Алақанында ШИПА бар ару

Алақанында ШИПА бар ару

Бұл бойжеткенмен мен кездейсоқ таныстым. Арқам құрысып, желкем тырысып, жұмысқа зауқым болмай, еңсем түсіп жүрген. Мойныма біреу мың кірпіш асып қойғандай күйде жүргенімді көрген әріптес апай мені Гүлданаға ертіп барды.
"Арқаңды бір сипағаннан-ақ жеңілдеп қаласың. Қолында шипасы бар қыз ол. Көресің ғой. Сосын массаж жасап болған соң қолына қара, сол қолындағы тамырлары білеуленіп, Алла деген жазу шығады" деді.
Мен мұндай "құдіретке" сене қоймайтын жан едім. Дегенмен апайға еріп Гүлданаға бардым. Мінезі сондай ашық, жайдары, аңқылдап қалған қыз екен. Дереу іске кірісті. Апай айтқандай, қолы денеме тигеннен бір жайлы, рахат күй кештім. Ол болса ыңылдап ән айтып жүріп маған массаж жасады. Сылаған сайын алақандары ысып бара жатты.
Бүйрегім ауырушы еді. "Хронический пиелонефрит" қой сол. Бірақ мен оған емес, желкемнің тартылып жүргеніне барып едім. Ал Гүлдана алақандары ысыған кезде қолдарын қос бүйрегіме ұзақ басып тұрды. Алмаса екен деп тіледім. Өйткені бойыма сондай бір жағымды жылу тарап жатыр еді. Ол да соны сезіп жатқандай.
Гүлдана менің омыртқама да массаж жасады. Біткен соң оның қолдарына қарадым. Тамырлары көгеріп, білеуленіп, жұдырығын түйгенде Алла деген жазу көрінді. Таң қалдым.
"Бұрыннан сондай. Қатты ауырып тұрған адам келсе алақандарым шыдатпай қызып кетеді. Денесінің ауырған жеріне жеткенде қолдарым сол жерге жабысып қалғандай, ажырата алмай қаламын. Қолымдағы қызу басылғанша ұстап тұратыным сол. Осындай массаждан кейін сіздерді қайдам, менің бойым жеңілдеп, көңілім көтеріліп кетеді. Ыңылдап ән айтып жүргенім содан ғой, ренжіп қалмаңыз. Сосын тамырымда осы жазу пайда болады. Мұның сырын мен білмеймін.
Негізі мен мүлде басқа мамандық таңдағым келген. Түрлі себеппен оған жолым болмай-ақ қойды. Әйтеуір бір күш жетелеп, массаж жасауға шақырады да тұрады", - деді Гүлдана.
Осы себепті ол массаждың емдік, классикалық, мануалдық, нүктелік түрлерін оқып, меңгеріп алыпты.
Қолы шипалы қыз қазір ШЫМКЕНТ қаласында тұрып жатыр.

Құралай Әбсеметқызы.

Фейсбуктегі «ХалыQ емі Целительство»

парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста