Ала сызық ана өмірге бастауы мүмкін

Ала сызық ана өмірге бастауы мүмкін

Өзге қалаларды қайдам, Шымкенттің көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан абайлап өтпесеңіз, өміріңізге қауіп төнуі ғажап емес. Талап қоюдың арқасында қазір ереже біршама сақталатын болды, дегенмен ақ жолақтан өтерде айналаңызды жақсылап шолып алмасаңыз, ғайыптан зуылдап келе қалған көлік иесі «үйіңмен қоштасып шығып па едің» деп өзіңді кінәлап, айқайдың астына алатын әдеті.
– Соңғы уақытта жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған көлік оқиғалары көбейіп кетті. Бұл – бүгінгі таңда Шымкент қала­сын­дағы бірінші кезектегі проблема. Әрине, кейде жүргіншілер тара­пы­нан да ереженің сақтала бермейтінін жоқ­қа шығаруға болмайды. Облыс әкімі­нің арнайы тапсыр­масынан кейін жаяу жүр­гіншілермен де түсі­ндіру жұмыстары жүргізілуде. Ережені көлік жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де қатаң сақтауы тиіс. Сонда ғана қауіптің бетін қай­таруға болады, – дейді облыстық жол поли­ция­­сы­ның бастығы Аманқұл Қасымбеков.
Шымкент қаласында 7000-ға жуық жол белгілері бар. Алайда көптеген жер­лер­де сол белгіде көрсетілген талаптар сақ­тала бермейді. Әсіресе «Тоқтауға бол­майды», «Тұ­раққа тыйым салынады» деген секілді бел­гілерге жүргізушілер көз қырын да сал­майды.
«Жылдамдықтан асыру» демекші, об­лыс әкімінің қатысуымен өткен бір жиын­да Асқар Мырзахметов полицей­лердің жұ­мы­сына кіжіне отырып, «қала ішінде көліктерді сүмірейтіп 40-пен жүргізіп қоя­сың­дар, онсыз да көліктер көшеге сый­мауға айнала бастағанда қолдан кеп­теліс ұйым­дас­ты­ра­сыңдар, жылдам­дықты сәл көтеріп қой­саң­даршы» деп ескерткені бар еді. Алайда бұл ескерту жар басында айтыл­ған жаңғырықтың күйін кешкен сыңайлы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста