"Әліппеге" реформа жасау қажет

"Әліппеге" реформа жасау қажет

Дүбірлі той десе қазақ баласы елеңдеп тұрады емес пе, шапшаң жиналып есік көзіне шықтым. Таңсәрі. Шақыртқан такси де лып етіп келе қалды. Таксишімен арада болған әңгіме намысымды жанып, «Алаш айнасына» осы хатты жазуға түрткі болды.
– Қайда? – деді баратын бағытты тағы бір нақтылап алмақ болған таксист жігіт.
– «Атамұраға». Бүгін Марғұлан ауылында Әлкейдің тойы өтеді. Айтыс, бәйге, күрес болады. Естіген шығарсыз?
– Жоқ. Әлкей дегеніңіз кім?
Жасы қырықты шамалаған қазақ жігіті қаннен-қаперсіз заулап келеді.
Әуелі аңырдым. Содан соң күйіндім. Үйден шыққан беттегі аспандап тұрған көңіл-күйім құлазып кетті.
– Әлкей Марғұлан – қазақтың ғұлама ғалымы… Білгенімді тәтпіштеп айтып келемін. Әй, бірақ бала күнінен жүрегіне ұяламаған алаш ардақтылары енді санасына сіңуі екіталай-ау. Осындай дүдәмал халде таксиден түстім.
Жасыратыны жоқ, алашты алаш қылған, тарихымызды, әдебиетімізді, өнеріміз бен мәдениетімізді жасаған қазақтың біртуар перзенттерін білмейтін қазақ көп. Білсе де, атын, кім болғанын білумен шектеледі бірсыпырасы. Мәселен, Абай – ақын, Қаныш – ғалым, Мұхтар – жазушы дегендей. Одан әрі қыстасаң да бойлай алмайды. Он жыл мектепте, үш жыл мен бес жыл аралығында колледж бен университетте оқыған біраз қазақтың сиқы осы. Ал қазақтың арғы-бергі ұлттық мұрасын білмейтін адамның бойынан Алаштың рухы, Сұлтанмахмұтша айтсақ: «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейтін» рух қайдан табылмақшы? Өйткені Ұлы Даланы қоныстанған данышпан ата-бабамыз сол қасиетті Атамекеннің қадір-қасиетін, алаштың еркін де өршіл болмысы мен мінезін, мұраты мен мүддесін, елге тұтқа болған ардақты арыстарының сөзі мен ісін тинақтай күнінен баласының құлағына құйып өсірген. Ал қазір ше?
Қолына әліппе ұстаған алты жасар балаға «А деген алма, ә деген әтеш» деп әліпбиді үйрете бастаймыз. Сол баланың алманы да, әтешті де, сондай-ақ, басқа да әріптерден басталатын қарапайым сөздерді баяғыда-ақ біліп алғанын қаперге де алмаймыз. Осы орайда заңғар жазушы Мұхтар Мағауиннің өзінің қалай хат танығаны туралы жазғаны есіме түседі. Еркін баяндасақ былай, бала Мұхтардың сауатын атасы Мағауия «А деген Алаш, Ә деген Әлихан, М деген Міржақып» деп ашқан екен. Мұндағы Алаш деп отырғаны – Қазақ, Әлихан мен Міржақып – Алаш қозғалысы көсемдері. Міне, нағыз педагогикалық тәсіл. Әріп үйрету мен Алаш тарихын оқытуды сабақтастыру, білім беру мен ұлттық тәрбие беруді ұштастырып, кіріктіру. Жас баланың жады- тұнық, жұтқыш қағаз сияқты. Естігенін қағып алады, өшпестей етіп миына жазып алады. Мұндай тәсілдің ұлтын сүйген, ұлттық мұраттарды өмірлік темірқазығы ететін ұлтжанды перзентті қалыптастыратынын Мұхтар Мағауиннің кейінгі өмірі дәлелдеп берді емес пе. Ұлтшыл сөзінен үркіткен сонау кеңес дәуірінде Қазақ әдебиеті тарихын пәлен ғасырға кейін шегеріп, халықтың жадында көмескіленген, ұмытылуға шақ қалған Қазтуған мен Шалкиізді, Доспанбет пен Жиембет жырауды, тағы тағыларын шаң бақан архивтерді ақтарып жүріп жарыққа алып шығып, «Қобыз сарыны» зерттеу еңбегін жазып, «Алдаспан» антологиясын құрастырды. Сөйтіп басын бәйгеге тіге жүріп, қазақты мыңжылдық бедеріндегі рухымен қайта қауыштырды. Бұл жөнінде жазушы бертін «Мен» ғұмырбаяндық дилогиясында: «... «Қобыз сарыны» қазақ рухын қайта көтерудің, мәңгілік ұлттық мүддені айғақтаудың тар замандағы өзгеше көрінісі болғаны Аллаға аян. Мұны ешкім де теріске шығара алмайды. Ал мен өзім қазақ руханиятындағы ұлтшылдық сарынның қайта тірілуі «Қобыз сарынынан» басталды деп білем» деп жазды.
«Айнала бұлақ басы Тең,
Азаулының Стамбұлдан несі кем,
Азаулының Аймадет ер Доспанбет ағаның,
Хан ұлынан несі кем,
Би ұлынан несі кем!» деп тепсінген өршіл Доспанбет жырау, немесе:
«Несі батыр, әміршісі жолында
Мұз жастанып, қар төсеніп, от пен суды кешпесе,
Кеудеде жан, иықта бас, бәрін талақ етпесе» деп азаттықты бәрінен артық санаған жауынгер жырау Шалкиіз, немесе:
«Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре мен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай мен қайыңдай...» дейтін Жиембет жырау Алаш ұлының асқақ рухын, қайсарлығын, иілмейтінін, елі мен жері үшін от пен суға тусуге әзірлігін жар етіп тұр емес пе?
Уақытқа әмір жүрмейді, бүгінде от ауызды жыраулар да, данышпан ойшылдар да, Алаш мүддесі үшін қапасқа түскен, өлімге бас тіккен күрескер арыстар да өмірден өткен. Жекелеген адам өмірден көшсе де, халық мәңгілік, жасай береді. Олай болса, Алаштың мың жылдық мұраты да мәңгілік болмақ, өшпейді, қазақ баласының жүрегін нұрландыра бермек. Тек ұлттық мұраны, руханиятты бала көкірегіне құюдың жолдары мен тәсілдерін жетілдіре түсу қажет сияқты көрінеді де тұрады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста