10 кемтар баланы бауырына басқан Батыр ана

Өзгелер дені сау, аяқ-­­қолы балғадай өз балаларын асырауды ауырсынып жүргенде тараздық Зүлфия Төленова 10 мүгедек баланы қанатының астына алып, тарықтырмай, зарықтырмай асырап бағып отыр. Әрине, мейірімге мұқтаж, жылы сөзге зәру заманда жетімдерді жебеп, бауырына басу оңай шаруа емес. Оның үстіне олар денсаулығында кінәраты бар, мүмкіндігі шектеулі балалар болса тіптен қиын.
Бүгінгінің батыры деуге боларлық батыл ана әу баста өз баласы Шардар Дияс даун синдромымен мүгедек болып туыл­ғанда тағдырына налы­ғаны да бар. Дәрігерлер кемтар баланы арнайы интер­натқа жіберуге кеңес те беріпті. Алайда бауыр еті баласын көзін жаутаңдатып онда апарып өткізуге жүрегі дауаламапты. Әрі аналық мейірімі де ондай қадамға баруға мүмкіндік бермесі анық-тын. Кезінде Зүлфия Тараз қаласындағы №1 мүгедек балалар интернат үйінде жұмыс істеген. Қол астындағы жаны да, тәні де ауру бала­ларды көргенде жаны қан жылайтын. Содан өзінікінен бөлек 10 мүгедек баланы асырап алуға бел байлайды. Кезінде ішкі істер сала­сында қызмет етіп, бүгінде отставкаға шыққан жолдасы Бақытбек Нұрхалиев те бұл бастамаға бірден қолдау білдіріпті. Ең алғаш бауырына басқан баласы Кемел Қырғызбаев алғашында аяғын мүлдем баса алмаған екен. Қарға адым жер жүру­дің өзі мұң болатын. Күн­делікті ем жүргізіп, беліне массаж жасағалы бері аяғын басатын болыпты. Екіншісі Бағдат Болатұлының есту қабі­летінде кінәраты бар. Садықова Маргарита мен Леонид ағайынды екен. Екеуін бөлуді құп көрмей, бірге асырап алған. Туғаннан екі қолы жоқ Нұрбол Құттыбаевқа екі ай бойы аяғымен ас ішуді үйреткені тағы бар. Тіпті сол балаға үйретемін деп жүріп, ана-ананың өздері де аяқпен тамақтануды игеріп алады. Бүгінде ол екі аяғын қол орнына қолданып, киімін де өзі кие алатын дәрежеге жеткен. Әділхан Каримов болса ДЦП дертіне тұсалған. Аян Сумаров пен Нышан Садыханов екеуінің де таңдайлары жоқ. Нышанға қоянтұмсық деген диагноз қойылған. Екеуіне де жуырда Алматы қаласына апарып ота жасатып қайтыпты. Нұрболат Абиболла болса жүре алмайды. Аяғына төрт рет ота жасатқан. Нұрлыбек Жүсіптің омыртқасы қисайған. Қырғыз баланың әке-шешесі хабарласып, жағ­дайын сұрап тұрады екен. «Егер жүре алатын жағдайға жетсе, өзімізге қайтып бересіз бе?» деп өтініш айтыпты. Оған Зүлфия: «соншама еңбектеніп өсіріп ба­ғып, денсаулығын түзеген кезде мен неге беруім керек? Кезінде тастап кеткен ата-анасына енді бере алмаймын» деп отыр. Бауырына басқан әр баланың тағ­дыры да әртүрлі. Кезінде әке-шешелері «мұндай баланы баға алмаймыз» деп интернатқа тастап кеткендер. Көздерін жаудыратып... Өз ата-анасынан таппаған ата-ана жылуын олар осында сезініп жүр. Олардың күнделікті дәрі-дәрмегі бар, көкөніс, жеміс- жидек жеулері керек. Кейде жеткізе алмай қиналатыны да рас.
Ол турасында әпкесі Гүлшера Сам­бекова былай дейді: «Аян мен Нышанды Алматыға апарып ота жасатқанында жолақы мен пәтер жалдап тұруға қаржы жағынан қатты қиналды. Сол себептен құндыз тоны мен алтындарын ломбардқа өткізіп, соның ақшасын жаратуына тура келді. Бүгінге дейін сол бағалы заттарын ала алмай отыр. Қаржы тапшылығы қол­байлау болуда. Дәрі-дәрмектерінің де тегін берілетіні бар, қымбат, қолға түспейтіндері де бар. Олардың бәрін сатып алуына тура келеді».
Көп адамның бойынан табыла бермейтін асыл қасиетінің арқасы ғой, жарым көңіл балаларды бауырына басып отырғаны. Өзі үшін емес, өзгелер үшін өзегін жұлып берердей батыл іске бел буған Зүлфия Төленоваға: «Көмек қолын созып жатқандар бар шығар?» – деп сауал тастадық. «Облыс әкімі Қанат Бозымбаев балаларға көмек ретінде «Нексия» көлігін сыйласа, қаладағы «Балташ» мейрам­ханасының иесі Меруерт Лештайқызы теледидар әкеліп берді. Ішінара азық-түлікпен де көмектесетіндер де кездесіп тұрады. Үйіміз төрт бөлмелі. Осында қысылып, қымтырылып тұрып жатқан жайымыз бар. Облыс әкіміне де кірдім. Әзірге бұл мәселе түйіншек болып түйілген күйінше тұр. Қашан шешімін табары белгісіз. Егер үйіміз үлкейіп жатса, тағы да бала асырап алар едім», – дейді кеңпейіл ана. Балалардың еміне, құжаттарын жинауға ары-бері көп жүгіруге тура келеді. Ондайда әпкесі Гүлшера Самбекова көмектесіп тұрады. «Бала отбасымен ғана бақытты. Бауырыма тығылып еркелеп, «мама» деп мой­ныма асылғанда бар қиындықты ұмытып кетемін. Өмірімнің соңына дейін осылардың көңіліне қаяу түсірмей жетілдірсем деймін. Ком­пьютер алып берсем деген жоспарым да жоқ емес. Балалар бір үйдің балаларындай өсіп келеді. Өмірге деген талпы­ныстары орасан. Білсем, үйренсем деген құштар­лықтарында шек жоқ.
«Жетімі жоқ ел болсақ деп арман­даймын. Балаларға да қуаныш сыйлау керек. Олар да бақытты болуға қақысы бар». Бұл – Батыр ананың басты ұстанымы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста