Әлемдегі ең семіз адам - 44 жастағы британдық Кит Мартин арықтамақшы болып көз жұмды. Бұл туралы Daily Mail газетіне сілтеме жасаған ТАСС хабарлайды.
«Әлемдік рекордты орнату кезінде салмағы 444,5 келі болған Мартин асқазанын кішірейту бойынша жасалған отадан кейін сегіз ай өткен соң қайтыс болды. Жасалған отадан кейін оның асқазанының көлемі 75 пайызға кішірейді», - деп атап өтеді басылым.
Қайтыс болар алдында Мартиннің салмағы 247,6 келі болған.
Лондонда тұрған британдық азаматтың есімі өткен жылы әлемдегі ең семіз адам атағын алған соң кеңінен танымал болды. Таңғы асқа алты қуырылған жұмыртқа жейтіні белгілі еді. Түскі және кешкі асқа Мартин жедел тағамдану мейрамханаларынан көптеген ас түрлеріне тапсырыс беретін. Тәулігіне британдық медициналық билік көздері кеңес еткен 2,5 мың калорияның орнына 20 мың калорияны жаратты.
Салмағының үлкендігі салдарынан жас азамат пәтерінен шықпай, әлеуметтік жәрдемақыға өмір сүрген.
Ағымдағы жылы арықтауды шешкен Мартин асқазанының бір бөлігін кесіп тастауға ота жасатуға келісті. «Жата беруден жалықтым, далаға шыққым келеді», - деді ол жұмысшылардың оны ауруханаға әкету үшін үйдің қабырғасының бірін бұзуға келгенінде.
Басылымның атап өтуінше, британдық азаматтың өліміне өкпесінің қабынуы себеп болған.
ҚазАқпарат