2021 жыл Қазақстанда «экологияы жылы» болуы мүмкін

2021 жыл Қазақстанда «экологияы жылы» болуы мүмкін

Экология жеке ғылым ретінде 20 ғасырдың 20-40 жылдары дамыды. Ал өткен ғасырдың 70 жылдары тек биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген бұл терминің аясы кеңейе бастады. Бұған себеп, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуі, қоршаған ортаның ластануы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелердің ғылымның түрлі салаларында зерттеліп, қоғамда кеңінен талқылана бастауы. Бұл процесс әлі де жалғасып келеді. Соның нәтижесінде Экологиялық дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды. Қазіргі заманғы экология -бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қарайтын деңгейге жетіп отыр. Ал даму бағытын «жасыл» экономикаға қарай бұрған еліміз үшін экологиялық тазалық &ndash «жасыл» экономиканың бастауы.
Таяуда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен «Экологиялық білім: қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және қалыптастыру» тақырыбында онлайн-форматта конференция өткен болатын. Осы жиында қоғам белсенділері «2021 жылды Қазақстанда экология жылы» деп жариялауды ұсынды.
Арман Хайруллин. қоғам белсендісі: «Қазіргі уақытта экология Қазақстанның ұлттық идеясына айналуы керек. Өйткені 2018 жылы еліміздегі жоғары рқу орындарының зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстан әлемде экологиялық тазалық бойынша 101-ші орынға орналасқан. Біздіңи алдымызда Нигерия, артымызда Сануар сынды үшінші әлем елдері. Шындығында еліміздегі жағдай бұдан да нашар деуге болады. Репрессия мен ашаршылықтан кейін қазақтың басына түсіп отырған нәубет &ndash экологиялық жағдайдың нашарлауы. Көршілес Өзбекстанда 1959 жылғы санақ бойынша, халық саны 8,1 миллионды құраса, Қазақстанда 9,2 миллион адам тұрған. Бүгінгі таңда өзбектердің саны 32,9 миллион, ал біз 18.8 миллионға әрең жетіп отырмыз. Неге өсім бойынша өзбектерден үш есеге артта қалып отырмыз? Туу көрсеткішіміз бірдей, иммиграция жағынан өзбектердің жағдайы бізден тәуір емес».
Қазақстанның бүгінгі экологиялық жағдайы жайлы нақты фактілерді атап өткен қоғам белсендісі 2021 жыл Қазақстанда «экология жылы» болса деген ұсынысын жеткізді.
«Қазақстанның экологиялық жағдайы еш сын көтермейді. Семейді қоспағанда, елімізде 7 ядролық полигон кеудесінде жара болып жатыр, Аралдың кебуі, тұздардың ұшуы, қазіргі батыс өңірдегі алпауыт зауыттардың жұмысы. Ауа бассейінінің сонау Өскеменнен Атырауға дейінгі шығындыларға толы екендігі... Атырауда бүгін экологиялық апокалипсис орын алып жатыр. 90-шы жылдардан бері бүгінгі күнге дейін ауа бассейніне 4 миллиондай қалдықтар шығарылған екен. Осының бәрі денсаулығымызға үлкен зиян келтіріп отыр. Менің ұсынысым келер 2021 жылды экология жылы деп жарияласа екен. 20 жылда бірде бір рет экология жылы жарияланған жоқ. Мен, қазақстандықтарды осы ұсынысымды қолдауға шақырамын!», - деді Хайруллин.
Бұл ұсыеысты жиынның өзге қатысушыларда бір ауыздан қолдады. Табиғат жанашырлары, журналистер мен қоғам белсенділері қатысқан жиында Аида Балаева қазақстандықтардың экологиялық сауаттылығын көтерудің маңыздылығын атап өтті.
«Халықтың науқастануы экологиялық факторлармен себеп-салдарына байланыстығына әзірше елімізде жеткілікті деңгейде назар аударылмай отыр. Экологиялық сауатсыздықты жою біздің халық арасында жүргізетін маңызды мәселелерге айналуы тиіс. Мұның бәрі жалпыхалықтың экологиялық сауаттылықты арттыру, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі», - деді Балаева.
Мемлекеттің алтын капиталы &ndash адам. Оның денсаулығын жақсарту, әсіресе жас ұрпақтың тәні мен жанының сау болуы бұл еліміздің тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қанша жылдан бері айтып келе жатқан мәселесі. Бұл туралы ол «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Біз экологиялыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына &ndash экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын», деді. Қоршаған ортаға залалын тигізетін құрылымдарды бірте-бірте жойып, оған балама көздерін табу қазір қолға алыну үстінде. Облысымызда табиғатты таза сақтау бойынша «жасыл экономика» жобалары жасалып, іргелі жұмыстарға басымдық берілуде. Соның бірі &ndash күн нұрынан қуат өндіру болса, екіншісі &ndash жел энергетикасын заман талабына сай қолданысқа енгізу, сол арқылы табиғатты таза сақтау. Елбасы Жолдауындағы он жаһандық сын-қатерінің дені азық-түлік қауіпсіздігіне, су, табиғи ресурстарды, энергетикалық, тағы да басқа адам өміріне қажетті дүниелерді таза сақтай отырып, дамыту жолдары айқындалған.
Алайда «Жасыл экономиканы» қалыптастыруда көптеген экологиялық проблемалар алдан шығып отыр. Оның бастыларына тоқталар болсақ, әрбір азамат өзі күн кешіп отырған отбасынан бастап, Отан аумағын таза сақтап, ластанудан қорғау, ауа мен судың бүлінуіне жол бермеу, жердің тозуына, кейбір өзен-көлдердің шарасы тарылып бара жатқанын жұрт болып жұмылып, қалпына келтіру ісіне үлес қосу. Егер біз осы айтқандарды уақытында атқара алмасақ, ата-бабамыздан қалған басты байлығымызды тоздырып алуымыз мүмкін.
Мамандардың айтуынша, жалпы, «жасыл экономика» 3 принципке сүйенуі керек, оның біріншісі &ndash халыққа жоғары деңгейде, халықаралық дәрежеде қызмет көрсету, әр жұмысты уақыт талабына сай үйлестіре дамыту, екіншісі &ndash елдің өркендеуі үшін қолға алынған «жасыл» экономикаға жұртты жұмылдырып, жұмыспен қамту саясатын орнықтыру, үшінші &ndash осының бәрін нарық механизміне бейімдеп, толық меңгеріп шығу.

Ауылдың көркеюі, өсіп-өнуі арқылы халықтың тұрмысын оңалтуға болады. Олардың айналысып отырған шаруасына сай экология талаптарынан мағлұмат беру ғаымдар мен жергілікті басқару күштерінің міндеті. Әсіресе, пайдаға аспай жатқан жерлерді игілікке жарату, су көздерін зая жібермеу жағы да өзекті проблемалардың бірі.. Ал қала, ауыл, елді мекендердегі құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде экологиялық талаптарды сақтай отырып, көгалдандыру ісі биік дәрежеде болуын ойластыру керектігі түсінікті. Кейбір ескі ғимараттарды бұзып орнына жаңа тұрғын үй немесе мекеме мекенжайын тұрғызу барысында экологиялық талаптар бірінші кезекте ескеріліп, көгалдандыруға бөлінетін жер алдын ала жоспарлы түрде шешілсе, ұтылмасымыз анық. Өмірдің нәрі де, әрі де су екені мәлім. Тіпті, кейбір өзен-көлдердің ернеуінен төмендеп бара жатқаны қай-қайсымыздың да жанымызға батпай қоймайды.
«Соңғы 60 жылда Жер шарында ауызсуды пайдалану 8 есе өсіпті, осы жүзжылдықтың ортасына қарай, көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады. Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауызсу жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда» деп Елбасының қадап айтуы тегін болмаса керек. Осы жағынан келгенде біздің облысымыздың таулы аймақтарындағы таза суды сақтау, ластамау жайын жұртшылық әр сағат сайын есте ұстағаны ләзім. «Жасыл экономика» аясында энергия тапшылығынан құтылу үшін &ndash жаңару энергиясын қалыптастыру керектігі туындауда. Мұны әр өңір жер жағдайына қарай жүзеге асыруына болады. Мысалы, Испания, Дания мемлекеттері жел генераторлары барлық тұтынатын электр қуатының 20 пайызын, ал Германия 10 пайызын өндіруге қол жеткізіпті. Бұл істе соңғы жылдары көршіміз Қытай мемлекеті көш бастап келеді.Қазақстанның да жел энергетикасын дамыту әлеуеті өте жоғары. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламсының ұсынған мәліметтеріне жүгінсек, еліміздің потенциалы мыңдаған МВт немесе жылына 1 триллион кВт-сағ көлемінде &ndash бұл дүние жүзі бойынша үздік көрсеткіштердің бірі.

Айнұр Нұрсабет 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста