Бүгін – қазақстандық интернет доменнің туған күні.
1994 жылдың 19 қыркүйегінде KZ домені алғаш қолданысқа енгізілген болатын.
Қазинформтелеком Мәскеудің Релкомы арқылы тұңғыш IP-желісін іске қосты. Доменнің негізін қалаған семейлік азамат Павел Гусев.
Бүгінде қазнетте 150 мыңға жуық сайт атауы KZ доменімен тіркелген. 27 жылдың ішінде бұл доменмен бірге, интернеттің әлеуеті қарыштап дамыды.
Ғаламтордың игілігімен бірге, одан келетін қатер де жылдан жылға артып келеді. Осы ретте, Қазақстан әлеуметтік платформалардың қызметін реттеуге қатысты өзгерістер енгізуді көздейді. Бұл бала құқықтарын қорғау мәселесіне арналған заң аясында іске асуы мүмкін.
Осы аптада мәжіліс тиісті заңның жобасын алғашқы оқылымында мақұлдады. Соған сәйкес, әрбір әлеуметтік желінің Қазақстанда ресми өкілеттігі ашылуы тиіс. Өйтпеген жағдайда, техноалпауыттардың жұмысына шектеу қойылуы мүмкін.
Жобаның бастамашысы, мәжіліс депутаты Айдос Сарымның пікірінше, дәл осы мәселе қоғамда теріс пікір тудырды.
Депутаттың айтуынша бұл ең алдымен балалардың киберқауіпсіздігін қамту үшін қажет.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Бұл заң мемлекеттік органдардың интернет платформалар және техно алпауыттармен өзара қатынасын үйлестіруді көздейді. Қазірдің өзінде техно алпауыттар заңсыз-ақ Қазақстанда уәкілдігін ашуға дайын отыр. Айта кететіні, әзірге заң жобасы әзірге мәжілістің бірінші оқылымында қабылданды. Алдағы уақытта ауқымды жұмыс жүргізуді қажет етеді. Демек, бұл да бір мезетте шешілетін мәселе емес. Әйтсе де бұл заң жобасы бекітілсе, техноалпауыттармен ресми түрде келіссөз жүргізуге мүмкіндік бермек.