"Әйелсің, еркектің жұмысы деген сияқты келеке-кемсіту болған емес": Ер адамның мамандығын игерген нәзік жандар сүйікті жұмыстары туралы

"Әйелсің, еркектің жұмысы деген сияқты келеке-кемсіту болған емес": Ер адамның мамандығын игерген нәзік жандар сүйікті жұмыстары туралы

ХХІ ғасырда әйел немесе ер адам мамандығы деп бөлінбейді. Бастысы мамандықты жүрек қалауымен таңдаған абзал. Дегенмен біздің қоғамда әлі де болса бұл ер адамның немесе әйел адамың жұмысы деп бөліп, ажырату түсінігі бар. 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі ер адамның мамандығын игеріп, еңбектеніп жүрген нәзік жандармен сұхбаттасқан болатын.

Гүлзада Нәлібаева, 49 жаста, кран машинисі: 

"Кран жүргізушісі болып жұмыс істеп жүргеніме 13 жыл болды. Соңғы 9 жыл елордада тұрып, еңбек етіп келем. Оған дейін Түркістан қаласында тұрдым. Менің бұл мамандықты таңдауыма жеңгем әсер етті. Жас күнімде жеңгемнің жұмысына көмектесіп жүріп, кейін өзім игеріп алдым. Кран жүргізушісі мамандығын игерген соң шамалы уақыт жұмыс істеп кетіп қалдым, кейін компания өздері қайтадан жұмысқа шақырды", - деді Гүлзада Нәлібаева. 

 
Оның айтуынша, содан күні бүгінге дейін осы салада еңбек етіп келеді. 

"Кейін Нұр-Сұлтанға көшіп келдім, міне күні бүгінге дейін кран жүргізушісімін. Қазіргі жұмыс істеп жатқан фирмада 13 кран жүргізушісі бар, менен басқасының барлығы - ер адамдар. Әр жұмыстың өзіндік қиындығы бар. Мен үшін ер адамдардың арасында жұмыс істеудің ешқандай қиындығы жоқ. Сен әйелсің, бұл еркектің жұмысы деген сияқты келеке-кемсіту болған емес. Керісінше мен араларындағы жалғыз әйел болғандықтан маған сый-құрметпен қарайды. Қазіргі жас буын, оның ішінде қыз балалар осы мамандыққа қызығушылық танытып, үйренемін десе қолдаймын", - дейді ол. 

Сондай-ақ, кейіпкеріміз жұмысты жақсы, жаман немесе қиын, жеңіл деп бөлуге болмайтынын алға тартты. 

"Бәрі де адамның еңбектенуіне байланысты. Мысалы, кран машинисі ретіндегі менің міндетім - төменнен жоғарыға құрылыс заттарын және жоғарыдағы керек емес құрылыс заттарын төменге кран арқылы тасымалдау. 33-35 метр биіктікте жұмыс істеймін. Жұмыс уақыты күніне -11 сағат, жұмыс арасында 1 сағат үзіліс береді. Бізде демалыс деген түсінік жоқ, айына 2 күн ғана демаламыз. Отбасым, 5 балам бар. Барлығы да ер жетіп, бой жеткен", - дейді ерекше мамандық иесі.

Татьяна Форгунова, 40 жаста, жедел жәрдем жүргізушісі:

"Мен 1980 жылы қазіргі Нұр-Сұлтан бұрынғы Целиноград қаласында дүниеге келдім. 1998 жылы жүргізуші куәлігін алдым, ал 2001 жылдан бастап жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істеп келемін. Әр жұмыстың өз қиындығы бар, біздің қызметтегі басты қиындық, әсіресе елордада, жедел жәрдемнің тұрғын үйлердің ауласына кіруі. Қазір көп тұрғын үй кешендерінде шлагбаум орнатылған. Бізді шақырған кезде тез баруын барамыз, сосын шлагбаумнан өте алмай тұрамыз. Ал жедел жәрдем шақырғанда әрбір секунд қымбат әрі маңызды. Кейде тұрғын үй ауласына кіре алмағандықтан жедел жәрдем көлігін аула сыртына қалдырып, пациентке жаяулап баратын сәттер да болады. Және өзіміз ғана емес, біздің құрал-саймандарымыз бар. Сонымен қатар көшеде келе жатқанда көлік жүргізушілері арасында жедел жәрдемді көріп тұрса да жол бергісі келмейтіндер болады. Коронавирус індетінің таралуына байланысты жедел жәрдемді шақырушылардың көбейгені рас", - деді Татьяна Форгунова. 

Татьяна 2 күн жұмыс істеп, 1 күн демалады. Жедел жәрдем бригадасында 4 адам бар. 

"Біздің жұмыстағы тағы бір қауіп - ол жол-көлік апаты. Өкінішке қарай, жұмыста жүріп 3 рет жол-көлік апатының қатысушысы болдым, бірақ кінә менен емес, яғни үшеуінде де жол-көлік апатының орын алуына айыпты қарсы жақ болды. Дегенмен менде жол апаттарынан кейін жұмыстан бас тарту немесе көлік жүргізуге деген қорқыныш, үрей болған емес", - деді ол. 

Татьяна Форгунова өз ұжымында ғана емес, елорда бойынша жалғыз жедел жәрдем жүргізуші әйел. 

"Біздің ұжымда барлығы ер адамдар. Ұжым ұйымшыл, оның үстіне мен жүргізуші жалғыз әйел болғандықтан, барлығы маған сыйластықпен, құрметпен қарайды. Дегенмен талап бәрімізге ортақ. Маған әйел екен деп ешкім ерекше пейіл танытпайды. Оның үстіне осы салаға келгесін, мен ең алдымен жедел жәрдем жүргізушімін және өз жұмысымды талапқа сай істеуім керекпін деп өз-өзіме сөз бергем. Және біздің қызметтік міндеттер қатарына тек жедел жәрдемді жүргізу ғана емес, сондай-ақ, алғашқы медициналық жәрдем процесіне көмектесу де кіреді. Менің басты мақсатым мен қызметім – пациентке дер кезінде медициналық көмек көрсету", - дейді маман. 

Жедел жәрдем жүргізушісінің айтуынша, жақындары мен достары оның мамандығына құрметпен қарайды. 

"Қазір заман басқаша, көлік жүргізуші болып істеудің әйел үшін әбестігі жоқ және басқа да "ерлерге тән" салада әйел адамдар бар. Сондықтан өз басым мамандығымды, жұмысымды ер адамға арналған деп ойламаймын. Оның үстіне қазір екінің бір көлік жүргізе алады, оның ішінде қыз, әйелдер де бар. Таңқаларлық нәрсе емес. Сол сияқты маған жақындарым, достарым және таныстарым түсініктікпен қарайды, керісінше құрметпен қарайды десем артық айтқаным емес", - деп аяқтады өз сөзін. 

Гүлсанат Сумбай, 28 жаста, каратэ спортының жаттықтырушысы:

"Мен каратэмен 18 жасымнан айналысып келемін, оның ішінде соңғы 12 жыл кәсіби түрде шұғылданамын. Басында қызық көріп айналысқан спорттың бұл түрі бүгінде менің негізгі жұмысым болып отыр. Мамандығымның басты ерекшеліктеріне тоқталар болсам, біздің салада үнемі оқып-жаттығуың керек, яғни өмір бойы тоқтаусыз үйренесің. Өйткені мен біреуді жаттықтыру үшін өзім де күнде жаттығып, тың болуым қажет. Және каратэ ғана емес, басқа спорт түрлерімен де таныс болуың қажет. Әр спорттың өзіндік қыр-сыры бар және оны ұғып-білу ұзақ процесс. Жалпы каратэ Қазақстанда, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында жақсы жолға қойылған. Сондай-ақ, елордада каратэ үйірмелері жеткілікті", - деді Гүлсанат Сумбай.  

Оның сөзінше, бүгінде елордада каратэ спортына қызығушы балалар мен жасөспірімдер көп және бұл қуантарлық жағдай.

"Менің туыстарым, дос-таныстарымның арасында саған каратэнің не керегі бар? Сен қыз бала емессің ба дегендер болды. Ондай сәтте маған каратэмен айналысқан ұнайды деп қысқаша жауап қайтарамын. Каратэ спортымен шұғылдануға әрине кеңес беремін, егер адам ұнатып тұрса неге айналыспасқа. Ұл-қыз деп бөлмеген жөн. Сол сияқты мамандықты да ер адамға немесе әйел адамға арналған деп бөліп, ажыратып жатудың қажеті жоқ деп ойлаймын, ең бастысы жүрек қалауымен еңбектену керек", - деді ол. 

Сонымен қатар, спорт жаттықтырушысы өз мамандығын мақтан тұтатынын тілге тиек етті. 

"Өз басым мамандығыммен мақтанамын. Жуырда бір қызық оқиға болды. Кездейсоқ бұрын каратэге баулыған оқушымды көріп қалдым, мен оны танымадым, ол мені танып өзі аман-саулық сұрасты. Қарасам бұрынғы бала, қазір үлкен жігіт болған. Басты қуанғаным ол да бүгінде мен секілді жаттықтырушы екен, тек басқа спорт түрінен. Спортты таңдауыма сіз себеп болдыңыз дейді, ұстаз үшін одан артық қандай бақыт керек. Жалпы каратэ жаттықтырушысы ретінде осы күнге дейін шамамен 500-дей шәкірт тәрбиеледім", - дейді Гүлсанат. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста