Бақсылық қасиет қалай қонады?

Бақсылық &ndash ежелгі түсінік бойынша тылсым әлеммен байланыс жасай алатын, тәуіптік, балгерлік, сәуегейлік, көріпкелдік, сиқыршылық тағы басқа да ерекше қасиеттері бар адам. Ол ертедегі шаман дінінен сақталған ұғым. Сол кездегі сенім-наным бойынша жан иесі тұрпайы денеден және нәзік болмыстан тұрады. Адам өлген соң тұрпайы денесін тастап, нәзік болмысымен жан баласы көріп-біле алмайтын жаңа бір әлемге рух түрінде өтеді; ол әлем &mdash фәни өмірдің жалғасы, сондықтан рух онда түрлі қалыпқа еніп, әрекет жасайды; бұлар табиғат құбылыстарына да әсер етіп отырады деп түсіндірілді. Қазақтар олардың жақсылық істерді басқаратындарын әруақ, періште, перизат, т.б. десе, жамандық істерді басқаратындарын пері, шайтан, жын, албасты, жезтырнақ, т.б. деп атайды. Осы көне сенім бойынша Бақсы &mdash әлгі тылсым әлеммен байланысқа еніп, ондағы түрлі рухтарды өз қызметіне пайдалана алатын адам.
Бақсыларға тән айрықша қасиеттердің бірі &mdash емшілік (тәуіпшілік). Шығу тарихы отқа табыну мен шамандықпен тығыз байланысты психологиялық емдеу тәсілдерін әр елдің бақсылары сол халықтың өзіне тән ерекше әдістер арқылы қолданған. Мысалы, қазақ бақсылары қобызда ойнап, зарлы не қаһарлы үн, әуендер шығару, түсініксіз жыр жырлау, &ldquoжынын шақырып&rdquo зікір салу немесе гипноздық, жонглерлік, т.б. &ldquoкеремет&rdquo көрініс, әрекеттер жасау арқылы емделушінің жүйке жүйелеріне әсер ете отырып емдеген. Табиғаттың құдіретті күштеріне иландырады, өзіне баурап алады. Әрине, бұл іс әркімнің қолынан келе бермейді. Ол үшін үлкен табиғи дарын, қасиет керек. Бақсылар емшілікпен қатар, балгерлікпен де шұғылданған. Олардың келешекті болжайтынына, адамның тағдырын шешіп, оның ойын сезіп тұратынына, өткен өмірін де ашық айтып бере алатынына, табиғи құбылыстар тудыра алатынына, жын-шайтандарды қуатынына халықтың белгілі бір бөліктері бұрын да, кейін де сенді. Оған негіз де жоқ емес еді. Адамның өз табиғатындағы ғылым ашпаған жұмбақтар әлі толып жатыр. V ғасырдағы ғұн патшасы Еділдің айналасында көптеген даңқты Бақсылар болған. Олар әрбір күрделі оқиғаларды күні бұрын болжап, патшаға жеткізіп отырады екен. 451 жылғы Каталаун шайқасының тағдырын Бақсылар құмалақ ашып, бірнеше күн бұрын айтып берген. Болжам дәл келген.
Бақсылық тұқым қуалайды, ол адал, жаны таза, иманды адамдарға қонады, өз жолын дұрыс ұстай алмаса &ldquoқасиеті таяды&rdquo немесе &ldquoбақсылық буып&rdquo кемтар болып қалуы да мүмкін делінеді.
Бақсылардың алдамшы, көзбояушы емес, психикалық жаратылысы ерекше жандар екендігі &ndash ғылыми тұрғыда дәлелденген. Адамға бақсылық қонғаннан кейін тазалық сақтап, бойына қонған жындармен көмекші рухтарын үнемі риза қылып, «ренжітпеуі» талап етіледі. Олай істемеген жағдайда ол адамды «жын буып», ауруға душар етеді. Неғұрлым күшті бақсының жындары да көп әрі әлеуетті деп саналады. Қазақта ең атақты Бақсы бағаналы Қойлыбай &ndash барлығының пірі, қорғаушысы. Жамбыл облысында да Жайнақ, Айтқожа, Кенжеқыз, Балбике, Ахметбек, Сәлима, Орал, Қалдықыз, Күләнда, Ақжігіт, Ұмсынай, Қымқан, Шайымхан, Сәрсенкүл, Сарыбек, Ырыс, Әлима, Сейсекүл, Тентегүл есімді бақсылар дүниеге келіп, облыстың әр өңірінде осы бақсылық қасиетті жалғастырған.

Жуалы ауданында дүниеден
өткен Қалдықыз бақсы.

aqjolgazet.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста