«Еврей дәрігерге ауырмай тұрып барады, орыс ауырғанда барады, қазақ құлағанда барады» деген әзілдің шындығы бар екеніне ешкім шүбә келтірмес. Өйткені біздің халық «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағиданы білсе де, өкінішке қарай, ескере бермейді. Салдарынан ауру асқынады. Сонан соң ғана дәрігерге барады. Ал асқынған дертті емдеп жазу да оңайға соқпайтыны белгілі. Сондықтан ҚР Президенті Іс басқармасы медицина орталығының клиникалық ауруханасы – Совминнің 1-соматика бөлімі дәрігерлері аурудың алдын алуға шақырады.
Соматика бөлімі жайлы көпшілік біле бермеуі мүмкін, сондықтан сөз басын соматика бөлімі қандай бөлім деген сауалға жауап беруден бастасақ. 1-соматика бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Зәуре Ғалымқызының айтуынша, соматика бөлімі – бұл стационарды алмастыру көмегі орталығы, яғни ауруханаға жатқанға дейінгі кезеңдегі жаңа жұмыс формасы, емделушінің сапалы және толыққанды диагностикалық тексеруден өтіп және толық тәуліктік ауруханаға жатып емделу қажет болмаған жағдайлардағы емделу мүмкіндігі. Стационарлық базада диагностика жасау, емдеу мен алдын алу шараларының жеке бағдарламалары жетілдіріледі және қажетті дәрі-дәрмектер таңдап алынып, ем тағайындалады. Жүргізілген тексеруден кейін толықтай дәрігерлік қорытынды жасалады. Диагностикалау курсы, аурудың алдын алу және емдеу шаралары арнайы жабдықталған емдік палаталарда жүргізіледі.
Зәуре КЕЗДІКБАЕВА, 1-соматика бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы, жоғарғы санатты дәрігер:
– Бөлімшеде алдын алу шараларымен қатар, кардиологиялық, пульмонологиялық, гастроэнтерологиялық, нефрологиялық, жүйкелік және басқа да аурулары, әсіресе үйлескен патологиясы бар науқастарға ем де жасалады. Емделушілер заманауи жабдықтарды (компьютерлік және магнитті-резонанстық томографияны және т.б. мүмкін болатын зерттеулерді) пайдалана отырып, диагностикалық зерттеу әдістерінің 500-ге тарта түріне қол жеткізеді. Бөлімшеде коронарлық синдромды жіті бақылау тестілерімен миокард инфарктісін анықтай немесе ерекшелей отырып, ишемиялық жүрек ауруының қазіргі заманғы диагностикасы мен адекваттық терапиясы жүргізіледі. Жүрек кемістігінің дәрежесі немесе қаупі жайындағы мәселені шешу үшін жүрек пептидтері зерделенеді. Сондай-ақ соматика бөлімінің қызметі вирустық гепатиттерді диагностикалау және емдеу ПЦТ-диагностикасы, соның ішінде емдеу мөлшері мен мерзімін таңдауда маңызды болып табылатын сандық тестілерге негізделген. Мүмкін болатын материалдардың (қан, несеп, қақырық және т.б.) бактериялық зерттеулері 1-3 тәулік ішінде қазіргі заманғы анализаторда 50-дей антибиотикке сезімталдықты анықтай отырып жүргізіледі. Гельминттерге сандық тестілермен эхинококктан бастап токсокараны анықтау диагностикасы үлкен қызығушылық тудырады. 1-соматика бөлімі кез келген ауруларды, сондай-ақ созылмалы шаршағандық болған кезде жоғары білікті медициналық көмек ала алатын коммуникацияның, тұрмысты ақпараттандыру мен ұйымдастырудың ең заманауи құралдарымен жабдықталған. Емделушілерге арналған палаталар «люкс» класындағы бір және екі бөлмеден тұрады. Барлық ем ең соңғы стандарт бойынша жасалады.
ҚР Президенті Іс басқармасы медицина орталығының клиникалық ауруханасы – Совминнің 1-соматика бөлімінің емдік палаталары теледидар, жайлы кереуеттер, медициналық қызметкерлерді шақыруға арналған арнайы түймешелермен жабдықталған. «Консультанттардың кеңесі қажет болған жағдайда олар емделушінің палатасына келеді. Сондай-ақ емханадағы медициналық аппараттардан тексеруден өткенде, оларды жеке медбике ертіп жүреді және соматика бөлімінде ем алушылар кезек күтпейді» дейді бөлім мамандары. 1-соматика бөлімінде ем алушылар тамақты тапсырыспен алдыруына болады екен. Алайда дәрігерлер рұқсат еткен тағамдарды, белгіленген диетаны ескере отырып тапсырыс беру қажет екенін де бөлім мамандары тілге тиек етті.
Совминнің 1-соматика бөлімін аралап көргенімізде, ауруханада емес, санаторийде жүргендей күйде болдық. Жұмсақ жиһаздармен, кең де жайлы кереуетпен, жеке санитарлық-гигиеналық бөлмелермен жабдықталған палаталар көзге қуаныш сыйлайды. Қорыта айтқанда, аурудың алдын алуға, емделуге барлық жағдай жасалған. Аурудың алдын алуға ниетіңіз болса, денсаулығыңызды толықтай Совмин дәрігерлеріне сеніп тапсыруыңызға болады. Айтылған жайттардың растығына Совмин ауруханасының 1-соматика бөліміне барып, өзіңіз де көз жеткізе аласыз.
Абзалы – ауырмайтын жол іздеу
Последние статьи автора