Алматыға трамвай керек пе?

Алматыға трамвай керек пе?

Алғашқы трамвай 1881 жылы Германияда пайда болса, Алматы көшелерінде көліктің бұл түрі 1937 жылдан бастап қатынай бастаған. Ал қазіргі уақытта Алматы қа­ласындағы трамвай жолының ұзындығы – 66,4 шақырым. Бүгінгі күні қала тұр­ғындарының бірі «трамвай керек» десе, енді бірі «керегі жоқ» деген пікір айтады. Шы­нында да, Алматы қаласына трамвай керек пе? Оның пайдасы мен зияны қанша? Таразылап көрелік.
Қашанда Батысқа қарап бой түзейтін біздің шенді-шекпенділер кейде батыстың тіршілігі мүд­делеріне сай келмей жатса, кері айналып жүре беретін сияқты. Олай дейтініміз – көптеген ал­дыңғы қатарлы елдердің үлкен қалаларында трамвайды пайдалану ілгеріде-ақ тоқтатылған. Мысалы, Мәс­кеуде ХХ ғасырдың 50-60 жыл­дарда трам­вайды орталық көшелерден алып, көлік қатынасы аз көшелерге ауыстырған. Па­рижде 1937 жылы, Лон­донда 1952 жылы трам­вайды пайдалануға тыйым салған. Ал ХХ ға­сыр­дың 70-80 жылдарында ал­дың­ғы қатарлы ел­дер­де жүйрік трамвайлар жүре бастады. Олар­дың артықшылығы – олар аспа жол­дармен жүріп, даңғұр-дұңғұр шу шығармай, басқа да жол қа­тынасшыларына кедергі жасамай жүреді. Фран­цуздар мен ағылшындардың 60-70 жыл бұ­рын бас тартқан көлігін біздің қимай отыруы­мыз­дың мәні неде?
Александр, жүргізуші:
– Автомобильдің «ходовкасынан» түк қалдырмайды. Күнде Өтеген батыр көше­сі­мен келіп, Төле би көшесін қиып өтемін. Трам­вай рельсінің кесірінен таңертеңнен кеш­ке дейін тығын болып тұрады. Бір кө­ше­ге жасыл шам жанып жатса да, екінші кө­шедегілер әлі қиылыс ортасында жүреді, 30-40 көлік өтетін қиылыстан 10-15 көлік қа­на өтіп үлгереді. Бәріне трамвай рельсі кінә­лі.
Трамвайдың тиімсіздігі:
— Автокөлік жолдары жиі бұзылып, жөндеу жұмыстарына қосымша қаржы жұмсалады.
— Автокөлік жолын тарылтады.
— Автокөліктердің жүргізетін бөлшек­терін (ходо­вая часть) тез істен шығарады.
— Бұрылыста автокөліктермен жолы қиылысып, көлік тығыны пайда болады.
— Трамвай рельстері төселген көше­лер­ді автокөлікпен қиып өткен кезде, кей­де бағдаршамның жасыл шамы жанып тұр­ғанда қиылысқа кіріп, жылдамдықты бә­сеңдетудің салдарынан қиылыстан шық­қаныңызша қызыл шам жанады. Соның ке­сірінен жүргізуші мен жол полицейле­рі арасында келіспеушілік туындап жатады.
— Трамвай аялдамалары жол ортасында болғандықтан, мініп-түсу кезінде белгілі бір дәрежеде жолаушылардың өміріне қауіп төнеді.
— Трамвай жүретін көшелердің тұрғын­дарының демалуына кедергі жасайды.
Тиімділігі:
— Экологиялық таза көлік.
Көріп отырғанымыздай, таразының қай жағы ауыр екендігін болжау қиын емес.
Айдар, Жароков көшесінің тұрғыны:
– Таңертең трамвайдың тарсы­лынан сә­биіміз шошып оянады. Түс­те де, кешке де сол. Трам­вай ке­рек деген адамды Жароков көше­сіне көшіріп әкелу керек. Әуселесін сонда көрерміз.
Бүгінгі таңда трамвай жолдарын жаңа үлгідегі рельстермен ауыстыруға және трам­­вай вагондарын жаңалауға Алматы қаласы әкімдігі инвестор іздестіріп жатқан көрінеді. Алайда тиімділігінен тиімсіздігі басым көліктің қажеті қанша? Бір ғана тиім­ділігі экологиялық тазалығы болса, неге оны экологиялық таза троллейбуспен алмастырмасқа? Өйткені троллейбус авто­көлік жолын тарылтпайды, бұзбайды, трам­вай сияқты көп кесірін тигізбейді. Екінші жағынан, троллейбус өзімізде жа­сап шығарылады. Қаржы да еліміздегі өн­ді­рісті дамытуға жұмсалар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста