Адасқан тағдыр: Үш жігітпен некесін қиған бойжеткен өмірден баз кешіп кетті

Адасқан тағдыр: Үш жігітпен некесін қиған бойжеткен өмірден баз кешіп кетті

Ақтөбе қалалық дін істер басқармасы мен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы жаңа видео жариялаған. Онда мектеп бітіре сала адасқан ағымның құрбаны болған бойжеткен өз өмірі туралы айтып береді. Қыздың жеке басына қатысты барлық ақпарат құпия сақталған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Алты жыл бойы адасқан ағым жетегінде жүрген келіншек ақтөбелік теологтарға салафит жігіттердің санасын қалай улағанын айтып берген. Өмірін өкінішпен баяндаған келіншек өзгелерді адаспауға үндейді.

Бірінші неке: Намазға тұрған әйеліне Сирияда атыста жүргендей әсер алуды бұйырған

«Мектеп бітірген жылы намазхан жігітпен таныстым. Ол кісінің намаз оқитынын білдім, қандай дін ұстанатынын білген жоқпын. Бір айдан кейін тұрмысқа шықтым. Ол кісі хиджап киюде қинамайтынын, өзім қалаған кезде намаз оқитынымды айтты. Тұрмысқа шыққан күннің ертеңіне маған намаз оқу мен хиджап киюді бұйырды. Мен намаз оқымайтынымды айттым. Үш ай арпалыспен өтті. Көшеде мені ертіп жүруге ұялатынын айтып, тастап кетеді. Ішімдегі бала үш айға толғанда талап қойды. Намаз оқуым керек, болмаса ата-анама апарып тастайды.

Хиджап киіп, намазға жығылдым. Намазға келгесін ол кісі маған оқитын кітаптар, лекциялар әкеп берді. Оларда намаз оқымайтын адамдар кәпірделінген. Ол кісі: «Сен намаз оқыған кезде өзің секілді «сестралардың» (әйелдердің ред.) атысып жатқанын, өзіңді Сирияда жүргендей елестетсең, жәннаттық боласың» деп айтып отырды. «Намаз оқымайтын кәпірлер» деп ата-анаммен байланысымды үзді. Таңнан кешке дейін Халил деген кісінің лекцияларын тыңдатады.

Бала көтеріп жүрсем де үш-төрт күндеп аш жүретін едім. Маған менің әке-шешемнен ақша алдыртады. Ол ақшаны футболға тігетін. Ол кісінің ұстанған ағымын мен де ұстанып кеттім. Толықтай сондай түсінікте жүрдім және оны дұрыс деп санадым. Ол кісі маған қосылғанға дейін 8 жыл бойы осы ағымда жүрген. Жігіттің әкесі ертеректе қайтыс болған. Намазға жығылмаған жалғыз анасын кәпір санайды», - дейді келіншек өз өмірі туралы.

Тұрмыстың қиындығымен талақ айтылып, бірінші неке бұзылады. Ажырасып кетсе де санасын улаған ағымнан алыстай алмаған.

Екінші неке: Түрмеде отырған жігітпен телефонмен қиылған неке сабаумен өткен

«Мен сол ағымға кіріп кеттім. Әке-шешеме келген кездің өзінде бөлек отырып тамақ ішіп жүрдім. Олардың жеген тамағын харам санап: «сендер тозақтықсыңдар», - деп отырдым. Сол кезде намазды қатты ұстанатын ортаға кезіктім. Олардың күйеулері түрмеде отырды. Олардың бәріне бір пәтер жалдап берген. Әке-шешемнің үйіндегі теледидар мен музыка харам санап, солардың қасына бардым.

Араларындағы үлкендеу апа түрмеде отырған «браттар» туралы айтты. Мен тұрмысқа шыққан адам сол жақта өліп кетсе, сен шахидтің әйелі боласың деп түсіндірді. Сол кезде менің санамда «жиһад», «Сирия», «шаһид» деген ғана түсініктер болды.

 

«Әйел адам ажырасқаннан кейін үш айдан кейін тұрмысқа шығу керек, некеңді қи» деп үгіттеді. Солардың ықпалымен түрмеде отырған кісімен некемді қидым. Олар түрмеде намаз оқитын бір адамды имам, екі адамды куәгер етіп, некемізді қиып берді. Мен телефоннан тыңдап отырдым.

Кейін ол кісі күн алып қойып, мені өзіне шақырды. Неке қиғаннан кейін бауырларыма айтып, сенің барлық жағдайыңды жасатамын деп айтты. Бірақ, бір ай өткеннен кейін «жұмысқа шық, маған тамақ, сәлемдеме салып отырасың» деді. Мен сол кісі үшін жұмыс істедім, ай-сайын тамағын салып отырдым. Мен балам үшін олай жұмыс жасамаған болатынмын. Сол кісі үшін жасадым. Түрмеге үш ай сайын кездесуге барғанымда ол кісіден таяқ жеп шығып жүрдім. Соңында өлуге дейін бардым. Ол кісіге көп таяқ жегенімді айтып, мені босатуын сұрадым. Ол кісі мені ұрғаны үшін өкінетін еді. Бірақ, өзін ұстай алмайды. Мені босатты...»,-дейді ол.

Үшінші неке: ««Сестраларға» талақ алғанымды айтсам, «үш айыңды өткіз, үш айдан кейін бауырлар бар ғой» дейтін»

«Ол кісіден ажырасқан соң «жетім баламын» деп айтқан тағы бір жігітпен таныстым. Ол да біздің қатты ұстанатын ағымда. Менен 7 жасқа үлкен ол адаммен неке қидым. Ол кісі жұмыс жасамайды, мен жасап жүрдім. Одан бала көтердім. Жүктілік кезінде жұмыс жасауға жағдайым болмай қалды. Ол адам сонда да жұмысқа шыққан жоқ. Талақ алдым. Біреулердің үйіне барып жүрдім. Жүктілігім 4 айға жеткенде ауырдым. Дәрігерлер баланы алып тастау керектігін, әйтпесе, болашақта ана бола алмайтынымды айтты. Кейін ол кісіні тауып алып, баланы алдыртуға ақша тауып беруін сұрадым.

Ол: «шаруам жоқ, өзің шешімін тап» деп жіберді. Қасымда жүрген салафи ағымында жүрген таныстарымның бәрі де теріс айналып кетті.

Тағы оқыңыздар: Францияда бетперде кигендер мешіттен шығып келе жатқан адамдарға оқ жаудырған

 

Анама хабарласып: «Мама, маған көмектес, болмаса менен айырылдым деп санай бер» дедім. Анам шыдай алмады. «Маған тірі болғаның керек» деп банктен ақша аударып жіберді. Баланы алдыртып, алты сағат есімді жинай алмай жаттым.

Сол кезде мен өз қателігімді түсіндім. Алты сағатта 6 жылғы өмірім көз алдыма келді. Ата-анамнан безгенім қате екенін түсіндім. Ағымнан кетемін деп өзіме сөз бердім. Жылап тұрып анамнан кешірім сұрадым.

Мен исламнан емес, адамнан қорықтым. Тұрмыста жүрген кезімде келін болып бас иген емеспін. Қазақстанды жек көрдім, кетуге асықтым. Әке-шешем аяғымды құшақтап жылаған кезде мен оларды теуіп кетіп қалатын едім. Ата- анам маған әлі де ренжулі, алты жыл бойы менің оларға айтпаған сөзім қалмады. Шын жүрегіммен айтайын, адаспай мешітке барыңыздар. Мен күйеулеріме «неге жұмыс жасамайсың?» деп айтсам, олардың жауабы «талақ» болатын», - дейді өмірін жылап баяндаған келіншек.

Дін қызметкерлерінің айтуынша, видеодағы кейіпкер қазіргі күні мешітке барып білім алып жүр. Келіншек ханафи мәзһабымен намазды қайта бастауға ниет білдірген. 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста