Табиғи апаттар адамзатқа жыл сайын 200 миллиард доллар шығын келтіреді

Табиғи апаттар адамзатқа жыл сайын 200 миллиард доллар шығын келтіреді

Табиғи апаттар адамзатқа жыл сайын 200 миллиард доллардан астам экономикалық шығын келтіреді. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның жолдауында айтылды, - деп хабарлайды Дни.ру ресурсы. Ал апаттардан өлім-жітім деңгейі айтарлықтай азайған.

Он жыл бұрын Жапонияда әлем көшбасшылары табиғи апаттардың салдарын жою бойынша әрекеттер бағдарламасын құптады. Бұл жоспар - 2004 жылы Үнді мұхитында болған цунамиге қарсы шара. Индонезия мен Сомали аралығында болған апаттан 227 мың адам қаза тапты.

"2004 жылы осы күні, Үнді мұхитындағы цунамиден тура төрт аптадан кейін 168 елдің өкілдері (БҰҰ мүшелері) Жапонияның Коба қаласында жиналып, табиғи апаттармен байланысты қауіптерді басқару жөніндегі әрекеттердің ірі жоспарын қабылдады", - деді Пан Ги Мун. Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы сол уақыттан бастап апаттардың салдарын жеңілдету бойынша айтарлықтай шаралар жасалғанын атап өтті.

"Мыңдаған адам бүгінде апат ескертуінің жүйесі дамығандықтан тірі қалып отыр. Бұл жүйе - табиғатты болжау қызметінің жақсаруы, қауіп туралы ақпараттандыру жүйесінің қуатты бола түсуі және табиғи апаттарды зерттеу", - деді ол. БҰҰ өкілі табиғи апаттардың қауіпсіздігін азайту жөніндегі үшінші Дүниежүзілік конференцияның (наурызда жапонның Сендай қаласында өтеді) делегаттары табиғи апаттарға қарсы тұруға дайындықты жақсарту жолын табатынына үміт артты.

2005 жылы қаңтарда бұл бағдарламаның қабылданған сәтінен бастап 3400 табиғи апат болды: 750 мың адамның өмірін жалмаған жер сілкіністері, су тасқындары, дауылдар және апаттың басқа да түрлері. Осындай төтенше оқиғалардың шамамен 90 пайызы даму деңгейі төмен және орташа елдерде болады. 

Тengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста