«Қатерлі ісіктен, қант диабетінен де емдеймін», – дейді шөп дәрілермен емдейтін емші

«Қатерлі ісіктен, қант диабетінен де емдеймін», – дейді шөп дәрілермен емдейтін емші

Биылғы жыл басынан бері жұрттың бірінші кезекте көбірек ойлайтын мәселесі денсаулық жайы болып тұрғаны мәлім. Оған негізінен «Ковид-19» індетінің таралуы себепкер екені белгілі. Осы орайда қайда мықты емші бар десе, соған елеңдей қалатынымыз да рас.

Таяуда көзімізге қазақ және орыс тілдерінде жазылған бір жарнама шалынды. «Табиғи шөп дәрімен емдейміз» деп басталып, қан қысымының қалыпсыздығы, қант диабеті, инфаркт, қатерлі ісік, буын, бел, бүйрек, жүрек-қан тамыры ауруларына шипасын тигізетіні туралы тізілген. «Барлық аурулардан емдей­міз!» деп аяқтап, 8-708-483-57-55 телефон нөмірін көрсетіпті. Осы жар­наманы әлеуметтік желі арқылы бөліскен адам: «Мына жігіт адам­дарды шөп дәрімен емдеп жа­тыр. Бүкіл аурулардан емдейді. Рак, простатит, бесплодие» дегенді қосқан.

Бұл біздің назарымызды аударды. Осындай керемет емші екені рас болса, жұртқа шапағаты тиіп жүрген жанды неге көпшілікке кеңірек таныстырмасқа? Осы ниетпен көрсетілген телефонға хабарластық.

- Жарнама бойынша хабарласып тұр едік.

- Иә, тыңдап тұрмын, айта беріңіз.

- Шөптен жасалған дәрімен дерттің барлық түрінен емдей беретініңіз жөнінде жазылыпты.

- Ол рас.

- Аты-жөніңіз кім? Жасыңыз нешеде? Емшілікпен қай кезден бері айналысасыз?

- Аты-жөнім - Аман Қуатбай. Жасым 40-та. Қазақстанға 1996 жылы көшіп келгенбіз, емшілікпен содан бері айналысудамын. Кезінде емшілікпен әкем де айналысқан болатын. Әкем &ndash аса тақуалығымен, өзінің жұртқа жасаған жақсылықтарымен Иран, Түркия жұртшылығына танымал болған адам. Бір бауырым қазір белгілі сынықшы.

- Онда шет елден көшіп келген қандас болдыңыздар ғой?

- Иә. Біз кезінде Ауғанстанда, Пәкстанда, Иорданияда, Иранда, Түркияда, Германияда тұрғанбыз. Жалпы, 12 елде тұрып келген жайымыз бар, өзім 12 тіл білемін. Дүние жүзінің табибтерімен тікелей байланысым бар десем болады.

- Шынын айтқанда, басқасы - басқа, қант диабетінен, қатерлі ісіктен шөп дәрімен емдейді дегенге сеніңкіремей тұрмыз. Мысалы, сусамыр ем қонбайтын ауру саналады ғой. Ал шөп дәрілеріңіз қандай, оларды қайдан аласыз?

- Шетелдерде тұрып, көп оқып-ізденгендіктен адам емдеуде мен өзіме сенімдімін. Ондай ауруларға да шипа дарытып жүргенім рас. Кепілдік беріп емдеймін. Қант диабетінен емдегенде қан құрамындағы қанттың мөлшерін төмендетемін. Мысалы, 1-ші топтағы бір адамның қантын 8-ге дейін түсірдім, ол осыған дейін салдырып жүрген «уколын» енді салдырмайтын болды. Бұл жақта қатерлі ісіктен, қан қысымының қалыпсыздығынан, инсульттен де емдей алмайды екен, мен ондай ауруларды да емдей беремін. Омыртқа жарығынан да емдеймін, емге шөп дәріні де, басқа тәсілдерді де қолданамын.

Өкпе, буын ауруларынан бірер күнде айықтырған кездерім бар. Шөп дәрілерді басқа елдерден алдыртамын. Қазақстанда ауа салқын саналады, сондықтан мұндағы дәрілік шөп аталып жүрген өсімдіктердің кейбірі болмаса, бәрінің бірдей шипасы бола бермейді. Оның үстіне адам оның неге дауа болатынын, қай кезде қандай мөлшерде ішу керегін білуі тиіс. Мен шөп дәрілерді климаты құрғақ, ыстық жақтардан алдыртамын.

Айта кетейін, бұл жақта адамдар химиялық дәрілерді бірінші орынға қояды екен. Ал негізінен шөп дәрі бірінші орында тұруы керек. Қазақстан медицинасы көп артта қалып кеткен деп ойлаймын. 20 жасында қант диабеті болған, белсіздікке ұшыраған жастарды, түрлі дәрілерді жөн-жосықсыз пайдалана беріп 50 жасында өлген адамдарды да көрдім. Бұл жақта жұрттың көбі өз денсау­лығына немқұрайды қарайды екен.

- Өзіңіздің медициналық орталығыңыз бар ма, әлде жеке емдейсіз бе? Сізге кімдер көмектеседі?

- Медициналық орталығым, көмекшім жоқ, жеке емдеймін. Нау­қастар маған өздері үйге келіп көрінеді, немесе өзім шақырған жерге барып қарауыма да болады. Өзімнің жеке көлігім бар. Маған емделіп, риза болған ақшалы азаматтар бар, солар тарапынан адам емдейтін мекеме ашуға демеушілік жасауға ұсыныс болған, бірақ одан өзім бас тарттым.

- Неге, қайта сол жақсы емес пе?

- Жаңа айттым ғой, 12 елде болғанмын деп. Ұзақ жылдардан бері емшілікпен айналысамын, содан болар, адамның ниетін, пиғылын мен бірден сезінемін. Түйсігім алдамайды. Көңіліңізге келсе де айтайын, бұл жақтың адамдарының көбі ақшаны бірінші орынға қояды, өз пайдасын көп ойлайды екен, пайдаланып, «лақтырып» кететіндердің көбіне көзім жетті. Өткенде бір емшіні өлтіріп кетті. Сондықтан сақтанамын. Шөп дәрінің қалай жасалатын құпияларымен бөліскім келмейді. Ең бастысы, жұртқа шипа дарытып жүрмін, сол маған жетеді. Алла осындай қасиет дарытқан екен, оны адамдарға жақсылық жасауға жұмсауым керек. Алладан ештеңені жасыра алмайсың ғой, ол бәрін көріп тұрады, ол бізге күре тамырымыздан да жақын. Жалпы, өзіме жарнама жасауға да аса құмар емеспін, жұрт бір-бірінен естіп-ақ тауып келіп жатады мені. Нау­қасқа дәрі бердің бе, оның шипасы тиюі керек, адам ауруынан айығуы, аяғынан тұруы керек. Менің ұстанымым осы.

Адам Құдайдан қорқуы, ақыретін де ойлауы керек қой. Мен өзім алдыма адамдарға өлгенімше жақсылық жасаймын деген мақсат қойғанмын. Жұрт Зияның баласы да өзі сияқты жұртқа жақсылық жасаумен өтті деп айтып жүрсе, сол мәртебе маған.

Дегенмен ниеті жақсы адамдар да ұсыныс білдіріп тұрады. Тараздық бір апаны емдеген едім. Өкпесі сырылдап, буыны ісіп, үйге кіріп-шығудан қалған екен, мен берген шөп дәрілерді қолданғаннан кейін дертінен құлантаза айығып кетті. Өз аяғымен Алматыға екі мәрте келді. Алғысын айтып, батасын жаудырып жүреді. Сол апам кеше де хабарласты. Мен берген дәрілер келіндеріне де шипасын тигізіпті, соған рахметін айтты.

Мен жағдайы келмей тұрған адамдарға дәріні қарызға беріп те тұрамын, кейбіріне тегін де беремін. Өткенде сол апаның келіндері қарызға дәрі сұраған ғой, апа соны біліп қойып, оларға әбден ұрсыпты, пайдасын көріп отырсыңдар, ақшасын төлеп алыңдар депті.

Енді ол кісі қазақтың ұлттық сусындарымен емдейтін орталық ашпақ ниетте жүр. Несиеге ақша алып, арнайы орталық ашпақ. «Сені соған алдыртамын, адамдарды көбірек емдеуіңе жағдай жасаймын», &ndash дейді. Шын ниетімен айтып жүр. «Жүздеген адамға пайдаң тиіп жатыр, кітап жазсайшы», &ndash дейді. Бірақ мен қазақ әрпімен жаза білмеймін.

Жалпы, адамға тілектес болатын осындай ақпейіл жандар да көп қой негізі ел арасында. Сондай бір бауырым бар осында, мені қорғап жүреді.

- Ал дәрілеріңіздің бағасы қандай? Науқас адам оларды қанша уақыт ішуі керек?

- Ең арзаны 10 мың теңге, ең қымбаты 150 мың теңге болады. Оларды алғашында бір курс емге шақтап беремін. Негізінен 40 күн бойы ішеді. Содан оңды нәтиже көреді. Кейін өзі қалап, денсаулығыма қажет деп тауып, тағы да алғысы келсе, тағы да беремін. Ол жағын емделушінің өзі шешеді.

- Науқасқа диагнозды қалай қоясыз?

- Қай жері мазалайтынын өзі айтады, дертін, оның негізгі себебін соған қарап шамалаймын. Дәрігерлердің қойған диагнозы көп жағдайда дұрыс шықпай жатады.

- Сізді іздеген адам қайдан таба алады?

- Мен Алматы жақта, Қаскелеңде тұрамын. Іздеген адам телефон шалса, қалай табуға болатынын өзім түсіндіремін ғой.

&hellipБұл азаматпен арада осындай әңгіме болды. Ауырып-сырқап жүргендерге пайдасы тие жатар деп ойлаймыз. Әрине, емшіге көріну-көрінбеу жағы әркімнің өз шаруасы ғой. Біз ол туралы өзінен сұрап-білгенімізді оқырман назарына қаз-қалпында ұсынуды ғана мақсат тұттық.

Р. ҚЫДЫР.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста