Әкесі тірі адам сақал қоймаған

Бүгінгі таңда қобда сақал қоятын жастар қатары көбейіп келеді. Бірі діни нанымына байланысты сақал өсірсе, енді бірі сән үшін сақал қоятын болған. Сондай-ақ жастардың жасы жетпей сақал қоюы қоғамда екіұдай пікір туғызып жүр. Оны жақтаушылар да, даттаушылар да бар. Жақтаушынылардың пайымынша әрбір мұсырман баласына сақал қою - сүндет. Олардың түсінігінде сақалдың әр талында періште отырады. Ол пендені шайтанның арбауынан қорғайды. Ал жақтаушылардың айтуынша, әкесі тірі адам сақал қоймайды.

Осы орайда Жолымбет Мәкіш атты азаматтың Facebook парақшасындағы мына бір жазбаны назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Қазақта әкесі тірі адам сақал қоймаған ғой. Өткенде осыны жасы отыздан енді асқан бір намазхан досыма ақырындап айтып едім, ертеңінде ол сақалын күзеп, әп-әдемі қырма сақал қойып келіпті.
Әйтпесе алдындағы тоғыз тал сақалы сиқын кетіріп, сырттай оның мұсылмандық образын қоғамдағы қалыптасып кеткен әлгі бір сүйкімсіз стереотиппен байланыстырып тұратын. Жарасып тұрса үндемейсің ғой. Кейін өзі де:«Біз сыртқы формаға көбірек мән беріп кеткендейміз» дейді. Мүмкін біреулерге сапсиған сақалын қырса, иманы кеміп қалатындай (Оның иманмен қандай байланысы барына миым жетпеді) көрінетін шығар. Бірақ жасы қырықтан асып, әкесін соңғы сапарға шығарып салғанда ғана сақалын жіберсе, қатып-ақ кетер еді. Сонда кімнің, кім екені де сырттай білініп тұрады. Дінге енді бет бұрған жастардың осындай максималист болып келетіні бар. Бір нәрсені асыра істеуге бейім. Сосын бізде бабаларымыздан бері келе жатқан діни дәстүрдің үзіліп қалғанын білесіздер. Осының кесірінен діни вакум қалыптасып, әркім әртүрлі «ақидалардың» сойылын соғып кетті. Ұлттық әдет-ғұрыпты былай да қазір ешқайсымыз ұстанбаймыз ғой. Кимешекті де анау, кемпірлерге кигізіп қойдық. Енді жөнімен сақал қойған намазхандардың сақалына (бұл әркімнің жеке шаруасы) жармаса бергенді қойып, оған қатысты осындай нюанстарды ескеріп жүру керек сияқты. Әйтпесе қазір сақалы бар ағаларымызға тиісіп сөйлеу еріккеннің ермегіне айналып барады…»
Ал ақ қарасын өзіңіз ажарата жатарсыз.
Алаш айнасы
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста