Алматыда ер адам танысудан бас тартқан бойжеткенді соққыға жыққан

Алматының қақ ортасында құрбысымен қыдырып жүрген бойжеткенді ер адам таныспағаны үшін ұрып кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KYN.KZ-ке сілтеме жасап.

Полициядан көмек ала алмаған қыз мән-жайды желіде баяндап берді.

 

"Құрбым екеуіміз кешкі салқында өзен жағасында отырдық. Қолдарына сыра ұстаған екі жігіт танысуды ұсынды. Біз сыпайы түрде бас тарттық. Кенет біреуі ойламаған жерден жағыма жұдырығымен қойып қалды. Мен талып қалдым. Құрбым бірден 102, 103 шақырды", - дейді жәбірленуші.

 

Қыздың сөзінше, полицейлер оның осындай күйге түсуіне өзі кінәлі деген пайымға келген. Себебін кешкісін өзен жағасында қыдыруы деп түсіндірген.

 

"Прокуратураға екі рет арыз түсірдім. Нәтиже жоқ. Ол менің жағымды сындырмағанымен психикамды "сындырды". Оған әкімшілік емес қылмыстық жаза қарастырылуы керек. Оқиға болған жерде камера болмағандықтан, полиция оларды таппай жатыр",-деп күйінді бойжеткен.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста