Хабибула Әбдіқадырды Алмазбек Атамбаевпен не байланыстырады?

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев пен әйелі Раиса Атамбаеваның кәсіпкер Хабибула Әбдіқадырмен түскен суреті әлеуметтік желіде тарады. Әбдіқадырдың есімі "Кедей елден жүздеген миллион ақшаны қалай алып шыққан?" атты журналистік зерттеуде аталады. Зерттеуде 2011 жылы оған Қазақстан паспорты берілгені де айтылған.

Әлеуметтік желіде жарияланған сурет Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев пен кәсіпкер Хабибула Әбдіқадырдың қарым-қатынасы жайлы қоғамдық талқыға себеп болды. Түрлі болжам жасалып, Атамбаевтың Қой-Таштағы зәулім үйі мен "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясын және Бішкектегі мешітті салуға ақшаны қайдан алғанын зерттеу туралы ұсыныстар да айтылды.

Factchek.kg сайты әлеуметтік желіде тараған суреттің шынайылығын тексеріп көрді. Атамбаевтың жақтастары суреттің жалған екенін айтып, бұрынғы президент пен Хабибула Әбдіқадырдың арасында қандай да бір байланыс болғанын жоққа шығарады.

СУРЕТ НЕ ЖАЙЛЫ СЫР ШЕРТЕДІ?

Бұл шынайы сурет пе, әлде фотошоп көмегімен жасалған ба, ол жағы белгісіз. Суреттегі адамдардың ешқайсысы ол туралы пікір білдірген жоқ.

Жогорку Кеңеш депутаты Жанарбек Ақаев мұның шынайы сурет екеніне күмән келтірмейді және онда бейнеленген адамдар бір-бірін бұрыннан таниды деп санайды.


Жанарбек Ақаев.

- Бұл жалған емес. Олар шынымен жақсы араласқан. Контрабанда мен еркін ақша айналымы туралы деректер Хабибула Әбдіқадырдың Қырғызстан билігімен тығыз байланыста болғанын көрсетеді. Сол кездегі президент Атамбаевтың тікелей қолдауынсыз билік мұндай фактілерге көз жұмып қарамас еді. Атамбаевтың Әбдіқадырмен байланысы болғаны, оның ақшасын пайдаланғаны анық. Кейін "Ештеңе білмедім, бізді басқа біреулер таныстырған" деу дұрыс емес. Кезінде Атамбаев өзіне көмектесетін шетелдік бай досы көп екенін айтқан. Солардың бірі Хабибула Әбдіқадыр екені енді мәлім болды. Енді Бішкектегі зәулім мешіт, Қой-Таштағы сарай мен мемлекеттік резиденция ішіндегі резиденцияның қандай ақшаға салынғанын тексеру керек, - деді ол.

ПРЕЗИДЕНТТІҢ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІНДЕГІ ҚОНАҚ

Әлеуметтік желіде тараған тағы бір суретте 2017 жылы президент Сооранбай Жээнбековтың ант беру рәсіміне қатысқанда


Хабибула Әбдіқадыр (қызылмен қоршалған) Қырғызстан президенті болып сайланған Сооронбай Жээнбековтің ант беру рәсіміне қатысып отыр. Бішкек, 24 қараша 2017 жыл.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева ант беру рәсімін ұйымдастыру, шараға қонақ шақыру және оларды отырғызу мәселесімен сол кездегі президент Алмазбек Атамбаевтың аппараты айналысқанын айтты. Ол кезде президент аппаратын Фарид Ниязов басқарған болатын.

Атамбаевтың адвокаты Замир Жоошев бұрынғы президенттің Хабибула Әбдіқадырмен байланысы болғанын жоққа шығарды.


Замир Жоошев.

- Мұны фотошоп деп жатыр. Нақты білмеймін, бірақ фотошопқа ұқсайды деп санаймын. Алмазбек Атамбаев маған 2017 жылы өзін Хабибуламен Сооронбай Жээнбеков таныстырғанын айтқан. Жээнбековтың досы болғаны үшін, оны ант беру рәсіміне шақырып, құрметті қонақтардың арасына отырғызған шығар. Бұл туралы сол кезде президент аппаратының басшысы болған Фарид Ниязов та айтты. Ант беру рәсімін өткізу үшін 16 адамнан тұратын ұйымдастыру тобы құрылған. Оның тек үшеуі ғана Атамбаев аппаратының өкілі болған. Қалған адамдар Жээнбековтың сайлау штабынан жиналған, - деді ол.

FACTCHECK.KG САЙТЫНЫҢ ТАЛДАУЫ

Factcheck.kg сайтының редакциясы бұл фотосуретке Adobe Photoshop редакторының және графикалық редакторларды қолданбастан, суретке сапалы талдау жүргізуге мүмкіндік беретін алгоритмдері бар Forensically онлайн-сервисінің көмегімен сараптама жасаған.

Журналистер әдетте жалған фотоларда монтаж жасалғанын дәлелдейтін артефактілер, жалғанған тұстар, көлеңкелердің сәйкессіздігі, әртүрлі бұлыңғырлық деңгейі сияқты элементтер болатынын айтады. Суретті тексеруден өткізген соң редакция талдаудың негізгі әдістері суреттен монтаж элементтерін таппағаны туралы қорытынды жасады.

ЕСКІ ДОС, ҚҰПИЯ ЖОБАЛАР

Журналистік зерттеуде 55 жастағы Қытай тумасы Хабибула Әбдіқадыр басқаратын астыртын желі декларация толтырылмаған және дұрыс рәсімделмеген миллиондаған доллардың тауарын Қытайдан Қырғызстанға, одан әрі Орталық Азия мен Ресей нарығына жөнелтіп отырғаны айтылған.

Зерттеушілер жинаған деректерге қарағанда, 2000 жылдардың басынан бері Қытай, Қазақстан мен Өзбекстанда жұмыс істейтін бірнеше фирмамен Әбдіқадырдың байланысы болғанға ұқсайды. Журналистер Хабибулла Әбдіқадырға 2011 жылы Қазақстан паспорты берілгенін анықтаған. Ал 2012 жылы ол Біріккен Араб Әмірлігінен ықтияр хат алған.

Бұрын Хабибулла Әбдіқадырдың есімі белгісіз болып келген. 2018 жылы ол басқаратын компаниялардың бірі Қырғызстан билігімен Бішкекте "Ақылды қала" жобасын іске асыру туралы келісімге отырған. Кейін сынға қалған бұл жоба тоқтап қалған. Журналистер Әбдіқадырдың кәсібіне байланысты әлемнің бірнеше елінде "ізі қалған" құжаттарды тексеріп, өте көп компанияларды анықтаған соң жауабы жоқ сұрақ бұрынғыдан да көбейген.


Еділ Байсалов.

Қазір Қырғызстанның Ұлыбританиядағы елшісі қызметін атқаратын қоғам қайраткері Еділ Байсалов кезінде "Атамбаевтың 11 досы" деген зерттеу жариялаған. Онда Хабибула Әбдіқадырдың да есімі аталады:

"Сапар Исаковтың үкіметі ешкім танымайтын "АКА-Инвест" компаниясымен келісімге отырып, "Ақылды қала" жобасын тендерсіз берді. Бәрі бұл қандай компания деп бас қатырды. Тексеру барысында оның артында Дубай мен Мюнхенде тіркелген компаниялары бар ұйғырлар тұрғаны белгілі болды. Бұрын бұл компания "АКА-Минералз" деп аталған және Чаткал ауданында сурьмян минералын игерумен айналысқан "Терек-Сай жаштары" компаниясын құрған. Кейін компания атауы "Ака-Инвест" болып өзгерген. Бірақ ақыр соңында "Ақылды қала" жобасы бойынша келісімнің күші жойылды".

"АҚЫЛДЫ ҚАЛА" ЖОБАСЫ АҚША ЖЫМҚЫРУДЫҢ АМАЛЫ МА?

Жогорку Кеңеш депутаты Жанарбек Ақаев бұл жоба туралы деректер бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев пен Хабибула Әбдіқадырдың арасында тығыз байланыс болғанын дәлелдейді деп санайды.

Депутат 2017 жылы ешкім білмейтін "АКА-Инвест" компаниясының "Ақылды қала" жобасына қатысуға неліктен ынта танытқаны, ал биліктің оны не үшін қолдағаны енді белгілі болғанын айтады.

- Сапар Исаков премьер-министр болып тұрғанда "АКА-Инвест" компаниясымен келісімге отырды. Оған мұндай тапсырманы кім беруі мүмкін? Әрине, Атамбаев! Қандай бизнес мүддесін көздегенін енді түсінуге болады. Енді барлығы айқындала бастағанда, бәрін Жээнбековке жауып, ештеңе білген жоқпыз деп отыр. Мүмкін, осы жоба арқылы ақша жымқырғысы келген шығар. Әйтпесе бұл компания "Ақылды қала" жобасын алып қайтеді? - дейді депутат.

Германияда тіркелген "АКА-Петролиум" компаниясының иесі ретінде Хабибула Әбдіқадыр көрсетілген. Осы айдың басында Стамбулда қастандықпен өлтірілген кәсіпкер Айеркен Саймаити ажалынан екі апта бұрын журналистерге бірнеше жыл бойы Әбдіқадырға жұмыс істегені, Қырғызстаннан ақшаны шетке қалай шығарғаны туралы айтып берген еді.

azattyq.org
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста