3 миллиардтай ақша жұмсалған Астананың кәріз жүйесі жауынға төтеп бере алмады

3 миллиардтай ақша жұмсалған Астананың кәріз жүйесі жауынға төтеп бере алмады

Астанада қыруар қаржыға жөнделген кәріз жүйесі 40 минуттық жауынды көтере алмай, көліктер көшеде тағы да белден су кешті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Қаланың бірнеше көшесінде жаяу жүргінші түгілі, көлік қозғалысы қиындаған. Қоғамдық көліктердің өзі нөсер суын зорға кешіп бара жатқанын аңғару қиын емес.

 

Әп -сәтте Венецияға айналып шыға келген аумақтардың қатарында таяуда ғана күрделі жөндеуден өткен Момышұлы мен Мәңгілік ел даңғылы да бар.

 

 «Елорда эко систем» мекемесінің мәліметінше, кеше бес аумақ су астында қалған.

 

«Жалпы кәріз жүйелерінің проблемасы шаһарда толық шешілді деуге келмейді» - дейді мамандар.

 

Мұндай көп суды сору үшін қолданыстағы станцияларды тазартып, қуаттылығы мен диаметрін ұлғайту қажет.

 

Ашық дереккөздерге сүйенсек, осы мақсатта алдыңғы жылы 2 миллиардтан астам қаражат бөлінген, ал 2022 жылы тағы 900 миллион теңге қарастырылған.

 

ДМИТРИЙ БОРИСОВИЧ, Elorda eco system мекемесі техникалық бөлімінің жетекшісі:

 

- Судың үлкен көлемін қабылдау үшін қолданыстағы сорғы станцияларына тазарту жұмыстарын жүргізу керек. Қуаттылығын арттыру мәселесін де қайта қарау қажет. 20 жылдан астам қызмет көрсетіп келе жатқан қолданыстағы магистраль коллекторлардың диаметрін күшейту де маңызды. Тұрмыстық кәрізді нөсер кәрізіне заңсыз қосу дерегі де бар. Бұл өз кезегінде нөсердің кәріз жүйесі жұмысының бұзылуына алып келеді. Нөсерге арналған кәріз жүйесі шаруашылық тұрмыстық кәріздерді қабылдауға арналмаған.

 

Қыста қалың қар жауса ығыры шығатын астаналықтар жазды күндері нөсер жауыннан әбден зәрезап болған.

 

Көлгінов әкім болып тұрған тұста проблемалы аумақ саналатын Бауыржан Момышұлы даңғылында ұзындығы 500 метрді құрайтын нөсер кәрізі салынғанын айтып, «енді көшені су баспайды» деп сүйіншілеген еді. Алайда кешегі жауын-шашын жөндеу жұмысына бөлінген миллиардтардың желге ұшқанының айғағы.

 

Ал әзірге қалаға ішетін су тауып беруден қолы босамай жатқан Жеңіс Қасымбек бұл мәселеге әлі кірісе қоймаған сыңайлы. Астана әкімі лауазымына келгелі ол арық құбырларына қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста