Көзілдірікті немесе линзаны алмастыратын көз тамшысы пайда болды
АҚШ-тың тағам өнімдері мен дәрі-дәрмектің сапасын қадағалау жөніндегі басқармасы (FDA) пресбиопияға (көздің табиғи қартаю процесін осылай атайды – ред.) қарсы алғашқы дәріні пайдалануға рұқсат берді. Бұл жайында америкалық медициналық мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып islam.kz порталы мәлім етеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Көзілдірікті алмастыра алатын, Vuity деп аталатын көзге тамызатын дәрі көп ұзамай саудаға шығарылады. Ол көру қабілеті төмендеген адамға айналасын жақыннан көрсету үшін көз қарашығын кішірейтеді.
Аталмыш дәрінің организмге кері әсері жоқ әрі бірнеше сағатқа дейін тиімділік танытады.
Десе де бұл дәріні жасаушылардың сөзіне қарағанда, оның тиімділігі 40-55 жастағы адамдарға жақсы білінеді.
Осы орайда Дүниежзілік денсаулық сақтау ұйымының әлем бойынша 2.2 млрд адамның көру қабілетінің төмендегені турасындағы дерегін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз. Бұған ең алдымен смартфон, палншет, компьютер секілді құралдардың жаппай пайдаланылуы себеп болған.