Алматыда алғаш Көсем әйелдер клубы жұмысын бастады

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Елбасы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде Алматының көсем әйелдер клубының тұсаукесер жиыны оңтүстік астанада өткізілді. Бұл жобаны ҚР Президенті жанындағы Әйелдер мен отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп Іскер әйелдер қауымдастығы жүзеге асырып отыр. Қолдау көрсетуші – Kcell ұялы байланыс операторы.

Елімізде әйелдердің тең құқығы мен тең мүмкіндігін қамтамасыз ету, қоғам мен мемлекет тынысының барлық саласына араласу үшін жағдай жасалған. Гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында атқарылған шаруа да көп. Соның бәрі Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген 2006-2016 жылдарға арналған ҚР Гендерлік теңдік стратегиясына негізделген. Елде көшбасшы әйелдер мектебінің желісі жұмыс істейді. Оған әр аймақтан 69 бейресми ұйым енген. Қоғамдық-саяси және экономикалық салаларда көшбасшы әйелдерді дайындауға бағытталған түрлі тренинг, семинар, конференциялар өткізіледі. Соның нәтижесінде соңғы он жылдың ішінде Парламент Мәжілісіндегі әйел депутаттардың саны екі есе көбейді (9 пайыздан 18 пайызға дейін), барлық деңгейдегі мәслихаттар құрамындағы17 пайыздан астамы – нәзік жандардың үлесінде. Алайда кең ауқымды жұмыстарға қарамастан, мемлекеттік басқару органдарында басшы әйелдердің саны көбеймей отыр. Мәселен, саяси мемлекеттік қызметкерлер –10,3 пайыз ғана. Оның ішінде екі министр, төрт вице-министр, орталық атқарушы органдарда төрт жауапты хатшы, үш облыс және үш аудан әкімінің орынбасарлары бар. Мемлекеттік қызметкерлердің 58 пайызы – қыз-келіншектер.

Еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін Іскер әйелдер қауымдастығы нәзік жандардың саяси ілгерілеуіне арналған жоба әзірледі. Жобаның басты мақсаты – Алматыда және басқа да аймақтарда саясаткер әйелдер клубының жұмысын жүргізу. Айта кетейік, мұндай клуб былтыр Астанада ашылған.

Көсем әйелдер клубының тұрақты мүшелері ретінде оның құрамына қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдардың жетекшілері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер мен отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық комиссия, сондай-ақ қалалық, облыстық комиссия мүшелері, кәсіпорындар мен бейресми ұйымдардың жетекшілерін тарту көзделген. Клуб мәжілісі айына бір рет өткізілмек.

Көсем әйелдер клубының негізгі міндеттері мемлекеттік және қоғамдық-саяси жұмысқа әйелдерді жылжыту үшін кадр қорын құру, қазақстандық саясаткер әйелдердің жетістік тарихын паш ету, көшбасшы қасиетіне баулу, белсенділік және бәсекеге қабілеттілік дағдысын сіңіру, тұрғындардың арасында гендерлік ағартушылық жұмыстарын кеңінен жүргізу, сондай-ақ елдегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге арналған жобалар мен идеялар банкін құру болып табылады.

Клуб жиындарына белгілі саясаткерлер, бизнес-қоғамдастық топ-менеджерлері, атақты өнер адамдарын шақыру жоспарланған. Клубтың алғашқы басқосуына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер мен отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы әрі еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова, GSM Қазақстан/ Kcell әлеуметпен байланыс департаментінің директоры Аида Досаева қатысты.

Құттықтау сөз сөйлеген Гүлшара Әбдіхалықова клубтың құрылу мақсаты әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық-саяси жұмысқа тарту шараларының бірі екенін жеткізді. «Елбасы әйелдерді саяси өмірге тарту жөнінде талап қойды. Бірақ ол оңай шаруа емес. Әрбір әйел саясатта және қоғамдық-экономикалық өмірде өз әлеуетін танытуы тиіс. Сол себепті біздің мақсатымыз – қайсыбір салада көшбасшы болғысы келетін әйелдерді тарту. Біздің клуб сөз жүзінде қалмай, осындай міндеттерді жүзеге асырады деген сенімдемін. Бұл жерде идеялар жинақталып, олар әрмен қарай жүзеге асырылады. Сондай-ақ аймақтардағы әйелдердің арасынан жаңа кадрлар дайындалады», – деді министр.

Раушан СӘРСЕМБАЕВА, Іскер әйелдер қауымдастығы, Қазақстан әйелдер ұйымы альянсының төрайымы:
– Клубты құру идеясы осыдан бір жыл бұрын әйелдердің V форумында көтерілген болатын. Сонда Елбасы «Нұр Отан» партиясына әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық-саяси өмірге тарту жөнінде нұсқау берген еді.
Өйткені кадрлық, партиялық резервті құру үшін кездейсоқ келгендер емес, жігерлі, белсенді, арнайы дайындықтан өткен адамдар қажет. Мұндай клубтар барлық аймақта ашылады.

Аида Досаева, GSM Қазақстан/ Kcell әлеуметпен байланыс департаментінің директоры:
– Біздің компания көптеген әлеуметтік жобаларға атсалысады. Іскер әйелдер клубы – біздің сенімді серіктесіміз. Көп жылдан бері осы ұйыммен талай жобаны бірігіп жүзеге асырып келеміз. Олардың ішінде «Ғашықтар жүрегі», «Тарих. Әйелдер. Қазақстан» атты жобаларды айтуға болады. Сондықтан біз осы жобаға да қолдау көрсетуге асықтық. Өйткені әйелдер – біздің қоғамдағы ең жинақы, ең серпінді күш. Нәзік жандар қоғамдық-саяси жұмысқа араласқанда, алдымен жұртшылыққа пайда әкелуге ұмтылады.

Біз отандық компания болғандықтан, жергілікті қоғамдастықтардың өз әлеуетін көрсетуіне қол ұшын беруді міндетіміз деп санаймыз. Біздің парызымыз – білім, спорт, мәдени шараларға, сондай-ақ жергілікті бастамаларға қолдау көрсету. Қоғамда оң өзгеріс әкелетін игі істерге өз үлесімізді қосу арқылы басқаларға үлгі көрсеткіміз келеді. Біз әйелдердің қоғамға жағымды өзгеріс әкелу мүмкіндігі арта түскенін қалаймыз, сол себепті барынша қолдау көрсетеміз.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста