Жаһандық дағдарысты тереңдететін тағы бір жоба пайда болды

Жаһандық дағдарысты тереңдететін тағы бір жоба пайда болды

Австралияның Whitehaven Coal компаниясының көмір өндірісін ұлғайту туралы жоспары күллі әлем бойынша атмосфераға бөлінетін метан мөлшерін айтарлықтай арттырады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы islam.kz тілшісі Bloomberg әскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.

Ember сарапшыларының дерегінше, автралиялық компанияның бұл жобасы жаһандық жылыну қарқынын арттырып, климат дағдарысымен күресуді қиындатады.

 

Қазіргі уақытта компанияның иелігінде төрт көмір шахтасы бар, аталмыш компания басшылығы олардың қатарын тағы бір шахтамен толықтыруды көздейді, атап айтқанда, Winchester South деп аталатын жаңа нысанның құрылысы арқылы беске жеткізуді көздеп отыр.

 

Whitehaven Coal жоспары жүзеге асатын болса, осы онжылдықтың соңына қарай атмосфераға бөлінетін ластаушы газдың мөлшері екі есе артып, 64 000 тоннадан астамға дейін жетуі мүмкін.

 

Сонымен бірге, 2050 жылға қарай көмір шахталарының кері әсері 1,2 миллион тоннаға дейін өседі, бұл көрсеткіш 56 миллион автокөліктің атмосфераға бөлетін зиянды заттарға тең.

 

Австралия атмосфераға бөлінетін метан мөлшерін азайтуға міндеттеме алған ел. 2022 жылы 150 мемлекет қолдаған әлемдік бастамаға өз еркімен қосылған ел ретінде белгілі.

 

Алайда, Whitehaven Coal компаниясы бұл міндеттеменің үддесінен шығуға кедергі келтіреді.

 

Бұдан бөлек, соңғы жылдары Қытай мен Үндістанның көмірді молынан пайдалануы да жаһандық жылынудың қарқынын бәсеңдету деңгейіне кері әсерін тигізген еді.

 

Биыл Қытай аумағында көмірмен жұмыс істейтін 300 электр стансасы бары белгілі болды. Бұл көрсеткіш әлемдік көмір қуатының үштен екі бөлігін құрайтынын айта кету керек.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста