Түркістан облысындағы Біртілек ауылдық округі Аққорған елді мекенінің тұрғыны, көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек алудан бас тартты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
11 баласы бар батыр ана аймақтағы шенділерге егін егіп, өз кәсібін дөңгелетуге, ол үшін конкурс арқылы жер алуға деген ниеті барын жеткізді.
"Құрметті әкім мырза! «Ауыл аманаты» бағдарламасына АӘК алушылар да қатыса алады деп естідім. Маған АӘК-тің керегі жоқ. Одан да осы бағдарламамен 2 га жер алып, егін егуді қолға алмақпын. Аллаға шүкір, 10 қызым, 1 ұлым бар. Өз-өзімді бағып кетемін", – деді батыр ана.
Ал аймақ басшысы Дархан сатыбалды «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша батыр ананы кооперативке мүше етіп кіргізіп, жергілікті әкімдік арқылы жерді пайдалануға беруге болатынын айтты.
"Өзіңіз өңдейсіз. Қажет болса сізге 2,5% несие де бере аламыз", – деді облыс әкімі.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz