Рентген әйел атанған атыраулық емші: Ота жасатқалы жүрген адамның өтіндегі тасты жоқ қылдым

Рентген әйел атанған атыраулық емші: Ота жасатқалы жүрген адамның өтіндегі тасты жоқ қылдым

Маржан Есениязова адамдарды дертіне қарай қобыз, аса таяқ, дауылпаз, зікір салу арқылы да емдейді екен.

Бала көтере алмай жүргендерге нәрестелі болуға көмектесіп, жүре алмайтындарды жүргізіп, көре алмайтындардың жанарын ашқан емші әйел Маржан Есениязова жайшылықта ешқандай да аспапта ойнай алмайды екен.

Ол аян арқылы намаз үйреніп, сүрелерді жаттадым дейді. Ем кезінде қобыз, дауылпазда ойнап, айтатын сөздерім сол сәтте ауызыма түске қояды дейді. Емші атыраулықтар арасында &ldquoРентген әйел&rdquo деген есіммен танымал.

Себебі, ол алдына көмек сұрап келгендердің қай ағзасында қандай ақауы барын қарап тұрып айтып береді.

 
 
&ldquoМенің мұндай қасиетім барын тоғыз жасымда әке-шешем білген. Себебі, оларға барлық нәрсені сартылдатып айтып отырады екенмін. ол кезде баламын, не айтып, қайдан біліп алғанымды өзім де білмеймін. Мысалы, үйде мал жоғалса оны қай тұстан іздеу керек екенін, қайда жүргенін, тірі ма әлде өлі ма екенін кәдімгідей сартылдатып айдады екенмін&rdquo,- дейді емші Маржан Есениязова.

Рентген әйел болашақты болжап, үй тазалау, қарым-қатынасты ретке келтіру сынды бақсылығы барын да жасырмайды. Тіпті кей азаматтар әсіресе  қыздар жағы &ldquoсүйіктімді қайтарып беріңізші, мына жігіт маған ғашық болып қалса екен&rdquo деген сынды ниеттерін ашық айтатын көрінеді.

&ldquoМен ондай біреудің басын айналдырып, біреуді- біреуге қаратып беруге қарсымын. Ондаймен айналысатындар бөлек.

Мен мысалы, үй тазалау, жақсылыққа бастау, адамның жолын ашу деген сынды жұмыстарды Құран сүрелері, аяттары арқылы жүзеге асырамын. Мен емшілікті, бақсылықты бір жерден оқып алған жоқпын. Басында ауыл көлемінде адамдар көмек сұрап келіп жататын.

Кейіннен 37 жасымнан бастап осы іске толық бет бұрдым. Адамдарға көмегім тиіп, біреудің дертіне шипа болып жатсам неге айналыспасқа? Маған мынанша төле деп ешкімге ақымды мөлшерлеп айтқан емеспін. Бірақ кез- келген жерде емдеп кетебермеймін. Өзімнің кеңсем бар, сол жер таза сонда отырып мәселесі бар адамға барынша көмектесуге тырысамын&rdquo,- дейді Рентген әйел.

Бұл туралы Маржан апай Еуразия арнасының &ldquoПендеміз ғой&rdquo бағдарламасында айтты. Жүргізуші емшіге студияны тазалап, бағдарламаның бағын ашып беруді сұрады. бірақ Рентген әйел осында келіп отырғанының өзі сол маңайды тазартып тастайтынын айтты.

Ал бағдарламаға қатысқан қонақтар болса емшінің сөздеріне мүлде иланбағандарын ашық айтты.

kyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста