Алматыда 2000 аса тұрғын КСРО үлгісіндегі төлқұжатпен өмір сүріп келген деп хабарлайды zhasalash.kz.
 
«800 адам Кеңес одағының қызыл төлқұжатын қазақстандық төлқұжатқа ауыстырып үлгерді. Тағы 1700 адам былтыр құжатын ауыстырған еді. Жалпы алғанда қазақстандықтардың 60%-ы төлқұжат ауыстыруға өтініш берген. Тағы 30% &mdash ұлттық төлқұжаты бар адамдар, 10% &mdash азаматтығы жоқ тұлғалар. Алайда биыл қыркүйектен бастап сауалдың орындалуы 6 айдан аспауы тиіс деген бұйрыққа қол қойылды. Осы уақыт аралығында сауалға жауап берілмесе, ішкі істер органдары ҚР заңнамасы бойынша қазақстандық төлқұжатты талап етуге құқылы», &mdash дейді ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов
 
Спикердің айтуынша, азаматтардың көпшілігі зейнетақы рәсімдейтін кезде болмаса басқа да маңызды жұмыстар болған кезде құжат ауыстыруға кіріседі.
 
«Бұл тірлікті кейінге қалдыруға болмайды. Құжат алу үшін олар келген жерінің көші-қон қызметіне жүгінсе болады. Сонымен қатар, адам құқығын қорғау бюросының бөлімшесіне, «Сана Сезiм» бірлестігінің кеңселеріне жүгіне алады»,- деді ол.
 
Айта кету керек, Қазақстанда 6 мың адам Кеңес одағының қызыл төлқұжатымен өмір сүріп жатыр.