Әлемде әйелдерге қарағанда ер адамдар саны көбірек

Әлемде әйелдер саны 3,9 млрд, бұл тиісінше халықтың 49,58%-ы. Яғни, ер адамдар әйелдерге қарағанда 65,5 млн-ға көп, деп хабарлайды Egemen.kz Statisticstimes.com сайтына сілтеме жасап

2021 жылы әлемде гендерлік қатынас 100 әйелге 101,7 ер адамды құрады. 1957 жылға дейін әйелдер ерлерге қарағанда көбірек болды. Осы жылдар ішінде ерлер мен әйелдердің арақатынасы өсті: 1950 жылы 100 әйелге шаққанда 99,7 еркектен 2011 жылы ең көп дегенде 101,7 еркекке дейін жетті. 2100 жылы коэффициент 100,3-ке дейін төмендейді деп күтіледі.

Көптеген елдерде ерлерге қарағанда әйелдер көп. Бірақ халқы ең көп екі ел, Қытай мен Үндістанда ерлердің саны айтарлықтай жоғары. Дәл осы елдер әлемдегі ер адам санының көбеюіне ықпал етеді.

Жасына қарай балалар мен жастардың ішінде ерлердің саны айтарлықтай көптігінен тепе-теңдіктің бұзылғаны байқалады. Мәселен, 2021 жылы туғаннан 4 жасқа дейінгі әрбір 100 қызға 106,3 ұл, 5 жастан 9 жасқа дейін 106,6, 10 жастан 14 жасқа дейін 106,9, 15 жастан 19 жасқа дейін 107,1 ұл баладан келеді. Жастар арасында жағдай былай: 20–24 жас аралығындағы 100 қызға шаққанда 106,7 жігіт, 25 пен 29 жас аралығындағы 100 қызға — 106,2 жігіт.

Неғұрлым ересектер арасында ерлердің әйелдерге қарағанда басымдығы 50 жасқа дейін соғұрлым азая береді. 50 жастан бастап әйелдер саны еркектерге қарағанда басым бола бастайды. Мәселен, 2021 жылы 50-ден 54 жасқа дейінгі жас санатындағы 100 әйелге 99,8 ер адам, 60 пен 64 жас аралығында — 95,4 ер адам, 70 пен 74 жас аралығында — 86,1 ер адам, 80 мен 84 жас аралығында — 70,4 ер адамнан келеді.

Неғұрлым айқын айырмашылық қарттар арасында байқалады: 85-тен 89 жасқа дейінгі егде жастағы адамдар санатында 2021 жылы 100 әйелге 60,7 ер адам, 90 жастан 94 жасқа дейін — 48,7 ер адам, 95 жастан 99 жасқа дейін — 36,7 ер адам, 100 жастан жоғары — бар болғаны 27,8 ер адам.

Egemen.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста