Алматыда бір жылда іздеушісі жоқ 330 адам жерленген

Алматыда бір жылда аты-жөні белгісіз және іздеушісі жоқ 330 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Halyq Uni.kz-ке сілтеме жасап.

«Алматы қаласы салттық қызметтер көрсетудің арнаулы комбинаты» ЖШС ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2022 жылы қалада  аты-жөні белгісіз және іздеушісі жоқ адамдар қаладағы «Батыс» зиратқа жерленген.

 

«Батыс» зиратында аты-жөні белгісіз және іздеушісі жоқ адамдарды жерлеуге және биологиялық қалдықтарды көмуге жергілікті бюджеттен 2021-2022 жылдары 17 400 000 теңге бөлінді», - деп жауап берді Алматы қаласы әкімдігі.

 

Алматыда аты-жөні белгісіз және іздеушісі жоқ адамды жерлеуге және тасымалдау жұмыстарына 45 873 теңге жұмсалады.

 

«Мәйіт ағаш табытқа салынып, жеке қабірге көміледі. Ағаш баған орнатылып, қабірге нөмір беріледі. Қайтыс болған адамға қатысты барлық дерек медициналық мекемеден түскен мәліметке сәйкес қайтыс болғандарды тіркеу кітабына жазылады.

 

АСТАНА МЕН ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАҒДАЙ

 

Астана әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының хабарлауынша, 2022 жылы аты-жөні белгісіз және іздеушісі жоқ 71 адам жерленді. Жерлеуге қатысты жұмыстарды «Астана – Арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС атқарды. Компания бұл қызметі үшін жергілікті бюджеттен 3 054 586 теңге алды.

 

«Қалада жаз кезінде бір адамды жерлеу құны – 37 610 теңге, қыста – 50 006 теңге. Бұл бағаға жерді қазу, мәйітті көму, ағаш табыт, ағаш белгі, нөмір, ақ мата кіреді.

 

Шымкент қаласында іздеушісі жоқ адамдарды жерлеу жұмыстарына қала бюджетінен 2 267 000 теңге бөлінген. «ТехЭкоСервис» ЖШС 2022 жылы 70 адамды жерлеген. Мәйіттің барлығы Құрсай шағын ауданында орналасқан христиан мазараны нөмірленіп жерленген.

 

Бөлінген қаржыға мола қазу, ағаш табыт, бейітке белгі орнату кіреді.

 

Айта кетейік, Тұран ауданы әкімдігі 2023 жылға іздеушісі жоқ 63 адамды жерлеуге сметалық құжаттама әзірлеп, 2 248 000 теңгеге өтінім берген.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста