"Бес жасымда бастадым": Танымал сынықшы қиын дерттерді қалай емдегенін айтты

"Бес жасымда бастадым": Танымал сынықшы қиын дерттерді қалай емдегенін айтты

Алматы облысында тұратын сынықшы әрі уролог Ерлан Төреевке емделуге баратын жұрттың қарасы қалың. Бес жасынан бастап сынықшылыққа ден қойған ол ата-бабасынан қалған қасиетті жолды жалғастырып келеді. Ел арасынан кеңінен танылған емші өзіне кімдердің жиі келетінін айтып, халыққа танымал азаматтарды да аяққа тұрғызғанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ

"Емшілік қызметке жастайымнан кірістім. Осы жерде басын ашып айтқаным дұрыс. Мен сиқырмен немесе дұғалар арқылы емдемеймін. Менің негізгі бағытым &ndash сынықшылық. Барлық ата-бабаларымда осы қасиет болған. Өзім біздің әулеттегі тоғызыншы сынықшы саналамын. Атам бес жасымнан бастап ем-дом жасайтын кезде қасына ертіп жүрді. Бірақ мен атам секілді көп ауруды емдей алмаймын. Мысалы, марқұм атам көзіне ақ түскендерді, құлағы қатты жараланғандарды, сары ауруға ұшырағандарды жазып алатын. Менің ондайға күшім жетпейді. Бірақ бар өмірімді емдеуге арнаған соң, сүйектері зақымданған қарапайым халықты да, елге танымал азаматтарды да емдеп жүрмін", - дейді Ерлан. 

Сынықшының айтуынша, омыртқаның, сегізкөздің және басқа да сүйектердің зақымдануы көптеген ауруларға алып келеді. Оның ішінде, әйелдер мен ерлердің ұрпақ дамытуға қатысты мәселелері де бар.

"Сынықшылықпен айналысқаныма 30 жылдан асып кетті. Осы уақытта түйгенім - бар ауру омыртқадан басталады екен. Омыртқаның қисаюы бас, көз, құлақ, жүрек ауруларына, демікпеге әкеледі. Өкінішке қарай, көпшілік бұған мән бермей, жүре береді. Құйымшақ зақымданса, ерлер мен әйелдерде жыныс аурулары күшейе бастайды. Жұлынның, жүйке жүйелерінің қысылып қалуы да гинекологиялық және урологиялық ауруларға әкеледі. Маған бала көтере алмай жүргендер де көп келеді. Шамам келгенше көмектесемін. Он адамның үшеуі жыныстық аурулар бойынша шағымданады. Көпшіліктің тезірек сауығып кетуіне себепші болып жүрген жайым бар", - дейді емші. 

Бүгінге дейін Ерлан Төреев Алматы облысына қарасты Шамалған ауылындағы үйінде емделушілерді қабылдап келген. Енді көпшіліктің өтініші және журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың қолдауымен ол Алматыдан ем жүргізуге мүмкіндік алып отыр.

"Нұрсейіт бауырымның ұсынысымен "Аламан" емдеу орталығында адамдарды қабылдауды бастадым. Көпшілік менің тұратын жерімді алыс көріп, қалаға жақындауымды сұрайтын. Сол үшін осындай қадамға барып отырмын. Бұл орталықта сүйектің сынуы, омыртқа аурулары, протрузия, омыртқа жарығы (грыжа), тізе, құйымшақ, бас ауруларын емдеп, урологиялық мәселелерді де қарастырамыз", - дейді Ерлан Төреев. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста