14-15 жасар қыздардың қия басуы неліктен?

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Заман өзгерді ме, адам өзгерді ме? Балалықтың бесігінен шықпай жатып, 14-15 жастағы қыздарымыз бала тауып жатса, оған кімді кінәлаймыз? «Дұрыс тәрбие бере алмады» деп ата-ананы ма? Жоқ әлде, «жақсы тәлім бермеді» деп мектепті ме? Бәлкім, жаһандану заманының кері ықпалынан жастарды арашалай алмай отырған қоғамды ма? Бір қарағанда, бәрінің де кінәсі бар сияқты. Бірақ, «мынау кінәлі» деп дөп басып айту қиын. Әрине, кінә тағу оңай, бірақ тығырықтан шығатын жол табу қиын. «Алаш айнасы» бұл мәселеге орай статистикалық мәліметтерге жүгініп көрегн еді.
БҰҰ-ның мәліметінше, әлемдегі дамушы елдерде жылына 7,3 млн  кәмелетке толмаған қыздар бала тауып жатады екен. Бұл күніне 20 мың жасөспірім қыз дүниеге бала әкеліп жатыр деген сөз. Оның  2 миллионы – 15 жасқа толмаған қыз балалар. Сондай-ақ, бір миллион қыз босану мен жасанды түсік жасату барысында қайтыс болатын көрінеді.
Ал, Қазақстанда жыл сайын 22 мың жасанды түсік жасалады екен. Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, өткен жылы 6 мың жасөспірім қыз бала жүкті болса, оның 4 мыңы дүниеге сәби әкеліп, қалғаны жасанды түсік жасатқан. Тіпті, арасында 12-13 жасар жасөспірімдер де бар көрінеді. Олардың арасында екінші рет түсік жасатқандар да кездеседі. Мамандар мұндай құбылыстың келешек үшін қатері көп екенін айтады. Өйткені, дәрігерлер «ерте жыныстық қатынасқа түсу мен жүкті болу жас қаздардың организміне аса зиянды. Оның салдары бедеулікке, түрлі ауруларға апарады. Тіпті ісік (рак) ауруына шалдықтыруы мүмкін», – дейді. Дәрігерлердің дерегіне қарағанда, жасанды түсік жасатқандардың 30 пайызы гинекологиялық, онкологиялық ауруға шалдығады. Жасанды түсік жасатушыларда сүт безінің қатерлі ісігі жиі кездеседі. Жасанды түсік жүйке жүйесіне де кері әсерін тигізеді.
Кей мамандар еліміздегі кәмелет жасына толмаған қыздар арасында бала табу статистиканың жоғары болуында славян халықтарының үлесі көп  дегенді айтады. Алайда, ресми деректер бұл көрсеткіштің қазақ ұлты арасында да оңып тұрмағанын көрсетіп отыр. Мысалы, қазақи өңір саналатын Қызылорда облысында өткен жылы 15-18 жас аралығындағы 112 қыз баланың босану дерегі тіркелген. Сондай-ақ, жастар арасында 723 жасанды түсік жасалған. Мамандар мұның нақты көрсеткіш емес екенін айтады. Өйткені, жасырын түрде жасанды түсік жасататындар ресми дерекке кірмейді. Сонымен қатар жүкті болып қалған соң, кәмелет жасқа толмағандар  ата-аналарының келісімімен отбасы құратын жағдайлар да бар. Президент жанынан құрылған отбасы-демография саясаты әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссияның дерегіне қарағанда, жыл сайын кәмелет жасқа толмаған үш мың жасөспірімнің некесі қиылатын көрінеді. 
Бақыт ТҮМЕНОВА, «Аман-саулық» қоғамдық қорының төрайымы:
– Мәліметтерге жүгінсек, қазақстандық жасөспірімдердің 10%-ы 14 жастан жыныстық қатынасқа түседі. Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы түсік жасату әр 1000 репродуктивті әйелге шаққанда 20 пайызды құрап отыр. Ал, Еуропада мұндай көрсеткіш 3-5 пайыздан аспайды. 15-17 жас аралығындағы қыздардың 21%-ы белсенді жыныстық қатынаста өмір сүреді. 15-19 жастағы қыздар арасындағы туу көрсеткіші 1,1 пайыз болса, ал түсік жасату Қазақстандағы бүкіл түсік жасатудың 3 пайызын құрап отыр. Бұл алаңдарлық жағдай. Сондықтан, мектеп бағдарламасына жыныстық тәрбие пәнін енгізу қажет.   

Мамандар ерте ана болудың өзге де проблемаға апаратынын айтады. Ерте жүкті болу бірніншіден, жасөспірімнің денсаулығына кері әсерін тигізсе, екіншіден жастай босанған қыздардың білім алу мүмкіндігін шектейді. Мамандық ала алмайды, яғни жұмысқа орналасу ықтималдығы жойылады. Сонымен қатар, кәмелет жасқа толмағандар арасындағы жүктілік тастанды балалар санының артуына әкеліп отыр. Мысалы, Алматы қаласы бойынша, тастанды балалардың 29 пайызы 18 жасқа толмаған аналардың үлесінде.
Сондай-ақ, бала тапқанын жасырмақ болып, жаңа туған шаранасын қоқысқа тастап, қылмысқа барып жатқандар саны да азаяр емес.
Мамандарды алаңдатып отырған тағы бір жайт – қыздардың жүктілікті жасырып, дәрігердің көмегінсіз, өз бетінше тоқтатуға, яғни жасанды түсік жасауға баруы. Бейресми дерек көздері қазақстандық 170 әйелдің осындай әрекеттен зардап шеккенін айтады. Олар Қытайда жасалған дәрінің көмегімен өз бетінше түсік жасамақ болып, ауыр жағдайда ауыруханаға түскен. Осы орайда, дәрігерлер қытайлық дәрінің іштегі шарананы әйелдің жатырымен қоса ірітіп жіберетінін айтады. Ондай кезде дәрігерлерде жатырды алып тастаудан өзге амал қалмайды. Яғни, әйел бала сүю бақытынан мәңгіге айырылады. Сондықтан дәрігерлер қыздарға өз бетінше жасанды түсік жасау өмірге қауіп екенін ескертеді. «Мұндай жағдайда тек дәрігердің кеңесіне жүгіну керек», – дейді мамандар.
Дәрігерлер мәселенің салдары және онымен қалай күресу туралы айтады. Ал, мәселенің алдын алу туралы ешкім нақты жауап айта алмайды. Көпшіліктің пікірі «мәселенің төркіні тәрбиеде жатыр» дегенге саяды. Алайда, ата-ана баласына тәрбие бермей жатыр деп тағы айта алмаймыз. Сонда мәселе неде?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста