Әйелге күш көрсету – ерлік емес

Әйелге күш көрсету – ерлік емес

Бүгінде Қазақстан адам құқықтары жөніндегі 30-ға жуық халықаралық шартқа қатысып, қол қойды. Алайда елімізде әйелдер құқығының аяққа тапталуы жиі шаң беріп қалады. Әйелдерді қорғау бүгінде әлемдік проблемаға айналды. Осы бағытта алпауыт елдердің өзі арнайы бас қатыруда. Америкада, Англияда осындай мәселелермен, яғни отбасындағы зорлық-зомбылық туралы әрекет ету қызметі, Болгария, Италияда отбасындағы жанжалды реттеу қызметтері, Жапония мен Германияда мінез-құлық полициясы сияқты құрылымдар айналысады. Ал біздің елімізде 1999 жылы ішкі істер органдары жүйесінің құрылымында әйелдерге зорлық-зомбылық жасау көріністеріне қарсы күрес жөніндегі бөлімдер құрылған. Осыған қарамастан елімізде бұзақылық пен тонау қылмыстарынан әйелдер ерлерге қарағанда екі есе зардап шегеді.
Елімізде әйелдердің 60 пайыздан астамы күштеу мен зорлық-зомбылыққа тап болса, әрбір үшінші әйел өз күйеу­ле­рі­нен озбырлық көреді екен. Осыған байла­нысты жолы жіңішкелердің дені дағдарыс орталықтарын көбейту керектігін айтады. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында бір дағдарыс орталығы жұмыс істейді. 2002 жылы облыстық отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссияның қол­дауымен адам саудасы құрбандары үшін арнайы баспана ашылған. Мұнда психолог пен заңгер ма­мандар ақысыз қызмет көрсетеді. Елі­міз­де мұндай орталықтардың саны – 19. Бір өкініштісі – олар жаны жара­ланып, тәніне таяқ тигендерге тек сөзбен ғана кө­мек қо­лын соза алады. Ал жуан жұдыры­ғын ала жү­гіретін алып күш иелерін тәртіпке ба­ғын­дырар тиек табылмай тұр. «Тұрмыс­тық зор­­лық-зомбылық туралы» заң Мәжіліс пен Сенат  арасында көкпар тартқан ту­лақ­тай болып, біршама уақыттан кейін әзер ­дегенде қабылданды. Аруларымыздың жа­нына жалау болып, көз жасын құрға­та­тын тиек табылса да, осы саладағы қыл­мыс­­тар саны азаяр емес. Оған статисти­ка­лық мәліметтер дәлел бола алады. Жыл са­йын елімізде зорлық-зом­былықтың құр­ба­нына айналған 600-ден астам әйел о дү­ниеге аттанады екен. Мұн­дай көрсеткіш жыл жылжыған сайын көбеймесе, азаяр түрі жоқ.
Алма СЕРҒАЗИЕВА, Жамбыл облыстық ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы:
– Жыл басынан бері облыста әйелдерге қатысты 3 770 қылмыс жасалған, оның 2 810-ына қатысты қылмыстық іс қозғалды, ал 1 745-іне қатысты қылмыстық іс қозғалмаған. Статистикалық мәліметтер көбейіп барады, расында. Алайда қаншама азап көрсе де, тиісті орынға шағым­дан­бай жүре беретіндерді де жоқ дей алмаймыз.

 Ақ жаулықтылар көбіне отағасынан озбырлық көрсе де, «бас жарылса да бөрік ішінде» қалдырғысы келеді. Тиісті орынға ха­барлағанымен, кейіннен «бала­ла­рым­ның әкесі ғой» деген сияқты сан сылтаумен жазған арыздарын кері қайта­рып алып жататындары көп. Ұрыс-жан­жалдың 44 пайызы қызғаныштан туындап жатады екен. Сондай-ақ озбырлықтың құрбанына жоғары білім алмаған, жұмыс істемейтін әйелдер тұсалады. 775 оқиға оған дәлел. Бірақ көзі ашық оқыған-тоқығаны мол әйелдерді айналып өтеді деп тағы да айта алмайсыз. 225 оқиға – солардың енші­сін­де. Әйелдерге қатысты осындай фактілер жыл жылжыған сайын өсіп барады. Бұл мұн­дай жағдайлар бұрын жоқ еді дегеннен емес, бұрын әйелдер өз құқықтарын қалай қорғауды білмесе, бүгінде тиісті органдарға ха­барласып, зорлықшының екі аяғын бір етікке тығуды үйренген. Фактілер содан өсіп отыр. Бүгінгінің бұрымдысы бұрын­ғы­дай таяққа төзіп, өмірін оздырып жүре бермейді. Ұра бергенді ұзаққа созбай ұстап беруге бар.

Заң не дейді?
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» Заңның 4-бабында оның төрт түрге бөлінетіндігі айтылған. Бірінші – дене жарақатын салу, күш қолдану арқылы денсаулыққа зиян келтіру, оған ұру, қинау жатады. Екінші – психологиялық қорлау, адамның психикасына шабуыл жасап, ар - ожданын аяққа басу, қадір-қасиетін төмендету, үнемі үрейде ұстау. Үшінші – сексуалдық қорлау. Төртінші – экономикалық күштеу, яғни адамды үй-жайынан күштеп айыру. Заң 2009 жылы қабылданған. 1998 жылы Қазақстан «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы» халықаралық конвенцияға қол қойған. Бұл тарапта елімізде үкіметтік емес ұйымдар, отбасы-демографиялық саясат бөлімдері, дағдарыс орталықтары жұмыс істеуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста