Алматының ауасы неден ластануда?

Алматы қаласы атмосфералық ауасының ластанғаны туралы талай айтылып та, жазылып та жүр. Дегенмен қаламызда уақыт өткен сайын ауаға зиянды қалдық шығаратын көліктердің, кәсіпорындардың  саны артып келеді. Осыған дейін баспасөз бетінде жантүршіктіретін мынандай ақпарат шыққан. Алматыда дүниеге келген бір жастағы сәбидің өкпесі шахтада он жыл еңбек еткен жұмысшының өкпесіндей зиянды заттарға толы болады екен. Қаламыздың ауасын қалай жақсартуға болады, болашақта бұл бағытта қандай істер атқарылуы қажет? Кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихаты осы тақырыпқа арналды.

Қазіргі күні Алматыда ауаның ластану көрсеткішін анықтайтын бес ірі стационарлық бекет бар. Оның біреуі тәулігіне төрт рет, қалғандары үш мәрте мәліметтер беріп отырады. Атап айтқанда, ол ауа құрамындағы  формальдегид, шаң-тозаң, күкірт, көміртегі, азот және азоттың қос тотықтарын анықтайды. Сондай-ақ бұл бекеттерге қосымша бес автоматты қондырғы орнатылған. Баспасөз жиынына қатысқан Алматы қаласы гидрометеорологиялық мониторинг орталығы директорының орынбасары Панархан  Шыңғысованың айтуынша, олар қазір тәжірибеден өткізіліп жатыр. 2010 жылы іске қосу жоспарда бар көрінеді. Әрине, Алматы сияқты ірі мегаполис үшін бұл қондырғылар аздық етеді. Мәселен, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қаламызда осындай 25 бекет болған екен. Алайда олардың жартысынан көбі бүгінде істен шыққан. Әр жылда  аталған мониторинг орталығы ауа  құрамының қаншалықты залалданып жатқаны туралы мәлімет беріп отырады. Орталықтың дерегіне сүйенсек, жыл сайын ТЭЦ-2 мен автокөліктерден ауаға 237 тонна зиянды зат шығады екен.  Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында ауаның ластану индексі  13,5-ті құраған.

 

 

Арман Сарбасов, Алматы қаласы ІІД жол полициясы басқармасының бастығы:
– Ресми мәлімет бойынша, қазіргі күні қалада 525 мыңнан аса көлік бар. Олардың басым көпшілігі 1999-2000 жылдары шығарылған. Ауаны ластайтын, міне, осы ескі көліктер.

Сұлтанбек Мәкежанов, Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы:
– Біз ауаға зиянды қалдық шығаратын көліктердің жүруіне жол бермеуіміз керек. Осы бағытта біраз жұмыстар да атқарылып жатыр. Қазір автоматты бекеттер жиі тексеріледі. Атқарылған жұмыс  нәтижесінде төрт ай ішінде 15 жанармай құю бекетінен ақау табылды. Бір айта кетерлігі, қазір биоотынды пайдаланушылар артып келеді. Бұл ауаға түсетін зиянды заттарды 50 пайызға дейін азайтады. Тағы бір жеткен жетістігіміз, қазір құрылыс алаңдарының кем дегенде 25 пайыз бөлігі жасылдандырылуы қажет деген талап бар. 
Үстіміздегі жылы қаладағы ауа атмосферасын жақсартуға бөлінген қаржы өткен жылғымен салыстырғанда 46 пайызға жоғары. 2009 жылы бұл салаға 5 миллиард 58 миллион теңге бөлінген. Қаражат ауаны тазартуға, мониторинг сапасын арттыруға, арық-жылғалардың жиегін абаттандыруға, қаланы әсем гүлдермен безендіруге, экологиялық ағарту жұмыстарын   жүргізуге жұмсалды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста