Алаш АЙМАҚ

Алаш АЙМАҚ

Қостанайдың астығы әлемнің 30 еліне сатылады
Қостанай облысы – әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жағынан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген өңірлердің бірі. 1993 жылмен салыстырғанда, 2011 жылғы аймақтың жалпы өнім көзі 226 есеге артып, жан басына шаққанда 975,4 мың теңгені құраған. 1993 жылға қарағанда өткен жылы өңірдегі өндірістердің өнім көлемі 300 есеге көбейіп, 451 млрд теңгеге дейін жеткен.
Аймақтағы ұн өндіру көлемі – 6 есе, бағалы металл өндіру – 3,9, боксит өндіру – 1,7, электр энергиясын өндіру көлемі   2,4 есеге артқан. Индустриялық-иннова­ция­лық даму стратегиясы бойынша аймақта құны 83,3 млрд теңгенің 95 ин­вес­тициялық жобасы іске қосылып, жаңа­дан 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылса, оның 65,1 млрд теңге көлеміндегі негізгі 17 инвестициялық жобасы 2,5 мың адам­ды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.
Тобыл өңірінде республикалық «Ин­дуст­рия­ландыру картасы» бағдарламасы бойынша құны 24 млрд теңгелік 25 жо­баның іске қосылуы жоспарланып отыр.
Астық молшылығын жасап отырған облыс сыртқа астық пен ұн сатуда рес­публи­када алдыңғы қатарда. 2003 -2011 жылдары Қостанайдың 13,3 миллион тонна алтын астығы мен 3,3 миллион тонна жоғары сапалы ұны экспортталды. Қазір Қостанайдың астығы мен ұнын әлем бойынша 30 ел сатып алады. Еліміздегі сыртқа шығарылатын ас­тықтың шамамен 30 пайыздан астамы Қостанай облысы аумағында жиналады.


Темірден тау көтермек...
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқын алған Қостанайдағы Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты – еліміздегі темір кенін игеруде алдына қара салмай келе жат­қан іргелі кәсіпорын. Отан­дық өндірістің өркен жайып, кемерінен асуы – келешектің де кемелденген­дігінің айқын көрінісі. Өйткені қазіргі таңда тұтас еліміз бойынша қарыштап қадам жасай бастаған индустриялық-инновациялық жобалар Қазақ­станның басты өзекті мәселе­лері­нің біріне айналға­нын айғақтап отыр...
Өткен ғасырдың ортасында қа­зақ же­рін­де басталған бұл алып жоба Кеңес­тер Одағы тұсында алып державаның темір өндірісіндегі маңдайалды ошағы болғаны­мен, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жұмысын тоқтатқан еді. Дегенмен еліміз етек-жеңін жиып, ертеңімізге нақты да ба­тыл қадам басқалы бұл кәсіпорын да елдің индустриясын өрге сүйрейтін іргелі орынға айналды.


Бүгінде аталмыш кен орнының Соко­лов-Сары­бай, Качар, Қор­жынкөл және Со­колов кеніші си­яқты бес карье­рінен құра­мында шамамен 34 пай­ыз темірі бар 35 миллион тоннадан астам кен алынады. Кеңес Үкіметі тұсында Ресейдің Магнито­горск қаласына жөнелтіліп келген шикізат енді Қытайға жө­нел­тіледі. Сөйтіп, темір кенінің арқасында Қостанай облысының Қытаймен ортақ сауда айналымы бір жарым пайызға асуға өз септігін тигізуде.


Қазір Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі ENRС компаниясының инвести­циялық жо­балары арқылы болашақта ірі пилоттық жобаны жүзеге асырмақ болып отыр. Қуаттылығы жылына 7 миллион тоннадан артық кенді игеруге қауқары бар зауыт 2014 жылы пайдалануға берілмек. Бұл дегеніңіз – өзгеге жалынбастан өз зауы­тымызда кенді игеріп, отандық ауыр өнер­кә­сіптің оңалуына оң ықпал жасалады деген сөз. Жуық арада ENRС компаниясы 920 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы салуға ниет білдіріп отыр.
Өндіріс орнында қазіргі таңда 18 мың­нан астам адам еңбек етуде.

Қостанай облысы 1936 жылы құрылған.  Облыс республиканың Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен, сондай-ақ Ресейдің Орынбор,Челябі, Қорған облыстарымен шектеседі. Тобыл өзені жағасында орналасқан.


Әулиекөл – Марал баба туған жер
Тарихтың тұңғиық сырларын үнсіз іштей бүгіп жатқан қайран далам-ай десеңші... Небір зұлмат оқиғалар мен әулиелер,  атақтыларды тудырған дархан даланың бүгінгі күні көпшілікке белгісіз жайлары әлі де болса жетіп-артылады. Соның бірі әрі бірегейі Қостанай облысындағы Әулиекөл жайлы атап өтпеске болмас...
Бұл елдің шежіресінен сыр ақтарса­ңыз, біраз даулы жайлардың  куәсі бола­тыныңыз анық. Себебі әр ше­жіре­шінің айтқан уәждері мен келтірген дәлелдері әрқалай. Дегенмен соның ішінде шындыққа неғұрлым жанасатын әулиелі жерлер жайлы біршама тың дерек қорлары бар екені мәлім.
Әулиекөлдің  есімі бірталай тарих­шы­лардың пікірінше, Марал баба есі­мімен тығыз байланысты. Себебі күні бүгінге дейін қостанайлықтардың  көп­шілігі Марал баба рухына тағзым қы­лып, қабір басына барып құран бағыш­тайтын көрінеді. Тіпті Марал баба­ның аруағы разы болсын деген тілекпен құрбандыққа мал шалып, зиярат етуі де осы азаматтың тарихи аймақтағы орны­ның айрықша екенін көрсетсе керек. Марал ишан туралы Қостанай өңірінде айтылатын аңыз әңгімелер де өте көп. Осы өңірде ғазауат соғысын жариялаған Марал баба есімін халық есінде сақтау үшін Әулиекөлдегі жеті көлдің бірін Әулиекөл деп атап кеткен. Бұл туралы осы азаматтың мерейтойы қарсаңында арнайы жарық көрген «Сыр еліндегі діни-ағартушылық ой-сана» деп атала­тын ғылыми жинақ­тарында да анық дәлелдер келтіріледі. 
Марал ишан Құрманұлы – қазіргі Қостанай облысының аумағында туып-өскен, керей руынан шыққан ғұлама, діндар ғалым. Бұхараға барып, діни сауатын жалғастырған. Ислам дінін уағыздаған, халық арасында ерекше беделге ие болған адам. Оның Қостанай облысына қарасты Әулиекөл өңірінде Ханжатқан деген жерде Кенесары қоз­ға­лысын жақтап, орыс отаршылдарына қарсы ғазауат жариялағаны тарихи құжаттарда да кездеседі.
Өмірінің көп бөлігін Сыр елінде өткізген азаматтың Қостанайда қыр түле­гі болғанын Қызылорда қаласында жасалған күнтізбе де анық айғақтап береді.   Онда Марал баба есімін иелен­ген Қостанайдағы Ақмешіт, Қамысты ауданындағы кезінде кәсіпкер Ибраш Естаев салдырған Бестау мешіті және Әулиекөлдегі Марал бабаның немересі Әмит ишан (Абдулхамит) атындағы мешіттердің суреттері де бар екен.


Алып жұдырық иесі Қостанайда туған

Лондон Олимпиадасы ойындарында қоржыны­мызды қола медалімен толықтырған Иван Дычконың жеңісі жерлес­терінің де қуа­­ныш­тарын еселей түсті десек, артық айт­қандық емес. Қарсыластарын бірінен соң бірін ауыр соққыларымен есеңгіретіп тас­таған қостанайлық жігіттің ерлігі төбемізді көкке екі-ақ елі жеткізбей тастады.  Сидней Ол­им­пиадасының күміс жүлдегері Мұх­тар­хан Ділдәбеков­тен кейін қазақ боксында аса ауыр салмақта жоғары класты спорт­шы бой көрсетпегені белгілі. Сондықтан да бұл қоланың құны да жоғары болуы тиіс. Лондонда тегеуріні мықты Дычконың дү­бір­лі додада талай елдің мықтыларын төпелей соғып, жүлдені жұлып алған­ды­ғы көрер­мен­дерін қуанышқа бөледі.


Облыста 100-ден астам ұлттар мен диаспора өкілдері тұрады. 2012 ж 1 қаңтар бойынша облыс тұрғындарының саны 892.4 мың адамды құраған, олардың 34,9% -ын қазақтар құраса, 41,2%-ы – орыстар, 11,9%-ы – украиндар, 3,8%-ы – немістер және 8,2%-ын басқа ұлт өкілдері құраған.


Қазақтың тұлпары – адамзат мақтанышы

Жылқыны ер қанаты деген қазақтың бабалардан бастап басты серігі болғаны тарих қойнауында сайрап жатыр. Ішсе қымыз, мінсе көлік болған жылқының орны алаштықтар үшін қашанда бөлек. Алпамыстың Байшұбарын, Төстіктің Шалқұйрығын, Тарғын батырдың Тарланын,  Ақан серінің Құлагерін жаратқан қазақтың киелі топырағы тұлпардың тұяғынан кенде болмағаны тарихтың сарғайған парақтарында сайрап жатыр...
Алайда жыл өткен сайын қазақтың аттары тек қой бағып жүрген қойшы­лар­дың мәстегіне не болмаса қыстық  соғым­ға айнала бастауы көңілді құлазытып кететіні бар. Бәйгенің алдын бермес тұлпарла­рымыздың тұқымы құрып, қазақ жылқы­сы­ның қасие­ті­нен ажы­рай бас­тауы бап­кер­лердің де бас ауруына айнал­ғалы қашан. Де­ген­мен жы­лқы зауытының отаны атан­ған Қоста­найдағы «Қазақ тұл­па­ры» зауыты елі­міздегі ең бі­ре­гей жылқы тұ­қы­мын шығарушы болып отырғаны мә­лім. 
Тарих беттерін парақ­та­сақ, 1888 жылы құрылған бұл зауыт сонау ғасырлар қойнауынан қазақтың баба­лардан мұра болып қалған жылқының текті тұқымын сақтап қалуы­мен ерекше­ленеді. Ал 2000 жылдың 10 қаңтарында аталмыш зауытқа Елбасы арнайы ат басын бұрып, зауытқа  «Қазақ тұлпары» деген ат қойғаны да бұл комму­налдық  кәсіпорынның еліміз үшін аса маңызы жоғары екенін көрсетті. Сөйтіп, «Қазақ тұлпары» болып тарих сах­на­сына енген бұл жаңалық жақсылықтың жаршысы болып, қалың қазақтың ауыз толтырып айтар жетістіктерінің біріне ай­налды. 
Бүгінде атал­мыш зауыт спорт­тық  жыл­қы ша­руа­шылығы бо­йынша рес­пу­бли­ка­лық селек­циялық-генето­логиялық бір­ден-бір орталық болып саналады. Зауыттың негізгі міндеті – қостанай тұқымын сақтап, селекциялық жұмыстар жүргізу. Алғаш рет 1951 жылы мұнда қостанай жылқысы тұқымы шығарылды. Бүгінде аталмыш жыл­қы зауытында үш бірдей жылқы тұқы­мы сұрыпталып, таза қанды қазақ жыл­қы­ла­рының тұқымын шығару қолға алынып отыр.
Атап айтқанда, жүк­ке арналған бел­­ді аттар, мініс­ке ар­нал­ған аттар және ша­ша­сына шаң жұқ­­пай­тын бәйге ат­тары ар­на­йы бап­тап, барлық жағдайды жасаудың арқасын­да көпші­лік­тің сұра­ны­сын қанағат­тан­ды­рып отыр. Қазір кім де бол­сын қоста­най жыл­қы­лары­ның бәйгенің алдын бер­мес нағыз тұлпар екендігіне көздері анық жетті.

Бүгінде зауыт қожалығы жаңадан зауыт ашуды да жоспарға алып отыр. Сон­дай-ақ зертханалық жұмыстарға да ерек­ше  мән беріліп, отандық ғалымдар таза  қанды араб және батыс еуропалық мініс жылқыларын будандастыру  арқылы жаңа тұқым шығару жұмыстарын да  қолға алып отыр. Бұл дегеніңіз – болашақта қазақтың қазанаты да  шығып қалатыны анық.

Нәбидолла КИКЕБАЕВ, «Қазақ тұлпары» зауытының директоры:
– Қазақтың тұлпарының тұяғын сақтап қалу оңайға соққан жоқ. Өйткені бүгінгі нарық заманында қаржыны табу да қиынның қиыны екені рас. Соған қарамастан, бүгінде басқа араб, ағыл­шын және парсы жылқыларына төтеп бере алатын нағыз таза қанды жылқы тұқымын шығарып жатырмыз.

Расында да, зауыт тарихына көз жү­гірт­­сек, жеткен жетістіктері тарих парақ­тарында алтын әріптермен айшықталып үлгеріпті. Мәселен, 2002-2008 жылдары шетелдік таза қанды мініс жылқыларымен жарысқа  түскен зауыт жылқылары 294 жүлделі орынды қанжығаға  байлап, 13056,0 мың теңге таза табыс әкелген екен. Алғаш құ­рыл­ған кезде  шаруа­шы­лық­та  жылқы саны 226 бас болса, бүгін­де  таза  қанды қоста­най жылқысының саны 311 басқа жеткізіл­ген.


Қостанайда темір тұлпар да шығарылады
Еліміздің көлік индустриясын дамытуда жаңа кезең  басталды. Олай дейтініміз – қостанайлықтар биылғы жылы өнеркәсіп өндірі­сін­де үлкен серпіліс жасаған елі­міз­дегі бірден-бір өңірге айналып отыр. Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байла­нысты» деп отандық индустрияның тамырына қан жүгіру қажеттігін, индустриялық-инновациялық жобалар экономиканы жаңғырту­дың басты бағдары болып қала беретінін Президент тағы бір мәрте қадап айтты...
Жолдау барысында шенеуніктердің шетелдік көліктерде шіреніп отыратынын өткір сын садағына алған Елбасының пәрменінен кейін бірқатар министр­лік пен облыс әкімдіктері отандық көлікті мінгенді жөн санағанға ұқсайды.
Яғни Қостанайдағы  атал­мыш кәсіпо­рын «Қазақстанда жасалған» автокөліктері арқылы шенеуніктердің отанына айнал­ға­лы отыр.
Қазір  «ҚазАгромашхолдинг» бірқатар жаңа автокөліктің тұсауын кесіп те үлгерді. Атап айтқанда, жаңа кәсіпорын елімізбен қатар, шетел сарап­шыларының өздерін таң­дай қақтырды. Бір-екі жыл ішінде тұтастай машина жасау ісінде зор табыс­тарға қол жеткізген «Агромашхолдинг» компаниясы бүгінде ортақ бай­ла­ныста бір­неше мемле­кет­пен ты­ғыз қарым-қатынас жүр­гі­зіп келеді.


Дәл қазір отандық «Көлік детройты»  атанған кәсіпорынның  алдына қойған не­гізгі мақсаты да өз жерімізде отандық кә­сіп­керліктің тамыр жаюына жағдай жа­сап, қазақ автосының сыннан сүрін­бей, ертеңгі болашақ­та қазақ авто­көлігінің берік ірге­тасын қалау болып отыр. 
Бүгінде Ssang Yong, Iveco сияқ­ты мар­ка­лар­ды  бас­тап шығарған отан­­­дық көлік­терге  сұраныстың да артып келе жат­қаны сонша­лық – зауыттың өнім шығару көлемі күн санап артып келеді. Бұлай дейтініміз  – зауыт басшы­ларының сөзіне сүйенсек, 2012-2017 жылдар аралы­ғында 10 мың­нан астам автокөлік шыға­руды жоспарға алып отыр. Отандық көлік бағасы – 9-12 мың доллар аралығында. Жоғары техно­логияда жасалу үшін қон­дыр­ғылар орнату жұмыстары да жолға қойылып келеді.
Сергей МОГИЛАТОВ, «Агромашхолдинг» АҚ Қостанай  филиалының директоры:
– Дәл қазір біздің шығарған өнімге сұраныс өте жылдам қарқынмен өсіп келеді. Өйткені өзімізден шыққан­дықтан, көліктің бағасы да қолжетімді болатыны сөзсіз. Әрі бұл жергілікті азаматтар­дың пат­риоттығын да көрсетсе керек. Дегенмен биыл біздің мекеме мыңға жуық кө­лік­ті тендер арқылы сатуды жоспарлап отыр.


Қостанайдың қырандары


Ыбырай Алтынсарин  – Қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы. Алғашқы қазақ мектебін ашқан ардақты азаматтың есімі Алаш тарихына алтын әріптермен жазылған десек, артық айтпаймыз. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашты.


Әбдіғапар Жанбосынұлы 1870 жылы бұрынғы Торғай облысы Торғай уезінің Қараторғай болысында туған. Оның әкесі Жанбосын – Нияз бидің шөпшегі, қатарынан бірнеше сайлау бойы болыс болған, сауатты адам. Шешесі Алуа – Ахмет Байтұрсыновтың әкесінің ағасы Ақтас байдың қызы (1840-1934). Олар әу баста шаңырақ көтерген жер қазір «Алуа» ауылы деп аталады.


Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылдың 5 қыркүйегінде қазіргі Қостанай облысы Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылында  дүниеге келген. Алғашқы қазақ  әліппесінің авторы атанған жазушының қазақ халқының болашағы үшін жасаған еңбегі ұшан-теңіз. Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» жинағында қазақтың сол бір тар жол тайғақ кешудегі өткен өмірі туралы айтылады.


Төлен Әбдіков – атақты жазушы. Қа­зақс­тан Республикасының еңбегі сіңген қызметкері (2002). Т.Әбдіковтің «Райхан» атты алғашқы әңгімесі мен «Таңғы шық» 1964 жылы Қазақстан жастар әңгімелер жинағында басы­лып шықты. Одан кейін «Эллада ерлері» аудармалары басылып шықты. 2002 жылы «Парасат майданы» повесі жарық көрді. Осы шығарма ПЕН-клуб жүлдесіне ие болып, автор Франц Кавки атын­да­ғы халықаралық медальмен марапатталды.

Бетті дайындаған: Абзал Алпысбайұлы, е-mail: abzal-8@mail.ru, ұялы телефоны: 8 775 334 33 71

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста