«Алаштану мәселелері» жарық көрді

«Алаштану» орталығы «Алаштану мәселелері» атты алты сериялық ғылыми жинақтың бірінші томын жарыққа шығарды. Оған Алаш қозғалысы туралы материалдар топтастырылған.
Ғылыми жинақтағы еңбектерді Қа­зақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың «Алаш мұрасы және қазіргі заман» атты мақаласы бастап тұр. Елбасы осы ең­бегінде Алаш алыптары танымының ма­ңыз­дылығы туралы: «ХХ ғасырдың басында ұлт­тық бірлікті нығайту идеясын алға тарт­қан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды», – деп атап көрсеткен.
Ерлан СЫДЫҚОВ, Шәкәрім атындағы СМУ ректоры:
– Бұл жинаққа алаштану саласын зерт­­теп жүрген ірі ғалымдардың, Елба­сы­ның Алаш қозғалысына арнаған зерттеу ма­қа­лаларын енгізіп отырмыз. Бұл кітап­тың 2-нші және 3-томдары қазірде әзір­лік ба­рысын­да. Келер жылдың басында олар да жа­рыққа шығып қалатын шығар.

Жаңа жинақ алаштануға қомақты үлес қо­сары анық. «Алаштану» орталығының бұ­­ған дейін де Алаш қозғалысының тұл­ға­лары жайлы талай еңбегі қалың қауымға жол тартқан болатын. Олардың қатарында: «Күн­шығыс Алашорда», «Алаш қала­сы», «Гонимые голодом», «Сибирь и Ка­зах­стан» атты құжаттар жинағы мен зерт­теулер бар.
Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ, Қазақстан тарихшылар қауымдастығының төрағасы, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Алаш қайраткерлерінің үстінен бол­ған сот процесі туралы материал­дардан үш том­дық шығару «Мәдени мұра» бағ­дар­­ла­масы аясында биылға жоспарлан­ған бо­­латын. Оны Үкімет те бекіткен. Алайда жос­­пар­­ланған шаруа іске аспады. Түрлі бюро­кра­тиялық себептерге бай­­ланысты сол Алаш қайраткерлерінің үс­тінен қоз­ғал­ған сот процесінің 1-томы шық­пай қал­ды. Бұ­ған біздің Ақпарат министрлігі кінә­лі деп ой­лаймын. Бірінші томы шы­ғатын еді, оны қар­жыландыру жағы дұ­рыс жолға қойыл­ма­ды. Ұйым­дас­тыру мә­се­лесі дұрыс ойлас­т­ырылмады. Ми­нистр­лік ұйымдастыруды өзінің мін­­детінен шы­ғ­арып алды.
 Ғалым «Алаш қайраткерлерінің үстінен болған сот процесі туралы материалдар жа­­рыққа шықпайынша, Алаш туралы ақи­қат жарыққа шықпайды, онсыз алашта­ну жартыкеш күйінде қалады» деген пікірде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста