Зеленский украиналықтарға жақсы жаңалық жеткізді
Келесі аптада Украинаның қорғанысын қосымша күшейтуді қамтамасыз ететін дипломатиялық іс-шаралар өтеді. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сонымен бірге, ол Ресейдің "Рождестволық бітімгершілік" кезінде соғыс аймағындағы әрекеттері әлемге Ресей Федерациясының "өтірікші" екенін тағы бір рет көрсеткенін атап өтті.
"Әлем бұл күндері Ресейдің өз мәлімдемелері арқылы майдандағы жағдайға төрткүл дүние назарын аудартқан кездің өзінде жалған сөйлейтінін тағы да көрді", - деп президент ресейліктердің "бітімгершілігін" тағы бір сынға алды.
Ол басқыншылар Рождестводан кейін бірден Херсонға отты снарядтармен соққы бергенін, сондай-ақ Краматорск пен Донбасстың басқа қалаларына оқ жаудырғанын еске салды. Олардың шабуылдары азаматтық нысандарға бағытталған.
Зеленский сонымен қатар Украинаның күшеюі, елдің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру, халықтың Ресей тұтқынынан оралуы ғана бейбітшіліктің нағыз кепілі екенін айтты.