Құран сүрелерімен емдейтін шымкенттік емші айықпас дертке шалдыққандарды ауруынан жазады

Шымкенттегі емшіге қаралушының бірі оның айықпас дертке шалдыққандардың өзін аяққа тұрғызғанын, оның емшілігі жайлы айтып берді.

Бұл туралы Замана басылымы хабарлайды.

Мен арамызда жүрген өте дарынды, керемет дауагер, соған қарамастан аса қарапайым азамат - Үрмет емші жайында өз ойымды көпшілікпен бөліскенді жөн көрдім.

Әлі есімде, 1992-жылы Шымкенттің «Шығыс» мөлтек­а­уданында бір ер кісі бізге қарама-қарсы үйдің екінші қабатында пәтер жалдап тұратын. Оның 10 және 12 жас шамасындағы екі қызы болатын. Көктем шығып, күн жылына бастаған кезде сол кісінің үйіне көп адам келе бастады. Таң атқан­нан күн батқанша адам қарасы үзіл­меуші еді, бірі келіп жатса, екіншісі қайтып бара жататынын көріп жүрдім. Сөйтсем ол кісі емші екен. Сол жылдары емші деген қаптап кеткен еді. Үйіміздің дәл алдында болған соң анам соған кіріп шығыпты. Үйі екі бөлмелі екен.

Інім іштен кемтар болып туылған еді. Екі қолы аузына жетпейді. Отыра да алмайды. Анам сол інімді көрші үйдегі емшіге көрсете­йін деп алып кетті. Со­дан бас­тап інімді көтеріп, күнде сол үйге кетеді. Ақыры бір күні інім өздігінен отыра алатын болды. Көз­дерінің айналып кететіні де тоқтап, көп ұзамай өзі жүре алатын жағдайға жетті. Тағы аз уақыт өткенде денсаулығы толық түзеліп, ауруынан жазылды. Бұған дәрі­герлер де, туған-туыстарымыз да таң­­қалды. Дәл қазір сол інім еңгезердей жігіт.

Ал 2015-жылы күтпеген жерден өзім ауырдым. Ме­ди­циналық білімі жоғары, тәжірибесі зор, өте білікті деген дәрігерлердің айтқанын бұлжытпай істеп, тиянақты емделдім. Сырқатым жатыр мойны қатерлі ісігі (обыр) еді. Келе-келе ол кеудеме әсер ете бастады. Омырауым сыздап, ұйқы естен шықты. Жақсы емші, молдаларға да көріндім, одан әсер жоқ. Күннен-күнге әлім құрып, бойымнан дәрмен қашты.

- Сен Үрмет емшіні тап. Бір көмектессе, саған сол көмектеседі, - деді.

Үрмет емшінің қабылдауы­на бардым. Әуелі - Алла, содан кейін емшінің біліктілігі десем жарасады, бір апта ішінде өзімді тәуір  сезініп, тыныш ұйықтайтын болдым. Үрмет емшіден екі ай ем алдым. Осылай сұмдық сыр­қат­тың беті қайтып, жазылдым.

Үрмет емшінің ем құдіретін күні бүгінге дейін ешкім ашық жазбаған. Қанша адамдар айықпас ауыр деген ауруларынан жазылып кетіп жатқанымен, құдіретті қасиетін білгенімен емінің құпиясын, мағынасын түсінбейді. Тек өздерінің ауру-дертінен айыққанын ғана айта алады. Мен медицина саласының маманы бол­ғандықтан оның еміне мұқият зер салдым, құпиясын білуге тырысып, мән беріп қарадым. Бірдеңе ұғу мүмкін емес. Білгенім тек мы­нау: бұл кісіні құдіретті бір күш қолдап тұр. Солай ұғындым.

Бүгінде жет­піс жасқа тая­ған Үрмет ата өз бойында­ғы құпиясы жайында ешкімге тіс жармайды. Құранның қа­­сиетті аяттарымен ем жүр­гі­зеді. Емдеу барысында шөп дәрі беріп, таблетка іш, укол салдыр деп жатқан жоқ. Оның қолданатыны - қазақтың көнеден келе жат­қан қарапайым емі. Қазір емнің бұл түрі мүлде ұмытылып кеткен.

Үрмет емші көп адамды қатар қабылдап, опыр-топыр етпейді. Бар-жоғы айы­на 3-4 адамды ғана емдейді. Өйткені өз үйінде одан артық адам­ға орын да жоқ. Білгішсініп, аласұрып, бірі­нен кейін екіншісін кіргізіп, табыс табуды көздемейтін адам. Тағы бір байқағаным, оның алдына жанына шипа таба алмай, бармаған жері жоқ, басар тауы қалмаған, аурумен арпалысудан шаршап, өмір түгілі өзінен-өзі түңілген адамдар ғана барады екен.

Үрмет ата Құран ашып отырып сөйлейді, тамыр ұстайды. Сәуегейлік айтпайды, бос сандырақ, солқылдақ әңгімеге жол бермейді. Қарақұрт, кене, жылан уларын, бауырдың түрлі сыр­қатын, сарыпты (бруцеллез), мерез, әйелдердегі қан кету, эрозия, түсік тастау, перзент көтере алмау, талма, аяқ-қолдың қақсауы, балалардың іштен туған сал аурулары, көкжөтел, қан қысымы, сүйек құрты, көз жара, іркілдек без, көтеріліп ауыру, қояншық, елірме сияқты ауруларды тек оқып қана қайтару қандай күшті қасиет десеңізші!

Обыр сырқатының клеткалары емделген адамның қанында болмайды. Бұл емнің ерекшелігі сол - адам денесіндегі барлық сыр­қаттардан айық­тырады, сонымен қатар ем алған адамның қаны толық тазарып, өзі жасарып, өмірі ұзарады. Аспа кесел (суицид) ауруын тамыр ұстап отырып алдын-ала анықтауы ол кісінің бойындағы қасие­тінің мықтылығы деп білемін.

Ол кісіні жұрт тектен-тек «Құпия аурулардың көріпкелі» деп атамайды. Оның емі үлкен зерттеуді қажет етеді. Медицина қарыштап дамыды десек те арамызда қаншама адам дертіне шипа таппай сандалып жүр. Сондықтан ұл­ты­­мыздың ұмытылып кеткен қасиет­ті, құдіретті қарапайым қара еміне жоғарыдағы азаматтар көңіл аударса, оның халқымыздың денсаулығына пайдасы мол болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста