Шежіре - Сарыүйсін руы

Шежіре - Сарыүйсін руы

САРЫҮЙСІН – Ұлы жүз құрамына кіретін ежелгі тайпа. Ұраны – Байтоқты. Таңбасы – Абақ. Сарыүйсіндер – Бәйдібек бабаның бәйбішесі Марау (Сарыбәйбіше) анадан тараған ұрпағы. Сарыүйсіндер ежелден Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендерін бойлай) өңірін, Қаратау баурайын мекен еткен.

«Алаш айнасы» интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Негізінен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.
Сарыүйсіннен көптеген абыз, би, шешен, батырлар шыққан
• Түргеш қаған
• Үшлақ хан
• Сары би
• Алтай шешен
• Жандосай батыр
• Қошқар батыр
• Жартыбай батыр
• Тоқаш Бокин – Жетісудағы ұлт–азаттық қозғалыстың жетекшісі
• Сәбит Оразбаев – Қазақ КСР−нің халық әртісі.
Қысқаша шежіресі:
Бәйдібек → Байтоқты → Түргеш (Сарыүйсін) → Мырзақаз → Жақып, Қалша
Жалпы мәлімет.
Халық жадында сақталып, атаданбалаға мирас болып келе жатқан шежірелерде Сарыүйсін тайпасы Бәйдібек бабаның Сары бәйбішесі Марау анамыздан таратылып, тіркестегі "Сары" сөзін, бір деректе Гүлжамал, бір деректе Марау аталатын, анамыздың түрімен байланысты шыққан дейді. Ал ғылыми деректерге сүйенсек, Қойшығара Салғариннің "Династии ханов" деген еңбегінде Сарыүйсіндердің Түргеш хандығын құрғандығы айтылады. Осы деректі "Таң патшалығының жаңа тарихы" атты кітаптағы деректер де қолдайды. Десек те шежіренің негізі ауыз екі айтылатын аңыз болғандықтан біз аңызда айтылып, соңғы ғасырларда санаға сіңген деректерді негізге алуды жөн көрдік. Себебі Бәйдібек бабаның өзін бір деректер Ақсақ Темір көреген (хан тұқымынан қыз алған адамға берілген атақ) заманында ғұмыр кешкен десе, бір деректер (шежірелерде айтылатын аталар өмір сүрген уақытына дәлірек келтіру үшін) XII ғасырда, ал бір деректер біздің дәуіріміздің VI-VII ғасырларында өмір сүрді деп дәлелдейді. Осының барлығы, біздің ойымызша, үстірттен шыққан сияқты. Бәйдібек бабаның тарихта болғаны бұлжымас ақиқат, әруақты бабаның қай дәуірде өмір сүргендігін дәлелдеп айтуды тарихшылардың үлесіне қалдырайық. Бірақ, түркі тілдестер әлемінде "Аталық" деген ұғым бар.
Осы ұғымға сәйкес Алаша хан туралы аңызда айтылатын, ханның ала шықты деген жорамалмен елден шығарылып жіберген баласын іздеп баратын жүздерді (ұлы, орта, кіші) айналып өтуге болмайтын сияқты. Сол аңызда алғашқы жүз жігітті бастап барып, хан баласын қайтып елге көшуге үгіттеген Ақарыс Бекарыс өзіне ергендердің, Жанарыс та, солар сияқты, қасына ергендердің атасы болып шығады. Осы үш адамға бөлек бөлек еріп барған бір қазақтың балалары, үш батырға еріп хан тапсырмасын орындауға бөлек бөлек барғаны үшін, үш жүзге бөлініп шыға келеді. Бұдан шығатын қорытынды ой, халқымыздың көшпенді тірлігінде жаугершілік заманда қол бастап, бейбіт заманда топ бастап, қысылтаянда сөз бастай алатын адамдарға сол кездегі ел билеушісі "аталық" дәрежесін берген.
Сол себептен де Бәйдібек бабаның аталық болғандығын мойындау керек сияқты. "Аталық" дәрежесін алғандардың айналасындағы бір бірімен туыстас халық сол адамның еліміз дегенді бір ауыздан мойындайтын болған. Елдің аты аталғанда "Аталық" атын алған адамның есіміне қосылып айтылу дәстүрі болған. Сол дәстүр ақыраяғында бүкіл елді сол адамның баласы деп ататқызған сияқты. Бұл мәселе де шешімін болашақтан күтіп жатқан күрделі зерттеулерді талап ететін дүние. Егер Ақарыс, Беқарыс, Жанарысқа ергендердің барлығы да қазақ деген халықтың балалары екендігі, олардың тегі, тілі, генетикалық сәйкестігі бірдей екендігін болашақ дәлелдеп көрсетсе, қазіргі қазақтардың арасында тамтумдап болса да бой көтеріп қалып жүрген "Мен сенен гөрі қазағырақпын" деген сасық пікір жоққа шығарылып, халқымыздың ынтымағы арта түсер еді деген ойымыз да жоқ емес. Бұл мәселенің жауабының ұштығы Н.Аристовтың "26 поколение тюркоязычных племен" деген еңбегінде жатқан сияқты. Түркі, қазақ жұртын көп зерттеген ғалым, қазақтың жүз жүзге бөлініп, ырыңдырыңға кіргенін Ұлы Шыңғыс хан мемлекетінің іргесі сөгіле бастаған XII-XIII ғасырларға жатқызып, дәйектеп дәлелдейді. Бір деректе Бәйдібек бабаның әкесі Қараша би, Арыстан бидің ару қызы Марауды ұлына айттырып әпереді. Бәйдібек баба бір деректе Марау анамыздан он ұл, бір деректе тоғыз ұл көрген делінеді. Сол тоғыз ұл ержетіп, дұшпанына жұмылған жұдырықтай ұйымдасып шабар жасқа келгенде, еншісі мен жері Бәйдібек бабаның басқа әйелдерден бөлек жатқан Сары бәйбішенің ауылын жау шабады. Еркектері жорықта жүрген қорғансыз ауылдың бар малын айдап, жөңкілтіп жүріп береді.
Бұл хабар құлақтарына жеткен тоғыз ұл (Қазыбек, Жәнібек, Толыбек, Тайлыбек, Әлібек, Тастанбек, Сенбек, Қарабек, Сарыбай) өздерінің күшіне сеніп ешкімді көмекке шақырмастан жауды өздері ғана қуады. Әккі жау жалтаң жолмен жүріп, тоғыз батырды ел арасынан ұзап шығуға мәжбүр етеді. Ақыры қуып жеткендер олармен қазіргі Шымкент маңындағы Ақсу бойында арпалысады. Сол жерде үш ұл мерт болады. Қалған алтауы жауды соғыса отырып қуып, қазіргі Күйік асуына таяу жерге жеткенде мерт болады. Ол жерлер күні бүгінге дейін "Алты сары" деп аталады. Өсіп, өркендеп қалған ұлдарынан айырылған Сарыбәйбіше мосқал тартқан жасында тағы бір ұл көреді. Туғаннан аяққолдарында кемістік бар баланы бай мен бәйбіше алласына шүкірлік айтып, елеусіздеу Сирақты деген есіммен атапты. Сапсары үлпек шашы мен, сергек мінезі баланы кейінірек ел арасында Сергек сары атандырыпты. Бір деректерде, Алланың берген сиы дегенді меңзеп, Сыилық сары деп те атайды. Үйсін деген сөздің түбірі ырыс, байлық дегенге сайғандықтан, оның байлығына сай халық өз ішінде сары үйсін атап кетіпті. Ал енді бір деректе Марау ананың кенжесі жау шапқан кезде жеті жастарда екен.
Сол Сарыбай ер жетіп, ағаларының кеткен кегін қайтару үшін, жаумен болған бетпебет қан майданда жекпе жекке қарсы шыққандарды қылышпен шауып, қауынша айырып, шоқпармен соғып бастарын мылжалап, найзамен бауырсақты шиге шаншығандай іліп тастай беріпті. Жапатармағай елдің барлығы араласқан қоянқолтық соғыста айналасын балауса құраққа шалғы түскендей жайпапты. Бұны көрген жау нояны: "Анау жүрген сары үйсінді жыға алмасақ, бізге жеңіс жоқ" деп айқай салыпты. Содан бастап бәйбішенің кенжесі Сарыбай Сарыүйсін аталып кетіпті делінеді. Содан бастап үйсіндердің басқыншыларға қарсы болған сол соғысында ерекше ерлік көрсеткен Сарыбайдың атағы Сарыүйсін болып тарап, өз аты ұмтыла бастапты. Тағы бір деректе үш жүздің басы қосылған үлкен жиынтойда Үргеніш жақтан келген түйе балуанға ешкімнің дәті барып, күресуге шықпай қойыпты. Түйе балуан өзіне тағылып әкелінген темір шынжырды бырт-бырт үзіп, күресуге шықпай жатқан қарсыластарының апшысын онан сайын қуырып, тұрып алыпты.
Осы кезде ортаға Үйсін бабаның әруағына айқайлап сиынып бір жас жігіт шыға келіпті. Балуандар қол алысып, күресе бергенде түйе балуан қолын құрғату үшін ысқан топырақтың алақанында іркіліп қалғанын балаң жігіттің кезіне байқатпай шашып жіберіпті. Бұндай әділетсіздікті күтпеген жас балуан сасып қалғанда, түйе балуан енкейіп жауырынынан қапсыра құшақтап басынан асырып атып жібермек болып шалт қимылға кешіпті. Балаң балуан бұға қалып, оның екі аяғының арасынан өтіп бара жатып, төңкеріп түсіпті. Әне-міне дегенше басынан аттап, жеңісті иеленіпті.
Қолпаштаушылар оны тіл-көзден сақтау үшін басына шапан бүркеп ел арасына алып кіріп кетіпті. Күрестің тез біткеніне таң қалған елі "Кім жықты?", "Жыққан кім?" деп ду ете түскенде бір ақсақал: "Үйсін бабасының әруағын шақырып ұрандап шыққанына қарағанда, Үйсіннің бір сары баласы жықты" депті халыққа. Сол кезден бастап Сарыбай Сарыүйсін аталып кетіпті. Қалай десек те Сарыбайдың Сарыүйсін аталуына әкелетін осындай аңыздар көп. Олардың кейбіреуінде санаға симайтын, "дәлелсымақтар" келтіруге тырысады. Біз жоғарыда негізге алған деректеріміздің барлығы аңыздардан алынып отыр. Кезкелген аңыз өзі туған заманның саясатына сүйене отырып дүниеге келеді. Өздеріңіз байқағандай, аңыздардың негізгі мақсаты ел бірлігі. Ел бірге болуы үшін түбі бір болуы керек деген қағиданы негізге алған аңыздарда кей кейде қисынға симайтын бұрмалаулар да аз кездеспейді. Сондықтан да тарихи деректердің орны әрқашан да ерекше болып шығады. Осыған орай жоғарыда аталған еңбектерде негізін мақүлдатқан, Әлкей Марғүлан еңбектерінде, жалпы дүниежүзілік тарихта аты аталатын Түргештер хандығы жайлы мағлұматтардың айтары көп сияқты. Біздің дәуіріміздің 699-766 жылдары билік құрған Түргеш қағанатының құрамына кірген халықтар өздерін сарыүйсіндерміз ден атағаны тарихтан белгілі. Олай болса, Тургеш қағанаты тарих сахнасынан кеткен кезде, оның орнында қалған халықтың Сарыүйсіндер аталуы санаға қонатын сияқты. (Тургештер туралы мақаланы осы кітаптан оқисыз).
Ендеше тарих сахнасында өз кезімен шығып, батысындағы, терістігіндегі байтақ өлкені билеген түргештердің басынан билік кеткенде, сол қағанаттағы халықтың бытырауы занды құбылыс. Осының нәтижесіңде сонау ішкі Қытайға сіңіп кеткен сарыүйсіндер туралы деректер біздерге орыс тарихшыларының, қытай жылнамашыларының жазбаларында, Казбек бек Тауасарұлының "Түптүкияннан өзіме шейін" кітабында айтылады. Аңыздағы ұрпақсыз қалды деген тоғыз ұлдың жержерге тарап кеткен ұрпақтарының он тармақтан бір ғана бұтағы қалуынан бүгінгі сарыүйсіңдердің таралуы сонау, алыстан басталса да, сан жағынан кенжелеп қалуына әкеліп соқтырған. Өзімен бірге өскен аталар арасында осы себептерден саны жағынан бірнеше есе кем болуы заңды. Мұндай мысалдарды Қоңырат тайпасының таралуынан да көруге болады. Олардың шежіресінде 34 атаның аты аталып, осы күні төртеуінен ғана тараған ұрпақтар туралы деректер бар. Қалғандары көршілес халықтарға сіңіп кеткен дейді аңыз. Мұндай жайт ескіден келе жатқан қазақ тайпаларының барлығына да сай қүбылыс.
Осы орайда Ұлы жүздегі Төбейдің төрт баласы Майқы, Қоғам, Мекірейіл, Кұйылдыр туралы да айта кеткен жөн сияқты. Үйсін тарихында Мекірейілден тарайтын Мың жүзден тоқсан баулы қыпшақтар Қара Қыпшақ Қобыландының елі тарайды делінеді. Ал Кұйылдырдың балалары Кырық жүз аталып Қоқандық сарттарға сіңіп кетті делінеді. Жалпы, тарих тереңіне көз салар болсақ сонау заманнан аты белгілі тайпалардың қазіргі саны тым аз болатындарын көптеп көруге болады. Мысалға тарихта ерте аталатын Чігілдің тікелей ұрпақтары Шапыраштыдағы Шыбыл мен Албан, Арғындар ішіндегі шыбыл тармақтары деп айтар болсақ, бұл үшеуінің де қазіргі ұрпақтары басқа тайпалармен салыстырғанда, аз. Ал, бұдан 1012 ғасыр бұрын өмір сүрген айтулы жұрттың ұрпақтары осы он ғасыр ішінде көбейіпкөбейш барып, қанша болатынын елестету қиын. Алайда, тарихтың дөңгелегі небір дүрілдеген мемлекеттердің өздерін шаңына жұтып кетті емес пе? Сол секідді біздің заманымыздан бұрынғы 15 ғасырларда белгілі болған қаңлы, үйсін одақтарының кейінгі тағдырын көріп отыр емеспіз бе? Тарап, бөлшектеніп, бөлініп сайын сахара төсінде қаншама елге айналып кетті. Міне солардың бір бөлігі Сарыүйсін. Өйткені Сақтар мен Үйсіндер бір заманда ғұмыр сүріп, кейінгісі дәуірлеп бел алғанда Сақтардың бір бөлігі Үйсін құрамына сіңген соң, сол алдыңғысының ішінде жүрген бірліжарым топтар Үйсін құрамында өз әтнонимдерін өз аттарын сақтап қалды.
Сондай әтнонимнің бірі Сақ яғни, сары. Міне сол Сақ тайпасы Үйсін тобында жүріп, Үйсіннің Сақысымыз яғни Сарыүйсінбіз (Сары) деп өздерін атап кетті. Осының нәтижесінде казақ-қырғыз шежіресінде Сарыүйсін есімі пайда болды. Сонымен, Ұлы жүздегі Бәйдібек бабаның Бәйбішесі Марау анамыздан тарайтын Сарыүйсіндер шежіресін бастамас бұрын, жоғарыда айтылған жайларға сүйене отырып, төмендегідей қорытындыға келуіміз керек. Сарыүйсіндер Бәйдібек бабаның бәйбішесі Марау анамыздан тарайтын ұрпақтар. Олардың қазақ тарихында алатын өз орыны бар. Сарыүйсіндерден Сары би, Алтай шешен, Құрақ, Қошқар, Жандосай, Елемес, Тұрды, Жартыбай сияқты батырлар, Тоқаш Бокин, Сәбит Оразбаев сияқты елге танымал ел ағалары шыққан. Ел арасында "Дәу Қали", Сарыүйсін Қали аталған атақты ел ағасы Ордабайдың Қалиы сияқты, ардалар шыққан. Сарыүйсіндердің қазіргі мекендері Алматы облысы Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Балқаш, Жамбыл, Қарасай батыр аудандары, Жамбыл облысының Шу, Талас, Құлан аудандары, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Қазығүрт, Сарыағаш, Келес аудандары. Үраны Байтоқты, таңбасы Абақ.
Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ
Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш, алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.
Алаштан екі бала туған — Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.
Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен,
Қара көзден мөлдіреп жай келеді.
Мына заман, қай заман, бағы заман,
Баяғыдай бола ма тағы заман?!
Атадан ұл, енеден қыз айырылды,
Көздің жасын көл-дария ағызамын.
Мына заман, қай заман, қысқан заман.
Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.
Топырақ пен аспаннан шаң борайды,
Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.
Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,
Қабырғама қара жер батты, Құдай.
Жаяу жүрсем, табаным ауырады,
Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!
«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.
Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.
Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.
Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.
Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.
Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.
Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.
Шежире для русскоязычных казахов Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков. Содержание •1 Казахи и шежире •2 Современные шежире •3 См. также •4 Ссылки Казахи и шежире Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды. Современные шежире Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов. Шежире состоит из трех жузов Старший жуз Айдарлы Акарыс Аксакал Албан Алыбай Асан Байдибек Байдолла Байтерек Бактияр Беимбет Бирманак Ботбай Дулат Ескельды Жалайыр Жалманбет Жансакал Жаныс Жаримбет Жарыкшак Жолдаболды Ибраиым Іле Калыбай Канлы Караш Кейкі би Когам Куйылдар Курті Меайкы Мекрейіл Ойсыл Ошакты Сакалды Сары Сарыуйсін Сіргелі Суан Сыйкым Сырманак Толыбай Узынсакал Уйсіл Шанышкылы Шапырашты Шегир Шуманак Шыбыл Шымыр Ысты Средний жуз Аргын Атыгай Ашамайлы Баганалы Базархан Байталак Балталы Басентиин Бахрам Бегендык Беймен Бетке Болаткожа Елемес Ергенши Ер-Косай Ескара Жадик Жаманбай Жангулы Жантекей Жантели Жастабан Ители Казыгул Камбар Канжыгалы Карагерей Каракас Каракесек Каракипчак Карасопы Каратай Караул Карауыл Кенсадак Керей Кетбуга Китайкипчак Кокжарлы Коккоз Конырат Котенши Куандык Куланкипчак Кылдыбатыр Кыпшак Мадьяр Матай Мейрам Меркит Молкы Мулкиаман Наганай Найман Садыр Сарман Сарысопы Суиндык Суйениш Таракты Тобыкты Токпак Токтамыс Тортеуыл Тортул Торыкипчак Уак Шегендык Шеруши Шимойлы Шубарайгыр Шубыртпалы Младший жуз Адай Алаша Алимулы Алтын Байбакты Байсары Байулы Баксиик Бериш Есентемир Жагалбайлы Жаппас Жетыру Каракесек Карасакал Кердери Кереит Кете Маскар Ногай-казак Рамадан Султансиик Табын Таз Тама Тана Телеу Торткара Шекты Шенеш Шеркеш Шумекей Ысык Возникновение 3-х жузов Вопрос о жузах также является не вполне решенным. В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов. Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов. Причины образования жузов: 1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу. 2. Природно-географические (территориальные) факторы. 3. Военно-политические факторы (для защиты). 4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.). Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее). Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех. Территории и основные роды и племена, составляющие жузы: Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др. Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д. Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др. Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов. Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста