Адамдардың өкініші, өмір мен өлім үшін күрес – Алматы хосписіндегі бір күн

Хоспис – айықпас дертке шалдыққан науқас адамдар өмірінің соңғы күндерін өткізетін мекеме. Бүгінгі таңда хоспис деген атауды – паллитативті көмек деп ауыстырған. Қазақстанда мұндай орталықтар санаулы ғана. Ең ірі мегаполис Алматыда бір ғана хоспис бар. Azattyq Ruhy тілшісі аталған мекемеге барып, еліміздегі паллитативті көмек орталығының қызметкерлерімен әңгімелесіп, науқастардың жағдайын көріп қайтты.

 
Хоспис қандай қызмет көрсетеді?

Марина Рахимова хоспис ашылған күннен бері медбике қызметін атқарып келеді.

– Польшаның өзінде 50 паллитативті орталық бар. Алматыда бір ғана хоспис деген өте аз. Бізге жақындары үйінде аунатпай, тамақтандыра бергеннен арқасы шіріп, сүйектері адам шошырлық жағдайға түскен небір адамдар келеді. Сондай қараусыз қалған, жақындары күтім жасамайтын адамдар үшін мұндай орталықтар ауадай қажет. Және ондай адамдар өздігінен бізге келе алмайтын болғандықтан, поликлиникадағы бригадалар осындай науқастарды аралап жүріп, орталыққа әкелуі қажет. Бір нәрсені түсіну керек, біз науқастардың өмір жасын ұзарта алмаймыз. Бірақ өмір сүру деңгейін жақсарта аламыз. Оларды шомылдырып, тамақтарын беріп, шаштарын тарап, киімдерін ауыстырып, толық күтім жасаймыз. Бір сөзбен айтқанда, науқастың өмір сапасын жақсартамыз.  Кез келген науқасқа тәулік бойы медбике келіп жарасын таңады, екпесін салады, аспаз келіп тамақ береді, психолог маман әңгімелесіп, психологиялық саулығын тексереді. Соңғы кездері орталыққа келетін жастардың саны күрт көбейіп кетті. Себебі дер кезінде қыз-жігіттер дәрігер тексерісінен өтпейді. Обыр дертін бірінші деңгейде анықтаса, ұзақ өмір сүру мүмкіндігі бар.

Ақылы қызмет те көрсетіледі

Сандуғаш Керімбекқызы Паллиативті орталықта анестизолог-реаниматолог.

– Бұл мекеме 1997 жылы Қазақстанда алғаш ашылған. Мұнда келгенге дейін медбикелік күтім жасайтын орталықта жұмыс істегенмін. Бізде көбіне обыр дертінің асқынған түрімен ауыратындар жатады. Хоспистің негізгі мақсаты – науқастардың өмір сапасын жақсарту. Көп жағдайда орталыққа төртінші дәрежелі науқастар, ЖҚТ жұқтырғандар, қант диабетінің асқынған түріне шалдыққандар келеді. Біз мұнда тек симптоматикалық ем ғана тағайындаймыз, себебі науқастарды дайын диагнозбен аламыз. Бүгінгі күні орталықта 165 төсек бар. Мұнда науқастар тек жоспарлы түрде ғана түседі, оларды поликлиника немесе онколог мамандар жолдама арқылы жібереді. Сондай-ақ, ақылы және шақырту арқылы баратын бригадалық қызмет түрі де бар. Хосписте қазір – жүйке жүйесі ауруларының асқынған түріне шалдыққан, инсульттен тұра алмай, жүре алмай қалған адамдар саны басым. Одан бөлек, паркинсон, альцгеймер ауруымен ауыратын науқастар бар. Науқастардан бөлек, мұндағы әрбір дәрігермен психотерапевтер жұмыс істейді. Себебі, мұндай мекемеде жұмыс істеу психологиялық, физикалық тұрғыдан ауыр. Көріп отырғандарыңыздай, ғимаратымыз ескі және шағын ғана. Жоспар бойынша 2024 жылға қарай «Алматы арена» жақтан жаңа паллитативті орталық берілуі керек.

Мүлік үшін талас

– Қызмет барысында небір жағдайларды бастан өткереміз. Әсіресе, адамдардың дүние үшін таласы жиі орын алады. Кейбір қарттарға туыстары, бала-шағасы мүлдем келмейді. Тек жағдайы нашарлағанда пәтер немесе үй мәселесін шешуге ғана келеді. Осыдан екі-үш жыл бұрын Шешенстаннан бір жігіт келіпті. Туған апасын 30 жыл көрмеген, бірақ Алматыдағы үйді өз атына аудармақшы.  Ол кісі біраз науқастанып жатты. Сонда үйді өз атына аударғысы келген немересі «Ана кемпір қашан өледі, оны өлтіруге болмайды ма?!» деп бізден сұрайтын. Ол апа ақыл-есі сау кезінде үйін өзі қалаған адамына жазып кеткен екен. Сонда жаңағы немересі соттасуға дейін барды. Сондықтан біздің ауруханаға жатқан адамдарға нотариусты кіргізбейміз. Тек зейнетақы мәселесіне қатысты болса немесе куәлігінің уақыты өтсе осы мәселені шешетін әлеуметтік қызметкерлерге жүгінеміз. Басқа мәселелерге қатысты заңды тұлғаларды кіргізбейміз.

Айықпас дертке шалдыққандардың көбі өмірге өкпелі жандар

– Амангелді Сейтешұлы 1997 жылы тәуелсіз кәсіби миграция желісімен Канадаға кеткен психолог. Екі ел арасында жұмыс істеп жүргеніне 24 жылдан асқан. Күн сайын кемі бес науқасты қабылайды. Одан бөлек, орталық мамандарымен де терапия жүргізеді.

Айықпас дертке шалдыққан адамдар алғаш өз диагноздарын естігенде бірнеше классификация деңгейінен өтеді. Бірінші – шок жағдайы, екінші – ашулану, күйзеліс жағдайын өткереді. Содан кейін ғана қабылдау, мойынсұну келеді. Онкология – ішіне көп өкпе жинаған адамдар шалдығатын дерт. Атиптік клеткалар бәрінде бар, бірақ оның механизмі көп адамда өздігінен қосылмайды. Сол себепті біз алдымызға келген науқастан ең алдымен тұқымыңызда аталған аурумен ауырғандар бар ма деп сұраймыз. Мұнда әртүрлі адамдар келеді. Кейде 10 жыл бойы ремиссия (ауруы тоқтағандар) жағдайында жүрген адамдар бар, кейбір жандар жарты жылдық өмірі қалғанда келеді.

Науқасты қабылдамас бұрын бірінші ауруының медициналық тарихын зерттеймін. Одан кейін сөйлесу барысында мұндай күйге түсуіне не түрткі болды, қандай күйзелістерді бастан өткергенін анықтаймыз.  Оны анықтау үшін бірнеше жылға шегініп, кімге, не себепті өкпелегенін табамыз. Сондай-ақ, адамның білімі, қандай отбасынан шыққаны, темпераментіне де көп нәрсе байланысты. Қанша ауыр естілсе де, психолог айықпас дертке шалдыққандардың бейсаналы түрде қандай пайда көздегенін анықтайды. Мәселен, бір адамға жақындарының жылуы, қамқорлығы жетпей жүрген болуы мүмкін, ол осы дерт арқылы айналасына манипулация жүргізе отырып, қажетті деңгейде өз қалауын жасайды. Мұны – (выученная безпомощность) дейді. Кейбір истериоидты адамдар ашық түрде дау шығарып, өзінің жағдайын айтып, аяушылық тудырады. Осылайша науқастың жақындары Карпман үшбұрышына түседі.

Алдымен сіз – қамқоршысыз, одан кейін – бақылаушы, үшінші бұрышта – құрбансыз. Және осының бәрі тоқтаусыз жүре береді. Қанша тексерістен өтсе де, бұл аурудың салдары қандай болатынын білмегендей кейіп танытып, өзін қорғайтындар бар. Бірақ жауапкершіліктің бәрін дәрігер мен туыстарына жүктейді. Бір науқасымыз дертін ұмыту үшін сурет те салды, тоқымамен де айналысты. Бірақ ауру бәрібір ағзасын әлсіретіп жіберді. Осындай сәттерде біз маман ретінде әңгімелесеміз, дәрігерлер тыныштандыратын екпе егеді.

Кейбір адамдарды диагнозын естуге дайындаймыз. Ешқашан науқасқа сіздің диагнозыңыз мынандай деп айтуға болмайды. Кей адамдар біраз уақыттан кейін саналы түрде Құдайға жақындайды. Барлық науқастың көңілін табудың ортақ рецепті жоқ. Кейбірі соңына дейін диагнозын қабылдай алмай, пәтер үшін, дүние үшін жақындарымен дауласып, Құдайға, өмірге қатты өкпелейді. Бір қызығы, мұндай адамдар о дүниеге аттанарда қатты қиналады. Кейбір қарттар жақындарын күтіп, мына дүниеден кете алмай, бақұлдасуды күтіп жатады. Бір қазақ апай пандемия кезінде Канададан келе алмай жатқан ұлын күтті. Ұлы келген соң біраз уақыт отырып әңгімелесіп барып, о дүниеге аттанды.

Науқастардың қандай өкініші бар?

– Біз мұнда өлім туралы айтпаймыз. Қай елде болсын адамдардың рухани құндылықтары, жақындарынан күтетін дүниелері ортақ. Небір миллионерлер денсаулықты, уақытты сатып ала алмай жүр. Байға да, жарлыға да ортақ проблема – жалғыздық. Ең қиыны айықпас дертке шалдыққан адамдардың қанша өмірі қалғанын дәрігерлер туыстарына бірінші хабарлайды және олар ол адамды өмірлерінен жіберіп, көңілдерін суытып, өліміне дайын болады. Одан кейін, жақындарыма көп көңіл бөле алмадым, жұмыспен жүріп, денсаулығыма мән бермедім деген сынды бәріне ортақ өкініштер. Сол себепті өкпе-ренішті ішке жинамаңыздар, жақындарыңызға уақытында көңіл бөліп, мейірімдеріңізді аямаңыздар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста