Абақтыдағы "арулар" туған балалар темір торға қайта оралмай ма?

Абақтыдағы "арулар" туған балалар темір торға қайта оралмай ма?

Тағдырының теперішіне ұшырап, темір тордың ар жағынан бір ақ шыққан нәзікжандыларымыз көбейіп келеді бүгінде. Олардың бірі алаяқ, бірі ұры, енді бірі кісі өлтіруші. Қутақым тірлікте жанталасып жүріп аяғын жаза басқандар. Назасын да, арының қазасын да көмбеге көміп тастаған қылмыскер қыз-келіншектер тиісті жазасын алғаны дұрыс та. Дегенмен де аяқ астынан, ашу үстінде адам өлтіріп, өз үкімін өзі кескендері де бар... 

Ең қорқыныштысы темір тордың аржағында дүние есігін ашқан қаракөздеріміздің көбейіп келе жатқаны... Мың адамға шаққанда сотталғандар жөнінен әлем бойынша 17 орынды «қанжығасына байлады» еліміз. Бүгінде елімізде 5 әйелдер колониясы бар. Олар Алматы облысы, Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан облысы және Шымкентте. Осы орындарда 3 569 ақжаулықты өз жазасын өтеуде бүгінде. Алматы облысындағы Жауғашты ауылындағы республикалық қыз- келiншектерге арналған ЛА-155/4 түзеу мекемесiнде ғана аяғы ауыр, не жас босанған әйелдер мерзімін өтейді. Түзеу мекемесi 1 100 адамға арналған. Бірақ бас бостандығынан айырылғандардың көбейіп кеткеніне байланысты бүінде мұнда 1 421 азаматша мерзімін өтеп жатыр. Мұнда “Балалар қалашығы» бар. Ол 50 балаға шақталып салынған. Үш жасқа дейiнгi балалар тәрбиеленеді. Бүгінде темір торда дүниеге келген бала саны жөнінен де кейбір елдерді басып озып кеттік. ЛА-155/4-те былтыр 16 бала дүниеге есігін ашқан. Мұнда дүниеге келетіндердің қарасы да жыл жылжыған сайын көбейіп келеді екен. Бұрындары 20-25-тен аспайтын болса, бүгінде олардың саны 50-ден асып жығылыпты... Тағдыры талқан, болашағы беймәлім балдырғандар ештеңеден алаңсыз өсіп келеді мұнда. Бұл жердегі балалардың жақсы көретін, жиі айтатын сөздері рақымшылық. Әрине аналарынан естігені. Не екенін түсінбесе де әйтеуір төрт қабырға мен темір тордан құтқаратын қасиеті бір күштей сезінеді...

Заң не дейді?
ҚР Қылмыстық Кодексiнiң 72-бабында көзделгендей, сот он төрт жасқа дейiнгі баласы бар немесе аяғы ауыр азаматшалардың жазасын өтеу мерзiмiн кейiнге қалдыруға ерiктi. Алайда, аса ауыр қылмысы үшiн 5 жылдан аса мерзiмге сотталған және жеңiлдiгi бар яғни баласы бар әйелге сот алғашында ескерту жасап, кейіннен белгілі мерзімде бас бостандығынан айыра алады. Демек жүктi және балалы аналардың арасында мойнында аса ауыр қылмысы барлары ғана еркіндігінен шектелуі тиіс. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексiнiң “Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар бар әйелдердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру” атты заңының 72-бабынның екінші тармағында «сотталған әйел баладан бас тартса, ескертулерден кейін де қоғамдық тәртiптi бұзса, сот ұсыныс бойынша жазаны өтеу мерзiмiн кейiнге қалдыруды тоқтатып, сотталушы әйелдi сот үкiмiне сәйкес жазасын өтеуге жiбере алады. Және бала он төрт жасқа толғаннан кейiн немесе ол шетiнеген жағдайда, не жүктiлiгi үзiлген жағдайда сот сотталған әйелдiң мiнез-құлқына қарай оны жазаны өтеуден босатуы немесе оны неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыруы туралы шешiм қабылдауы мүмкiн” делінген. «Жыртық ауызға жырық қасықпен су құйғандай...» болмашы жеңілдіктердің шапағаты көп сотталушыға жетпей жатыр. Кейде аса ауыр қылмыс жасағандармен қатар қарызын алып өтей алмай қалғандардың да бірдей жазаға кесілетіні бар. Бұл ауаны бөлек әңгіме...

Қатаң ескерту... тоқтау сала ала ма?
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ИЧ 167/4 әйелдер түрмесiнiң бастығы А.Әшiрбаевтың айтуынша, мұнда бас бостандығынан айырылған аяғы ауыр аналар Алматыдағы республикалық әйелдер колониясына жiберiледi. Екі жылдың ішінде осы жерден 6 ана сонда ауыстырылған. Сотталғандардың барлығы да еркіндікте жүргенде-ақ аяғы ауырлағандар. Мұнда келген соң бала көтеруге әрине жол берілмейді. Заң талаптарына сай туысқандарымен, жолдасымен кездесудің өзіндік белгіленген тәртіптері бар. Жеңіл жазаға кесілгендер 2 сағатқа, ал ұзақ мерзiмге кесілгендер кездесуге 1-3 тәулiкке дейiн рұқсат берiледi. Алайда сотталғандардың үштен бірінің отбасы, күйеуі жоқ. Кездесуге рұқсат берілгендерге жүкті болып қалмау үшін сақтандыру шараларын естен шығармау жөнінде қатаң ескертіледі.

«Балалар үйіне» барып, жетімдердің қарасын көбейтеді...
Темір торда дүние есігін ашқан сәбилер...Олар аналарымен бірге «жазаларын өтеуге» міндетті. Ал туу туралы куәліктеріне «Жауғашты ауылы» деп мәңгілік мөр басылады. Осыдан ақ баланың қандай орыннан екенін біле беруге болады. Бұны бала болашағына шабылған балта деуге де болады. Бостандық дегеннің не екенін олар білмейді. Темір торды қалыпты өмір деп қабылдап үйреніп қалған. Тікенді сыммен қоршалған қорқынышты орындағы «Балалар қалашығында» қаншалықты «өз әлемдерімен безендірмек болса да» оның жанға ауыр тиетін темір тор деген аты бар. Ондағы балалар алаңшасы да, әсем ойыншақтар да суық сөздің көбесін сөгілте алмайды. Қарапайым балабақшаға ұқсағанымен бәрібір биік-биік темір қоршаулар еңсені езеді... Осыны көріп өскен баланың ертеңгі күні осында қайтып оралмасына кім кепіл?.. Осы уақытқа дейін темір торда өмірге келген 16 баланы ғана туысқандары алып кетіпті. Өкiнiштiсi, үш жасқа дейiн түрмеде тәрбиеленген сәбилердiң көбi балалар үйiнде бiржола тұрақтап қалады екен. Темір тордың құрсауынан шыққаннан кейін де әйелдердiң көбісі балаларын қайтарып алғысы келмейтін көрінеді. «Тышқан ініне кіре алмай жүріп құйрығына қалжуыр байлаптының» кері дегендей, барар жері, басар тауы жоқ әйелдерді түсінуге де болар. Туған-туыс, отбасы түгілі қоғам тұтас теріс айналған маңдайы тайқы жандардың көбісі тура жолға түскісі келгенімен жігері жетпей, «жылы ұясына» қайтып оралып жатады... Жалпы заң бойынша өмірге келген әр сәбиге, бір реттік көмек ретінде сыйақы, тоқсан сайын жәрдемақы тағайындалуы тиіс. Алайда темір тордың аржағында дүниеге келген сәбилерге мұндай жеңілдіктер беріле ме? Темір тордағы темірдей тәртіпке бас игендер бұған жауап беруден бас тартты. Балалар мемлекет қамқорлығына алынған екен сөйтсек. Сұрақ көп, жауап жоқ...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста