Алматыда үш секс-притон қонақүй ретінде жұмыс істеген. Олардың екеуі Түрксіб ауданында орналасса, үшіншісі Әуезов ауданында анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлердің мәліметінше, притондардың басшылары жауапкершілікке тартылды.
Жезөкшелікпен айналысқан шамамен 30 әйел полицияға жеткізілген, олардың үшеуі - Өзбекстан азаматшалары.
Полицейлердің мәліметінше, 10 күнде 245 жеңіл жүрісті қыз полицияға жеткізілген, олардың үшеуі Ресейден, алтауы Өзбекстаннан, алтауы Қырғызстаннан және біреуі Украинадан.