Алматы қаласы Бостандық ауданында әйелдерді соңынан аңдып, тиісіп жүрген ер адамды полиция іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Ол жігіттің видеосы желіде тарады.
«Жас жігіт Бостандық ауданында әйелдерді аңдып жүріп, олардың ұятты жеріне тиісіп шабуылдап жүр. Мына видеода ол подъезд алдындағы талдардың арасына тығылып, бір қызды аңдыған, подъезге бірге кірген соң лифтіде қызға шабуыл жасаған. Қыз оны теуіп жіберген соң жігіт тез қашып кеткен», - делінеді видеодағы жазбада.
Алматы қалалық полиция департаменті оқиға бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы ҚР заңнамасына сәйкес тексеріс бастағанын хабарлады.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz