес, ел болып бүкіл республика бойынша атап өткен жөн. Бұл бастаманы кеше астаналық жастар да көтерді. Сәкен Сей­фул­лин атындағы Қазақ агро­тех­ни­калық уни­верситетінің студенттері қазақ­тың Амал мейрамын Арқа жерінде атап өтіп, «Кө­рісу» салтын тағы бір мәрте жаң­ғырт­ты.
Фариза ОҢҒАРСЫНОВА, қоғам қайраткері, ақын:
– Астанаға келгенімізге он жылдан асып кетті. Содан бері жастардың Амал мерекесін ұлықтап жатқандарына алғаш рет куә болып, қатты қуанып отырмын. Негізі, адамзат тарихында үш күнтізбе болған. Соның екінші күнтізбесінде осы жылдың, біздіңше, Наурыз мерекесі наурыздың 14-і күні басталады. Ал үшінші күнтізбе енгізілгеннен кейін, ол мейрам наурыздың 22-сіне ауысқан. Осы кезде «Көрісу» деген жақсы дәстүр болған. Енді бұрын үлкен қалалар болмаған ғой. Бірнеше шаңырақ болып түрған қазақ халқы жер аяғы жібіп, көк шыға бастаған кезде, «Қыстан аман-есен шықтық!», - деп бір-бірін құшақтап, қуанып амандасқан. Мінеки, осы бастаманы Астананың жастары көтеріп отыр. Бұл – аса қуантарлық жағдай. Ата-бабамыздың салт-дәстүрі жалғаса берсе, қазаққа өлім жоқ деп білемін! Жастарға рақмет! Амал мерекесі құтты болсын!

Серік ЕРҒАЛИ, түркітанушы ғалым:
– Негізі, Наурыз бен Амал бірін-бірі толықтырмаса, қайшы емес. Сол себепті осы мерекелерді бейресми түрде 14-22 наурыз аралығында мей­рам­дағанымыз жөн. Өкінішке қарай, бүгінде оны көбінесе еліміздің батыс аймақтары жиі тойлап жүр. Біз «ана аймақ, мына өңір» демей, біртұтас қазақ халқы болып, Амалды да, Нау­рыз­ды да тойлауымыз қажет. Бүгін Аста­нада наурыздың ақша қары түсті. Қазақ «қардың басын қар алар», – дейді, бұл – көктемнің белгісі! Соны­мен, құрметті ағайын, наурыздың 14-і қазақтың Жаңа жылы Ұлу жылына кірді. Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарыл­қасын! Жаратушымыз тілегімізді қабыл етіп, еліміз аман, халқымыз тыныш болсын!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста